Қырымшақ тілі
| Қырымшақ тілі | |
| Өз атауы: | Кърымчах тыльы |
|---|---|
| Елдер: | Ресей, Украина, Қырым республикасы |
| Аймақтар: | Қырым |
| Сөйлеушілер саны: | бірнеше кісі |
| Рейтинг: | жойылуға жақын |
| Классификация | |
| Санаты: | |
| Жазуы: | грек әліпбиі, кириллица |
| Тіл коды | |
| ISO 639-1: | — |
| ISO 639-2: | — |
| ISO 639-3: | uum |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Қырымшақ тілі (өз атауы: кърымчах тыльы) - Түркі тілдердің қыпшақ тілдері тармағының бір тілі. Қазіргі қырымшақ тілінің ауызша сөйлеуінде де, жазбасында да оғыз тілдерінің элементтері көп, сол себепті қырымшақ тілін аралас қыпшақ-оғыз тіліне жатқызуға болады.
Сөйлеушілер саны
| ]Қырымшақ тілін ана тілі деп санайтын қырымшақтар саны Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Қырым өлкесінде 6 000-дай болған. 1941—1944 жылғы неміс басқыншылығынан кейін қырымшақтардың саны күрт азайып, 1000 шақты адам тірі қалды: олар - соғысқа қатысып немесе көшіп кетіп аман қалғандар болды. Қазіргі таңда қырымшақ тілін ана тілі деп есептейтін егде жастағы 3 адам қалды, олардың бірі, Давид Реби, 2004 жылы қырымшақ тілін қысқаша сипаттап, қырымшақ - орыс сөздігін құрды. Соңғы қырымшақ тілінде сөйлеген әйел - Виктория Багинская (Гурджи) 2012 жылы Краснодарда қайтыс болған.
Жазуы
| ]1930 жылғы латын жазуын қолданған қырымшақ әліпбиі:
| A a | B ʙ | C c | Ç ç | D d | E e | F f | G g |
| H h | I i | J j | Ь ь | K k | Q q | Ƣ ƣ | L l |
| M m | N n | N̡ n̡ | O o | Ɵ ɵ | P p | R r | S s |
| Ş ş | T t | U u | Y y | V v | Z z | Ƶ ƶ |
1930-шы жылдардың соңынан бастап кирилл жазуына негізделген қырымшақ әліпбиі:
| А а | Б б | В в | Г г | Гъ гъ | Д д | Е е | З з |
| И и | Й й | К к | Къ къ | Л л | М м | Н н | Нъ нъ |
| О о | Ӧ ӧ | П п | Р р | С с | Т т | У у | Ӱ ӱ |
| Ф ф | Х х | Ч ч | Чъ чъ | Ш ш | Ы ы | Ь ь | Э э |
Түркі тілдерімен салыстыру
| ]| Қырымшақ тілінде | Түрікше | Қазақша |
| kılıç | kılıç | қылыш |
| arıslan | aslan | арыстан |
| yaka | yaka | жаға |
| yulduz | yıldız | жұлдыз |
| yaş | yaş | жас |
| yol | yol | жол |
| kalkan | kalkan | қалқан |
| yanhı | yeni | жаңа |
| yel | yel | жел |
| tülkü | tilki | түлкі |
| sıçan | sıçan | тышқан |
| imirtha | yumurta | жұмыртқа |
| taş | taş | тас |
| altın | altın | алтын |
| tengiz | deniz | теңіз |
| kumuş | gümüş | күміс |
| ögüz | öküz | өгіз |
| koy | koyun | қой |
| suv | su | су |
| at | at | ат |
| agaç | ağaç | ағаш |
| yeşil | yeşil | жасыл |
Виктория Багинская (Гурджи) жазған қырымшақ тіліндегі мақал:
- Кымы су тапмаз ичмее, кымы копур тапмаз кечмее
- Кім су таппаса - ишпейді, кім көпір таппаса - көшпейді
Әдебиет
| ]- Д.И.Реби. «Крымчакский язык. Крымчакско-русский словарь.» Симферополь, 2004
- Kaja I.S. Qrьmcaq ʙalalarь icyn ana tilinde alefʙet ve oqu kitaʙь. Qrьm, 1928.
Дереккөздер
| ]- Михаил Кизилов. Крымчаки: современное состояние общины
- Ребе Д. И.,Крымчакский язык. Крымчакско-русский словарь,Симферополь,изд.Доля,2004,224 бет,isbn=966-8584-26-0,тираж 1000
- http://www.ug.ru/archive/1248 «Учительская газета», № 34 19 тамыз 2003 ж. Виктория БАГИНСКАЯ Слышу голоса их днем и ночью я…
| ||||||||||||||||||||||||||||||
- Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер
- Түркі тілдері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қырымшақ тілі туралы ақпарат, Қырымшақ тілі дегеніміз не? Қырымшақ тілі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!