Ноғай тілі
Ноғай тілі (ноғайша ногай тили) — Ресей Федерациясының Дағыстан, Қарашай-Шеркес Республикалары және Ставрополь өлкесінде тұратын ноғайлардың тілі. Түркі тілдерінің Қыпшақ тобына жатады. Ноғай тілдерінде сөлейтіндер саны 2002 жылғы санақ бойынша 90000 адам. Үш диалектісі бар: ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Шеркес Республикасы), қараноғай (Дағыстан республикасы). Жазуы кириллицаға негізделген. Ноғай тіліне жақын тілдер қазақ тілі мен қарақалпақ тілі. ТМД елдерінде, атап айтқанда, Қазақстанда, Украинада (Қырым Автаномиялық Республикасы) бірнеше мың ноғай өмір сүреді. Ноғайлар ТМД мен РФ-дан өзге шетелдерге, мысалы Румынияда (Добруджа, 30 мың адамға жуық), Болгарияда (5 мыңға жуық), сондай-ақ Түркияда (2 млн-ға жуық) өмір сүреді. Сондай-ақ ноғайлар Польша, Литва және Еуропаның бірқатар елдерінде де аз емес. Түркия мен Румынияда XVII-XIX ғасырларда қоныс аударған ноғайлардың ұрпақтары өмір сүруде, олар, негізінен, қоршаған түркі тектес тұрғындардың, яғни түріктер мен румын татарларының этникалық ұқсастығын қабылдағанымен, өздерінің ноғайлық шығу тегін де ұмытпаған. Ноғайлардың ұрпақтары қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар, әсіресе башқұрттар мен қырым татарлары арасына сіңіп кеткен. 2010 жылғы санақ бойынша, Ресейдегі ноғай тілінде сөйлейтіндердің саны 88,3 мың адамды құрайды. 2014 жылы Түркияда бірінші Ноғайша роман шығарылған және ол латын әліпбиінде жазылған еді (Akşa Nenem).
Ноғай тілі | |
![]() Ноғай тілінің таралу аймағы | |
Өз атауы: | ногай тили (nogay tili) |
---|---|
Елдер: | Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Болгария, Румыния, Түркия |
Аймақтар: | Кавказ |
Ресми күйі: |
|
Сөйлеушілер саны: | 86 000 (2020) |
Классификация | |
Санаты: | |
Түркі тілдері
| |
Жазуы: | кирил, латын |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: | ног 505 |
ISO 639-1: | — |
ISO 639-2: | nog |
ISO 639-3: | nog |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Ноғай тілінің 3 диалектісі бар: ақ ноғай, ноғай және қара ноғай. Фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері қазақ және қарақалпақ тілдеріне өте жақын. Жазуы 1924-1928 жж. дейін араб, латын хатында болған. 1938 ж. бастап орыс графикасына көшірілген.
Әліпби
Ноғай әліпбиі 1928 жылына барған дек араб әліпбиі, соң латын әліпбиі, 1938 жылындан кейін кириллица болады. Бұл әліпби версиясы 1950 жылындан кейін табылады.
А а | Аь аь | Б б | В в | Г г | Д д | Е е | Ё ё | Ж ж | З з |
И и | Й й | К к | Л л | М м | Н н | Нъ нъ | О о | Оь оь | П п |
Р р | С с | Т т | У у | Уь уь | Ф ф | Х х | Ц ц | Ч ч | Ш ш |
Щ щ | ъ | Ы ы | ь | Э э | Ю ю | Я я |
Добрұжада ноғай тілі

Добрұжада (Болгария және Румыния) ноғайлар өздеріңе "Ноғай татары" және тіліне "Татарша, Ноғай татарша" деп атайды. Добрұжада Румыния Түрік-Мұсылман Татарларының Демократиялық Одағының ресми латын әліпбиі бар, оны Румыния татарлары (Ноғайлар және Қырым татарлары санаудың ішінде) пайдаланады. "Алфабе" атында кітабының ішінде көрсетілген әліпби:
A a | B b | C c | Ç ç | D d | E e | F f | ||
G g | Ğ ğ (Ǧ ǧ) | H h | I ı | İ i | Ĭ ĭ | J j | K k | L l |
M m | N n | Ñ ñ | O o | Ö ö | P p | Q q | R r | |
S s | Ş ş (Ș ș) | T t | U u | Ü ü | V v | W w | Y y | Z z |
Румыния татарлардың әліпбиі | Қазақша |
---|---|
A a | А а |
B b | Б б |
C c | Ж ж |
Ç ç | Ч ч |
D d | Д д |
E e | Е е (Э э) |
F f | Ф ф |
G g | Г Г |
Ğ ğ (Ǧ ǧ) | Ғ ғ |
H h | Х х (Һ һ) |
I ı | Ы ы |
İ i | И и |
Ĭ ĭ | І і |
J j | Ж ж (орысша) |
K k | К к |
L l | Л л |
M m | М м |
N n | Н н |
Ñ ñ | Ң ң |
O o | О о |
Ö ö | Ө ө |
P p | П п |
Q q | Қ қ |
R r | Р р |
S s | С с |
Ş ş (Ș ș) | Ш ш |
T t | Т т |
U u | Ұ ұ |
Ü ü | Ү ү |
V v | В в |
W w | У у |
Y y | Й й |
Z z | З з |
Дереккөздер
- https://www.ethnologue.com/language/nog/
- İlk Nogayca roman kitabı yayınlandı… – türkevi araştırmalar merkezi.
- Салқынбай А. Б. Лингвистикалық түсіндірме сөздік - Алматы: сөздік-словарь, 1988. - 301 б.
- ALFABE — Constanta: Editura Imperium, 2015. — P. 78 (here is a foto of the page: [1]). — ISBN 978-606-93788-8-5.
Сыртқы сілтемелер
- The Nogay Tatar of Romania
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ноғай тілі туралы ақпарат, Ноғай тілі дегеніміз не? Ноғай тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!