Ұйғыр тілі
Ұйғыр тілі (ئۇيغۇر تىلى, Уйғур тили, Uyghur tili / ئۇيغۇرچە, Уйғурчә, Uyghurche) басым көпшілігі ҚХР-ның Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында (саны 6280 мың), аз бөлігі Қазақстан мен Орта Азияда түратын ұйғыр халқының ұлттық, әдеби тілі. ТМД елдеріндегі ұйғырлар саны — 262 199 адам (1989). Ұйғырлар — шығыс мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан халық. Ұйғыр тілі солтүстік-батыс (орталық), оңтүстік (хотан), шығыс (лобнор) диапектілеріне, ол кеңестік ұйғырлар тілі орталық диалектіге енетін Жетісу және Ферғана говорларына бөлінеді. Шығыс Түркістан ұйғырлары араб әліпбиін, ТМД елдері ұйғырлары орыс әліпбиін пайдаланады. Лобнор тілі — Шығыс Түркістанның Қашқар жазығындағы Лобнор көлінің батыс жағын мекендейтін түркі ұлысының ұйғыр тіліне жақын сөйлеу тілі. Лобнорлар екі мыңдай ғана адам.
Ұйғыр тілі | |
![]() Парсы-Араб жазуындағы "ұйғыр" сөзі | |
Өз атауы: | ئۇيغۇر تىلى، ئۇيغۇرچە |
---|---|
Елдер: |
|
Аймақтар: | |
Ресми күйі: | Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, ҚХР |
Сөйлеушілер саны: | 13,6 млн |
Рейтинг: | 94 |
Классификация | |
Санаты: | |
Жазуы: | араб, кирил, латын |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: | уйг 715 |
ISO 639-1: | ug |
ISO 639-2: | uig |
ISO 639-3: | uig |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Дереккөздер
- https://www.ethnologue.com/insights/ethnologue200/
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ұйғыр тілі туралы ақпарат, Ұйғыр тілі дегеніміз не? Ұйғыр тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!