Қыпшақ тілдері
Қыпшақ тілдері — түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері ) деп атайды. Қыпшақ тілдері орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан.
Қыпшақ тілдері тобы | ||
---|---|---|
Жоғрапиялық таралуы: | ||
Жаралу бойынша тектестіруі: | Алтай тілдері (controversial) Түркі тілдері Қыпшақ тілдері тобы | |
Бөлікшелері: | Армян-қыпшақ† Параба Қырымтатар тілі Құман† Қарайым Қарақалпақ Қыпшақ† Қырымшақ Құмық Ежелгі татар† Татар | |
![]() |

Бөлікшелері
Географиясына және тілдің құрамына қарай қыпшақ тілдері келесі тармақтарға бөлінеді :
- Батыс қыпшақ тілдері - құман, яғни қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық тілі, қырымтатар тілі, армян-қыпшақ тілі, ұрым тілі;
- Қыпшақ-бұлғар тілдері - башқұрт тілі, татар тілі;
- Қыпшақ-ноғай тілдері - добруджа татар тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, ноғай тілі.
- Қырғыз-қыпшақ тілдері - алтай тілі, қырғыз тілі.
Ерекшеліктер
Қыпшақ тілдері тобына басқа түркі тілдерінен айырмашылығы:
- дауыстылар саны 8 — 9 болады, ы, і, у, ү ерекше дыбыстары қолданылады;
- ерін үндестігі сирек кездеседі (құлұн — құлын);
- созылыңқы дауыстылары жоқ; в) ғ, г дыбыстары мүлдем айтылмайды не у, й дыбыстарымен алмасады. (тағ>тау);
- сөз басында ұяң б, қатаң т, к, қ дыбыстары болады (болат, тіл — полат, діл);
- б дыбысының орнына м қолданылады (бен — мен);
- сөз басында й ~ ж ~ ж (дж) дыбыстары тұрақсыз келеді (йол — жол (джол);
- кейбір қатаң дыбыстар ұяң айтылады: п>б, қ>ғ, к>г дауыстылар арасында спирант дыбыстарға айналады: п>у; б>у; қ>ғ; к>г.
Көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі (Қыпшақ жазба ескерткіштері)
Көне қыпшақ тілі Қимақтар мемлекеті тұсында туындап (9 — 11 ғасырлар), қазіргі тілдердің негізі болған. Моңғолдар үстемдігі тұсында ол тілде сөйлейтін ру-тайпалар ыдырады, Алтын Орда кезінде (13 — 15 ғасырлар) әдеби, ресми тіл ретінде қолданылып, кейін тұтастығынан тағы да айрылды. Сөйтіп, қазіргі Қыпшақ Тілі Тармағы пайда болды. Қыпшақ тілі Осман түріктері тілінің диалектілеріне айналған.
Дереккөздер
- Gordon, Raymond G., Jr. (ed.) Ethnologue: Languages of the World, Fifteenth edition. Language Family Trees - Altaic (HTML) (2005). Тексерілді, 18 наурыз 2007.
- Nordhoff, Sebastian; Hammarström, Harald; Forkel, Robert; Haspelmath, Martin, eds. (2013). "Kipchak". Glottolog 2.2. Leipzig: Max Planck Institute for Evolutionary Anthropology.
- [1]
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қыпшақ тілдері туралы ақпарат, Қыпшақ тілдері дегеніміз не? Қыпшақ тілдері нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!