Долған тілі
Долған тілі (долғанша долган тыла, һака тыла) — долғандардың тілі. Түркі тілдеріне жатады. Ресейдің Красноярск өлкесінің таймыр ауданында таралған. Долған тілінде 5000 (2002 ж. санақ) адам сөйлейді. Саха тіліне жақын. Жазуы кириллицаға негізделген. Долгандар эвенк сөздерін арапастырып, саха тілінің жеке бір диалектісінде сөйлейді.
Долған тілі | |
![]() Долған тілінің таралуы (жасыл) | |
Өз атауы: | долган, һака |
---|---|
Елдер: |
|
Аймақтар: | Красноярск өлкесі (Таймыр ауданы), Саха Республикасы (Анабыр ұлысы) |
Сөйлеушілер саны: | 4836 (2020) |
Классификация | |
Санаты: | |
| |
Жазуы: | кирил |
Тіл коды | |
ISO 639-1: | — |
ISO 639-2: | — |
ISO 639-3: | dlg |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Географиялық таралуы
Долған тілі негізінен Таймыр автономды округының шығыс және орталық бөлігінде, атап айтқанда Хатангск және Дудинск аудандарында таралған. Сонымен қатар, Саха Республикасының Анабарск ұлысында тұратын долғандар арасында да қолданылады.
Жазу жүйесі
Долған тілі кириллицаға негізделген жазу жүйесін қолданады. Жазу жүйесі мен орфографиясы бойынша В.М. Наделяеваның "Графика и орфография долганского языка" атты еңбегі кең танымал.
Зерттелуі
Долған тілі аз зерттелген тілдердің бірі болып табылады. Бұл тілді зерттеген ғалымдардың қатарында Е.И. Убрятова, В.М. Наделяева, Н.П. Бельтюкова, Т.М. Кошеверова және З.П. Демьяненко бар.
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- https://rosstat.gov.ru/storage/mediabank/Tom5_tab4_VPN-2020.xlsx
- Долгандар - Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер. (б.ж.). https://tyurkikz.weebly.com/104410861083107510721085107610721088.html
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Долған тілі туралы ақпарат, Долған тілі дегеніміз не? Долған тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!