Құмық тілі
Құмық тілі (өз атауы — къумукъ тил / qumuq til/ قموق تيل) - түркі тілдері жанұясының қыпшақ тобына жататын тіл. Құмық тілі негізінен Дағыстанда таралған. Құмық тілінде сөйлейтіндер саны 400-500 мың адам.
Құмық тілі | |
Өз атауы: | къумукъ тил |
---|---|
Елдер: |
|
Аймақтар: | Дағыстан, Шешенстан, Солтүстік Осетия |
Ресми күйі: |
|
Сөйлеушілер саны: | 426 212 |
Күйі: | осал |
Классификация | |
Санаты: | Еуразия тілдері |
| |
Жазуы: | кириллица, латын, арабша |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: | кум 349 |
ISO 639-1: | — |
ISO 639-2: | kum |
ISO 639-3: | kum |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Құмық тілі Дағыстанның алты "әдеби тілдерінің" бірі. Орыс басқыншылығына дейін жалпы солтүстік Кавказда халық-аралық сөйлесу (франк тілі) тілі болған. Жазуы кириллицаға негізделген. Құмық тілі түркі тілдері қыпшақ бұтағының батыс (құман) тобына жатады. Ол қарашай, балқар, ноғай, қарайым, қырым татарлары тілдеріне жақын. Құмық жазба ескерткіштері 16 ғасырдан белгілі. 17 ғасырдан бастап Солтүстік Кавказдағы орыс әкімшілігімен қатынаста ресми тіл қызметін атқарған. Құмықтар ертеден араб жазуын пайдаланып келді. 1928 ж. латын, 1938 ж. кирилл әліпбиіне көшірілген. Онда 38 және гъ (ғ), къ (қ), нъ (ң), оъ (ө), уь (ү), ж(дж) тәрізді 6 қосымша әріп бар. Грамматикасында оғыз тілдерінің, Кавказ халықтары тілдерінің әсері байқалады. Сөздік құрамында орыс тілінен енген сөздер мол кездеседі. Құмық тілі қайтағ, тер, бұйнақ, хасавюрт деп аталатын диалектілерге бөлінеді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- https://dergipark.org.tr/tr/download/article-file/136205
- Ноғай және құмық мәтіндері, 1883, М.-Э. Османов, СпБ
- Кавказ сөйленісінің татар грамматикасы / Сост. Т. Макаровым. - Тифлис : тип. Канцелярии наместника кавк., 1848
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құмық тілі туралы ақпарат, Құмық тілі дегеніміз не? Құмық тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!