Кенже Иманғазиев
Кенже Иманғазиев (1908, Батыс Қазақстан облысы қазіргі Ақжайық ауданы – 1970, Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1954), Қазақстан ғылым академиясының корресподенттік мүшесі (1962).
Өмірбаяны
| ]- Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1935).
- Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1935–53)
- Қазақстан ғылым академиясының Топырақтану ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1957–70) болып жұмыс істеген.
Ғылыми еңбектері
| ]Оның негізгі ғылыми еңбектері агрохимия мәселелеріне арналған. Иманғазиев Кенже жергілікті тыңайтқыштарды жинап сақтау, оларды жылыжайда көкөніс, дәнді дақыл өсіру үшін пайдалану мәселелерін зерттеді; қызылша, күріш, көкөніс ауыспалы егістіктерін тыңайту жүйесін жасап, Қазақстан топырағын агрохимиялық тұрғыдан сипаттады, топырақтың агрохим. картограммаларын ұсынды.
Марапаттары
| ]«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
| ]- Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 1908 жылы туғандар
- Ақжайық ауданында туғандар
- 1970 жылы қайтыс болғандар
- Қарасай ауданында қайтыс болғандар
- Қазақстан агрономдары
- Қазақстан ғалымдары
- Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кенже Иманғазиев туралы ақпарат, Кенже Иманғазиев дегеніміз не? Кенже Иманғазиев нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!