Азов теңізі
Азов теңізі, Азыу теңізі (ежелгі Сурож теңізі) — Қырым түбегінің шығысына орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара теңізбен байланысады. Азов теңізі — дүние жүзі мұхит теңіздерінің ішіндегі ең шағыны әрі таязы. Ауданы — 39 мың км2. Орташа тереңдігі — 8 метр, ең терең жері — 15 метр. Айдыны 320 мың км3. Жағасы аз тілімделген. Ірі шығанақтары: Таганрог, Сиваш. Дон және Қобан өзендері теңізге жылына көлемінің 1/5-не жуық тұщы су құяды. Сондықтан тұздылығы төмен. Азов теңізінің беткі қабатындағы судың температурасы жағалауға жақын бөлігінде 30o-31oС-қа дейін, орта тұсында 25o-26oС-қа көтеріледі. Қыста теңіз 2-3 ай қатып жатады. Таяз болғандықтан суы жақсы араласады, температура мен тұздылығы беткі қабатынан түбіне дейін біркелкі, оттегі мол. Судың барлық қабаты тіршілікке бай. Азов теңізінде балықтың 80-ге тарта түрі бар. Одан тюлька, көксерке, хамса, табан көп ауланады. Теңіздің транспорттық маңызы бар. Азов теңізі Еділ-Дон каналы арқылы Каспий, Балтық және Ақ теңіздерімен жалғасады. Басты порттары: Мариуполь, Таганрог, Ейск, Бердянск.
Азов теңізі укр. Азовське море, қырымтат. Azaq deñizi, орыс. Азовское море | |
![]() | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 39 000 км² |
Көлемі | 256 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 1472 км |
Тереңдігі | 13,5 м |
Орташа тереңдігі | 7,5 м |
Суды жинау ауданы | 586 000 км² |
Орналасуы | |
46°05′06″ с. е. 36°31′44″ ш. б. / 46.085° с. е. 36.529° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°05′06″ с. е. 36°31′44″ ш. б. / 46.085° с. е. 36.529° ш. б. (G) (O) (Я) | |
![]() |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Азов теңізі туралы ақпарат, Азов теңізі дегеніміз не? Азов теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!