Лабақ күмбезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лабақ кесенесі
image
Жалпы мәлімет
Статусы

Мемлекет қорғауында

Орналасуы

Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы

Құрылысы аяқталды

1874 ж.

Биіктігі

6,45 м

Техникалық сипаттамасы
Басқа да өлшемдері

7,25x8,25 м

Лабақ күмбезі – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

 | ]

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Малшыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Авторы, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. 1975 жылы жазда ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы зерттеген (М. Маманбаев, М. Нұрқабаев, М. Сембин).

Сипаты

 | ]

1874 жылы шикі кірпіштен қаланған, іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталып өрілген. Ескерткіштің ауданы 7,25x8,25 м, биіктігі 6,45 м. Кіре беріс есігі оңтүстік-батысында. Төрт бұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге ұласу бұрыш қуыстары арқылы жүзеген асқан. Қабырғаларының дәл ортасында да осы секілді қуыстар жасалған. Лабақ күмбезінің көлемі, интерьердің 8 қуысы, сондай-ақ, кіре беріс ойықтағы қуыс төмен қарай сәл кеңи түскен. Күмбездің бұрыштары шығыңқы етіп екі қатар кірпіштен қаланған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Лабақ күмбезі туралы ақпарат, Лабақ күмбезі дегеніміз не? Лабақ күмбезі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *