Аяққамыр күмбезі
| Аяққамыр күмбезі | |
| |
| Жалпы мәлімет | |
|---|---|
| Статусы | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
| Сәулет стилі | қала құрылысы және сәулет |
| Орналасуы | Ұлытау облысы, Жезді кентінің солтүстік-батысы |
| Биіктігі | 1 м (тас іргесі) |
| Техникалық сипаттамасы | |
| Басқа да өлшемдері | 8,10 м х 9,84 м (күмбез шаршысы) |
| Картада орналасуы | |
| | |
Координаттар: 48°06′49″ с. е. 66°59′22″ ш. б. / 48.11361° с. е. 66.98944° ш. б. (G) (O) (Я)

Аяққамыр күмбезі – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген 12 ғасырдың соңындағы сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
| ]Ұлытау облысы Жезді кентінен солтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан. Орталық Қазақстанның көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Биіктігі 1 м тас іргетастың үстіне 8,10 м х 9,84 м көлемде тік бұрышты жобамен порталды-күмбезді пішінде салынған. Алдыңғы беті П әрпі сияқты жиектеліп, монумент портал түрінде әшекейленген. Кіретін қуыс түзу аркамен жабылған. Күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланып, жарты оюлармен әшекейленген тақталармен қапталған. Шаршы негізден бұрыштарын кеміте қалау арқылы күмбез шығарылған. Архитектура құрылымы мен безендірілуі 9 — 11 ғ-лардағы осындай құрылыстарға тән.
Аяққамыр мазары шамамен 14-ғасырдағы Құтлық Темір мазары деп аталған деген болжам бар. Аяққамыр мазары Жезді өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Аяқамыр мазары жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде атап кеткен болатын. Мазар портальды күмбезді күрделі құрылыстар қатарына жатады.
Кесенені алғаш рет 1946 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының Орталық Қазақстан археология экспедициясы зерттеді. /Ә.Х.Марғұлан/ 1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу мен фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Тікбұрышты құрылыс жоспары үш көлемнен тұрады: ғимараттың текшесі, порталы және күмбезі. Құрылысқа 27х27х6см өлшеміндегі кірпіштер пайдаланылды. Сақталған портал бөлігінің биіктігі - 6,75м. Ішкі периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 5,75х5,75. Сыртқы периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 8,0х10,0. Архитектуралық және конструкциялық шешім, құрылыс жұмыстарының сапасы ескерткішті ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы тамаша ғимараттардың қатарына жатқызады.
Дереккөздер
| ]- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Библиография
| ]- Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне реки Сарысу. Вестник АН КазССР, 1947,№7.
- Г.Г.Герасимов,Памятник архитектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане. Алма-Ата,1957.
- М.К.Сембин. Мавзолей Аяк-Камыр /историческая справка/, 1977. Архив НИПМ.
Сілтемелер
| ]- Аяққамыр кесенесі(қолжетпейтін сілтеме) — Archaeology.kz сайтында
- Аяққамыр кесенесі YouTube сайтында
| ||||||||||
- Алфавит бойынша ғимараттар
- Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Ұлытау облысы сәулеті
- Қазақстан кесенелері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Аяққамыр күмбезі туралы ақпарат, Аяққамыр күмбезі дегеніміз не? Аяққамыр күмбезі нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!