Жаңақала уезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жаңақала уезі
Әкімшілігі
Ел

image КСРО

Кіреді

Бөкей губерниясы

Әкімшілік орталығы

Новая Казанка

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1922

Таратылған уақыты

1925

Жаңақала уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Орталығы Новая Казанка ауылында болған Жаңақала уезі 1922 жылы 6 мамырда жойылған Қамыс-Самар және Нарын уездерінің аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 13 көшпелі болыстар болды:

  • Баржаптер
  • Бекетай
  • Бөрілі
  • Жарқын
  • Қоға
  • Көкшоқы
  • Қошқар
  • Самар
  • Сарыкөл
  • Сарыөзен
  • Толыбай
  • Ұялы
  • Шенді

1923 жылы 6 сәуірде болыстар саны 7-ге дейін қысқартылды:

  • Ахмет. Орталығы — Бораншағыл мекені
  • Бекетай. Орталығы — Қамысдала мекені
  • Қамыс-Самар. Орталығы — Боланай мекені
  • Меңдіхан. Орталығы — Ащысай мекені
  • Нарын. Орталығы — Толыбай аяғы мекені
  • Тұрдыкөл. Орталығы — Қожабексары
  • Шолан. Орталығы — Мәмбет мекені. Теңіз уезінен алынған.

1924 жылы 13 наурызда Глиненск (орталығы — Глиненский ауылы) мен Кармановск (орталығы — Кармановский ауылы) болыстары Орал губерниясының Жымпиты уезінен Жаңақала уезіне ауыстырылды. Көп ұзамай Кармановск болысы Глиненскіге қосылып, орталығы Красный ауылына көшірілді.

1925 жылы 18 мамырда Жаңақала уезі таратылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті.

Сілтеме

 | ]
  • Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жаңақала уезі туралы ақпарат, Жаңақала уезі дегеніміз не? Жаңақала уезі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *