Тектұрмас күмбезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тектұрмас күмбезі
image
Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Түрі

киелі нысан

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Орналасуы

Жамбыл облысы

Мекен жайы

Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шеті

Жөнделген уақыты

2002 жылы

Биіктігі
Төбесі

күмбезді

Картада орналасуы
image
Тектұрмас күмбезі (Қазақстан)
image
Тектұрмас күмбезі

Координаттар: 42°52′48″ с. е. 71°25′07″ ш. б. / 42.88000° с. е. 71.41861° ш. б. / 42.88000; 71.41861 (G) (O) (Я)

Тектұрмас күмбезі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шеті, Талас өзенінің оң жағалауы, Тектұрмас тауының шыңында орналасқан.

Күмбез сипаты

Мазар (күмбез) 14 ғасырдың басында көне қаланың орнында салынған. Тектұрмас күмбезі түгелдей қираған, тек 19 ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосурет бойынша ғана белгілі. Күмбезді мазар Сұлтан Махмұт ханның бейітіне орнатылған, астыңғы жағы төртбұрышты, жоғары жағы күмбезді, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Есігі батысқа – Тараз шаһарына қаратылып, құрылыстың бұрыштарына қабыстыра сәнді бағаналар қойылғаны, қабырғалары сылақпен сыланғаны байқалады.
Тектұрмас күмбезінде 19 ғасырдың 2-жартысында В.А. Каллаур, ал 1939-1940 жылы Г.И. Пацевич зерттеу жұмыстарын жүргізген.
1986 жылы мазар маңы қоршалып, тиісті атауы жазылған ескерткіш тақта қойылды, ал 2002 жылы кәсіпкер А. Момышев жеке қаржысымен Тектұрмас күмбезін қайта жаңғыртып тұрғызды.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тектұрмас күмбезі туралы ақпарат, Тектұрмас күмбезі дегеніміз не? Тектұрмас күмбезі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *