Мақат сағанасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мақат сағанасы – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

 | ]

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қорғасын ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта, Қараторғай өзені жағасында.

Сипаты

 | ]

Мақат Саржанұлына арнап тұрғызылған (1923). Сыртқы ауданы 5,5х5,6 м, жалпы биіктігі 6 м. Құрылысына көлемі 26х12х7 см болып келетін кірпіштер пайдаланылған. Сыртқы бұрыштары мен қабырға жиектері кірпішті жартылай доғал қалау арқылы шығыңқы бағанамен өрілген. Конус тәріздес күмбезі дөңгелек негіздің үстіне орнатылған. Бас қасбеті “П” пішіндес белдеумен сәнделіп, ортасынан доғалы кіреберіс есік шығарылған. 3 қабырғасы кілем оюына ұқсас, “S” тәрізді өрнекпен әсемделген. Негізгі қасбеттің ішкі қабырғасына саты орнатылған. Дәліз арқылы сатымен 1 м тереңдіктегі қабірге түсуге болады. Оның есігі шымылдықпен жабылады. Әйел мен ер адамға арналған 2 қабірдің (өлшемі 1,5х2,2 м) бұрыштарында шаршы пішінді (өлшемі 0,6х0,6 м) саңылау қалдырылған. Есік алдындағы сағанада 3 құлпытас бар.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мақат сағанасы туралы ақпарат, Мақат сағанасы дегеніміз не? Мақат сағанасы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *