Қостөбе қалашығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қостөбе
image
Мәртебесі

Әлемдік мұра (ЮНЕСКО),
Республикалық маңызы бар ескерткіш

Мемлекет

Соғдылар

Қазіргі жері

image Қазақстан, Жамбыл облысы

Қалануы

VI ғасыр

Басқаша атаулары

Жамұқат, Хамукат

Қиралды

XII ғасыр

Орналасуы

42°59′22″ с. е. 71°31′24″ ш. б. / 42.98944° с. е. 71.52333° ш. б. / 42.98944; 71.52333 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°59′22″ с. е. 71°31′24″ ш. б. / 42.98944° с. е. 71.52333° ш. б. / 42.98944; 71.52333 (G) (O) (Я) (T)

image
Қостөбе (Қазақстан)
image
Қостөбе
image Басқа мағыналар үшін Қостөбе деген бетті қараңыз.
image
image
Қостөбе қаласының қабырғалары

Қостөбе – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген VI-XII ғасырлардағы көне қала орны.

Орналасқан жері

 | ]

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Зерттеулер, тарихи деректер

 | ]

Алғаш А.Н. Бернштам 1938 жылы зерттеген. 1985-87 жылдары К.М. Байпақов бастаған Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тараз археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді.
X ғасырдағы тарихшы Нершахидің мәлімдеуінше Жамұқат қаласының негізін VI ғасырда Бұхарадан шыққан тұрғындар тұрғызып, оған бұхаралықтардың билеушісі Жамұқтың есімі берілген. Араб географы әл-Макдиси Исфиджаб аймағының қалалары қатарында Жамұқат қаласын да атап өткен. Бұл "Үлкен (қала). Төңірегі түгел қабырғалар. Онда алқалы мешіт бар, базарлар рабадта".
Зерттеушілер анықтағандай, Жамұқат Талас өңіріндегі ірі қалалардың бірі Қостөбемен баламаланады.

Қалашық сипаты

 | ]

Қостөбе қаласынының орталық бөлігі дөңес болып келген. Көлемі 420×450 м. Кезінде қала биік қабырғамен айнала қоршалып тұрған. Сақталып қалған қабырғалардың биіктігі 3 м-ге жетеді. Қабырғалардың бұрыштарындағы мұнаралар биіктігі 16-18 м болған. Қаланың төрт қақпасы болған. Қазіргі кезде қақпалардың қабырғалардан ажырап қалған бөліктері ғана сақталып қалған. Қазба жұмыстарының жүргізілуі барысында Қостөбедегі сарайдың орны анықталды. Сарайдың қабырғалары шикі кірпіштен қаланған, тек бір қабырғасы ғана пахсадан тұрғызылған. Сарай 20-дан астам бөлмелерден тұрады. Оның орталық залының көлемі 9,5×8,2 м, салтанатты бөлмесінің көлемі 8×14 м, бөлмелердің біразында ошақтардың орны сақталып қалған. Қазба жұмыстары кезінде керамикадан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған бұйымдар табылды. Сондай-ақ, табылған бұйымдардың ішінде сырғалар, белдіктің тоғалары да бар. Белдік тоғаларына тауысқұсының және қораздың суреттері ойылып безендірілген.

Цитаделінің аумағы 150x150 м. Қала іргесінде үлкен зираттар бар. Айнала радиусы 5 қм жерде түрлі кішігірім бекіністер көптеп орналасқан. Қала орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 8 - 9 ғасыр кезіндегі отқа табынушылар ғибадатханасының орны табылды. Ғимараттардың көпшілігі безендірілген панелдермен көмкерілген. Олардың ою-өрнектері Варахша, Афрасиаб қалаларға ұқсас болып келеді. Мұның өзі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Талас өңірі қалалары Орта Азиямен тығыз мәдени байланыста болғанын айқындай түседі.

Мәртебесі

 | ]

2014 жылы Қостөбе қалашығы «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды.

2017 жылы Қостөбе республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
  2. Әдеб.: Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я., Раннесредневековая архитектура Семиречья и Южного Казахстана на Великом Шелковом пути, А., 2001. К. Байпақов
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  4. Жамбыл облысының 5 тарихи ескерткіші ЮНЕСКО тізіміне қосылды
  5. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қостөбе қалашығы туралы ақпарат, Қостөбе қалашығы дегеніміз не? Қостөбе қалашығы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *