Қылмыстық жауапкершілік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қылмыстық жауапкершілік — құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот жарыссөзінен тұрады. Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі қарастырады. Аталған Кодекс 2014 жылы 4 шілдеде қабылданған.

Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсы қылмысқа жатады.

Қылмыстық жауапкершілік ерекшеліктері

 | ]
  1. Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлға өз әрекетіне жауап беруге міндетті. Ал мемлекеттің жауапкершілік белгілеуге құқығы бар
  2. Айыпты тұлға өзінің бостандығы мен конституциялық құқығының сақталуын талап етуге құқылы. Ал мемлекет күш көрсетпей немесе адамгершілік қасиетіне нұқсан келтірмей құқықбұзушымен заң бойынша сөйлесуге міндетті
  3. Қылмыс жасау айыпты мен мемлекет арасында арнайы құқықтық қатынастардың туындауына алып келетін заңды факті болып табылады
  4. Қылмыстық жауапкершілікке тарту бірнеше сатыдан тұрады:
    • сотқа дейінгі тергеу
    • қылмыстық істі прокуратураның және соттың қарауы
  5. Қылмыстық жауапкершілік қылмысқа дайындалғаны, оны жасауға оқталғаны, бірге жасағаны үшін де туындайды
  6. Қылмыстық жауапкершілік жария сипатта болады. Мемлекет қылмыстық жауапкершілікке тартуға және оны қолдануға өкілеттігі бар бір ғана субъект болып табылады. Қылмыстық жазаны сот белгілейді
  7. Қылмыстық жауапкершілік жеке сипатта болады. Бұл сыбайластық немесе ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша оны қолдану мүмкін еместігін білдіреді

Дереккөздер

 | ]
  1. Құқық негіздері. 2019. 9-сынып. Мектеп баспасы
  2. Қазақстан энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат, Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз не? Қылмыстық жауапкершілік нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *