Фабриций қалтасы
Фабриций қалтасы (лат. Bursa fabricii) — құстардың тік ішегінің соңында болатын тұйық өскін. Фабриций қалтасы құс балапандарында жақсы дамыған. Оны алғаш рет италия ғалымы Дж.Фабриций (1533 — 1619) сипаттап жазғандықтан, соның атымен аталған. Көптеген құстардың балапандарында жыныстық жетілу кезеңіне дейін фабриций қалтасы айқын байқалады әрі жақсы дамиды, ал ересек құстарда ол бірте-бірте жойылады. Фабриций қалтасы құстарда, негізінен иммунды жүйенің орталығы мүшесі болып саналады. Сондықтан кейде оны клоакалық тимус деп те атайды. Оның қабырғасы қалың және онда лимфоцит, лейкоцит жасушалары, антиденелер түзіледі. Фабриций қалтасында көпіршік тәрізді лимфоидты фолликулалар болады. Фабриций қалтасы құстарда ішкі секреция бездерінің міндетін атқарады. Фабриций қалтасын алып тастаған құстарда иммундық қасиет төмендейді. Сонымен қатар фабриций қалтасы құстардың қораздарында аталық бездердің қалыпты дамуына да әсер етеді.
Фабриций қалтасы — қан иммунитетінің дамуына жауапты алғашқы лимфоидты ағза. Ол тек құстарда ғана болады.
Дереккөздер
| ]- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Жануарлар анатомиясы
- Иммунология
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Фабриций қалтасы туралы ақпарат, Фабриций қалтасы дегеніміз не? Фабриций қалтасы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!