Наурызым қорығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
image
ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват)
Жалпы мағлұмат
Ауданы191 381 га
Құрылған уақыты30 маусым 1931 жылы
Басқаратын ұйымҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Сайтыhttps://naurzum.kz/
Орналасуы
51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б. / 51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. / 51.48333; 64.30000 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б. / 51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. / 51.48333; 64.30000 (G) (O) (Я) (T)
Елimage Қазақстан
АймақҚостанай облысы
АудандарНауырзым ауданы, Әулиекөл ауданы
image
image
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
image
image
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
image Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Ортаққорда

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.

1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

Дереккөздер

 | ]



wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Наурызым қорығы туралы ақпарат, Наурызым қорығы дегеніміз не? Наурызым қорығы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *