Берікқара қорымы
Берікқара қорымы – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
| ]Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қарабастау ауылынан оңтүстікке қарай 3 км жерде, Билікөлдің оңтүстік жағалауы мен Қаратаудың солтүстік баурайы аралығында орналасқан.
Зерттелуі
| ]Қорымды XIX ғасы аяғында әйгілі саяхатшы, әрі ғалым В. Ошанин ашқан. Археологиялық зерттеулерді археологтар А.Н. Бернштам, А.Г. Максимова және т.б. жүргізген.
Қорым сипаты
| ]Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені.
Обалардың басым бөлігі Берікқара сайына жақын маңда орналасқан. Мұнда үстіне тас үйілген обалар анықталып, тіркелген. Олардың диаметрі 1,5 м-ден 35-40 м-ге дейін, биіктігі 0,1 м-ден 6-7 м-ге дейін болып келеді. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Барлық тіркелген обалардың саны 500-ден асады. Үлкен көлемді обалар осы тізбектің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Кейбір обалардың айналасына тас шеңберлер мен орақ секілді қаландылар орналастырылған. Бірқатар үйінділердің үсті ақ түсті кварц тастармен жабылған.
Табылған заттар және ерекшеліктері
| ]Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттар: керамикалық ыдыстар, алтын, қола және мыс сырғалар, салпыншақтар, арыстанның басы бейнеленген қола тоға, темір пышақтар, жегу әбзелінің сақиналары, қорамсаға арналған ілгек, екі және үш қырлы жебенің ұштары, семсердің сабы.
Артефактілердің ішінен б. з. д. IV-III ғасырларға жататын белге тағатын қола тоға ерекше қызығушылық тудырады. Онда жұлқылаудың (азаптаудың) символикалық көрінісі берілген: арыстанның аузынан арғымақтың басы мен мойыны шығып тұрған ілгектің тілі. Мысық тұқымдас жыртқыш, аузына шөпқоректі жануарды тістеген арыстан сақ-скифтердің аң стилі нақыштарының сюжеттерінен белгілі. Мұндай нақыш Жетісу, Шығыс, Батыс және Орталық Қазақстанның сақ-скиф ескерткіштерінде кең тараған. Аң стилінің көптеген нұсқалары Алтайдағы пазырық мәдениетінің обаларын, Берел қорымының жерлеулерін қазған кезде көп кездескен.
Обалар топтары, жерлеу құрылыстары тәсілі
| ]Қорымда қоғамның әлеуметтік теңсіздігін білдіретін обалар көлемі бойынша үш топқа бөлінеді:
- Үлкен обалар, диаметрі – 25-41 м; биіктігі – 2,50-3,20 м.
- Орташа обалар, диаметрі – 12-24 м; биіктігі – 0,40-1,50 м;
- Кіші обалар, диаметрі 4-5 м-ден бастап 9-12 м-ге дейін; биіктігі 0,10-0,25 м.
Әрбір обаның құрылысы алдын ала ойластырылған. Үйінділердің көп қабатты болып келуі обаның ішіндегі микроклиматты қалыптастыруға, оның құрылымын концервациялауға және сол обаның пішінін сақтау арқылы бабалардың киелі мұрасын қорғауға мүмкіндік туғызған.
Берікқара обаларынан табылған материалдар Жетісу өңіріндегі сақ тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олардың құрылыс салу тәжірибесі ұзақ жылдар бойы жерлеу құрылыстарын тұрғызу барысында ғана емес үй-жайлар салу кезінде де жинақталғандығын көрсетеді. Жетісу сақтарының "таза көшпелі" тіршілік кешкендігі осыдан көрінеді. Олардың бір бөлігі мал өсірумен қатар, егіншілікпен айналысып, қоныстарда тұрды.
Б. з. д. I мыңжылдықта Қазақстанның далалық аймақтары мен көрші аймақтардағы тайпаларда оба асты жерлеу құрылысының түрі қалыптасқандығын сақ тайпаларындағы күрделі сәулет-құрылыс өнерінің тәсілі мен тәжірибесі болғандығы дәлелдейді. Қасиеттілік белгілері дамиды. Тұрмыстық заттар мен артефактілерді түсіндірудің әлеуметтік, мифологиялық және басқа да құрылымдық кескіні ерекше қызығушылық туғызады.
Бірегей киелілігі
| ]Берікқара қорымы сақ тайпаларының ділдік мәдениеттің, мифтік-поэтикалық түсінігі мен әлеуметтік қатынастарының жүйесі материалданған киелі ескерткіш ретінде бірегей болып табылады. Бұл нысан кең көлемді тарихи-археологиялық зерттеулердің тақырыбына айналған және күн өткен сайын тарихи-мәдени маңыздылығы мен өзектілігі артып келеді. Ол нақты тарихи-мәдени сәйкестікке ие және сақ-скиф өркениетінің маңызды ескерткіші болып саналады.
Қорым тек антропогендік сипаттағы тарихи-мәдени ескерткіш қана емес, сонымен қатар табиғи-мәдени ландшафттың бірегей түрін де құрайды.
Дереккөздер
| ]- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Қазақстан археологиялық ескерткіштері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Берікқара қорымы туралы ақпарат, Берікқара қорымы дегеніміз не? Берікқара қорымы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!