Қазақстан Республикасы
Қазақстан ( ), толық атауы Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларынан, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне созылады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.
Қазақстан Республикасы | |||||
| |||||
Ұран: «Алаш! (тарихи) Алға Қазақстан! (ресми емес)» | |||||
Әнұран: «Менің Қазақстаным» (тыңдау ) | |||||
![]() | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 1465 жыл (Қазақ хандығы) 16 желтоқсан 1991 жыл (Қазақстан) | ||||
Тәуелсіздік күні | 16 желтоқсан 1991 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | қазақ тілі | ||||
Елорда | ![]() | ||||
Ірі қалалары | Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Атырау, Семей | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Сенат төрағасы Мәжiлiс төрағасы | Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов Мәулен Әшімбаев Ерлан Қошанов | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті | Әлем бойынша 9 орын 2 724 902 км² 2,8 | ||||
Жұрты • Сарап (2024) • Санақ (2021) • Тығыздығы | ▲ 20 223 218 адам (62) ▲ 19 186 015 адам 7,2 адам/км² (184) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2022) • Жан басына шаққанда | ▲ 574,10 млрд $ (43) ▲ 30 876 $ (54) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2022) • Жан басына шаққанда | ▲ 207,81 млрд $ (54) ▲ 10 980 $ (75) | ||||
АДИ (2022) | ▲ 0,825 (өте жоғары) (47) | ||||
Этнохороним | қазақстандық, қазақстандықтар | ||||
Валютасы | Қазақстан теңгесі ₸ (KZT, код 82) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Әуе компаниясы | Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan | ||||
Интернет үйшігі | .kz, .қаз | ||||
ISO коды | KZ | ||||
ХОК коды | KAZ | ||||
Телефон коды | +7 | ||||
Уақыт белдеулері | +5 |

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Қазақстанның солтүстігі мен батысындағы көршісі Ресеймен шекарасы — әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара (7 591 километр). Қазақстан оңтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13 394 километр. Батыста Каспий теңізімен (2000 километр), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
2024 жылғы 1 наурыздағы елдегі тұрғындар саны — 20 075 271 адам,бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²).
Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақтар құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%,орыстар 18,42%, өзбектер 3,29%, украиндар 1,36%, ұйғырлар 1,48%, татарлар 1,06%, басқа халықтар 5,38% (2021). Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православ христиандар 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері (2009).
Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) — $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге.
1991 жылғы 16 желтоқсан күні КСРО ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және көп ұзамай халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. Қазақстан — 1992 жылғы 2 наурыздан бергі БҰҰ толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
Этимологиясы
Қазақстан сөзі қазақ және -стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.
«-стан» суффиксі парсы тіліндегі stân (парсы: ستان; estân, istân) сөзінен келген. Парсы тілінде -стан суффиксі жер дегенді білдіреді және географиялық атаулар сыртында да қолданылады, мысалға rigestân (ریگستان; құм, шөл жері), golestân (گلستان; гүл, бақша жері).
Тарихы
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |

Қазақстан жерінде адам баласы палеолиттен бері тұрады.Ботай мәдениеті (б.з.б. 3700–3100) жылқыны тұңғыш рет асыраған делінеді. Ботай мәдениетінің солтүстік еуразиялық та, шығыс азиялық та генеалогиясы болатын.Пасторализм аймақта неолит дәуірінде дамыған. Қола дәуірі мен темір дәуірі кезінде халық еуропалық нәсілге жататын.
Тарихтан бұрынғы заманда Орталық Азияда мүмкін үндіеуропа делінетін Афанасьев мәдениеті, кейін үндіиран Андроново мәдениеті, кейін сақтар мен массагеттер тұрды. Өзге топтар қатарында скифтер мен оңтүстіктегі парсылардың Ахемен әулеті болды.
Б.з.б. 329 жылы Ескендір Зұлқарнайын мен оның македон әскері Яксарт өзені маңында скифтерге қарсы шайқасты. Қазір Сырдария делінетін бұл өзен елдің оңтүстігінде орналасқан.
Түркі қағанаты
Түркілердің басты миграциясы V және XI ғасырлар арасында орын алды. Осы кезде олар Орталық Азияның көбіне тараған болатын. Түркі тайпалар бұрынғы ирандық тілділердің орнын алды да, нәтижесінде аймақтың көбісі генеалогиялық тұрғыдан шығыс азиялық болды.
Бірінші Түркі қағанатын Бумын моңғол даласында 552 жылы негіздеді, мемлекет көп ұзамай Каспий теңізіне қарай созылды. Көне түркілер миграция кезінде хиониттер, оногурларды ығыстырды. 35 жылдан кейін мемлекеттің шығыс және батыс бөліктері бөлек кетті. Батыс Түрік қағанаты өз шыңына VII ғасырдың басында жетті.
Құман-қыпшақтар мен Алтын Орда

Құмандар қазіргі Қазақстанға XI ғасырдың басында орналасты. Олар кейін қыпшақтармен бірігіп, Құман-Қыпшақ ірі конфедерациясын құрды. Ұлы Жібек жолы көмегімен өскен Тараз (Әулие-Ата) бен Хазреті Түркістан қалаларының беделіне қарамастан даладағы толыққанды саяси нығаю моңғолдар тұсында ғана басталды. XIII ғасырдың бірінші жартысында басталған Моңғол империясының билігі тұңғыш рет бекітілген әкімшілік бірліктерден (ұлыстан) құрылды. 1259 жылғы Моңғол империясының бөлінісінен кейін Қазақстан Жошы ұлысы делінген Алтын Орда қарамағына түсті. Алтын Орда тұсында Шыңғыс ханның түркіленген ұрпағы Ислам дінін қабылдап, аймаққа билеуін жалғастырды.
Қазақ хандығы
1465 жылғы Алтын Орда ыдырауынан Қазақ хандығы пайда болды. Керей мен Жәнібек құрған бұл мемлекеттің билеушілері де Жошы хан ұрпағы Төре әулетінен тараған болатын. Осы билік тұсында көшпенді өмір-салты мен малға негізделген экономика даладағы өмірін жалғастыра берді. XV ғасырда қазақ жеке ұлттық ой-санасы шыға бастады. Бұл қазақтардың шайбанилерден бөлінгенінен кейін басталды. XVI ғасырдың ортасына қарай қазақ тілі, мәдениеті, экономикасы негізделіп қалды.
Географиясы
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.
Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.
Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.
Әкімшілік бөлінуі
Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

№ | Аймақ | Әкімшілік орталығы | Ауданы, км² | Тұрғыны (1 шілде 2017 ж. адам) | Тұрғыны (1 қаңтар 2019 ж. адам) | 2 жылдық қорытынды (адам) | Тұрғыны (1 маусым 2023 ж. адам) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Қонаев | 105 263 | 2 003 063 | 2 037 393 | ▲ 34 330 | 1 516 506 | |
2 | ![]() | Өскемен | 97 800 | 1 386 208 | 1 379 079 | ▼ 7 129 | 729 813 |
3 | ![]() | Қарағанды | 239 045 | 1 381 501 | 1 378 863 | ▼ 2 638 | 1 136 177 |
4 | ![]() | Тараз | 144 264 | 1 116 384 | 1 124 559 | ▲ 8 175 | 1 222 093 |
5 | ![]() | Түркістан | 117 249 | 1 929 000 | 1 977 768 | ▲ 48 768 | 2 132 208 |
6 | ![]() | Қостанай | 196 001 | 876 833 | 873 124 | ▼ 3 709 | 831 860 |
7 | ![]() | Ақтөбе | 300 629 | 851 339 | 867 828 | ▲ 16 489 | 933 267 |
8 | ![]() | Қызылорда | 226 019 | 777 730 | 793 299 | ▲ 15 568 | 803 681 |
9 | ![]() | Павлодар | 124 800 | 755 847 | 753 981 | ▼ 1 866 | 755 543 |
10 | ![]() | Көкшетау | 146 219 | 737 449 | 739 566 | ▲ 2 117 | 788 723 |
11 | ![]() | Ақтау | 165 642 | 650 509 | 676 835 | ▲ 26 326 | 775 805 |
12 | ![]() | Орал | 151 339 | 643 874 | 651 874 | ▲ 8 000 | 690 712 |
13 | ![]() | Атырау | 118 631 | 613 880 | 632 896 | ▲ 19 016 | 698 210 |
14 | ![]() | Петропавл | 97 993 | 560 553 | 555 020 | ▼ 5 533 | 533 127 |
15 | ![]() | 451 | 1 772 779 | 1 854 556 | ▲ 81 777 | 2 185 596 | |
16 | ![]() | 710,2 | 1 006 570 | 1 078 362 | ▲ 71 792 | 1 376 528 | |
17 | ![]() | 506 | 1 002 291 | 1 011 511 | ▲ 9 220 | 1 203 184 | |
18 | ![]() | 57 | 38 500 | 39 161 | ▲ 661 | 34 578 | |
19 | Абай облысы | Семей | 185 500 | 610 292 | |||
20 | Жетісу облысы | Талдықорған | 118 648 | 699 277 | |||
21 | Ұлытау облысы | Жезқазған | 188 936 | 221 823 | |||
Барлығы | 2 724 902 | 17 994 200 | 18 592 701 | ▲ 598 501 | 19 879 003 |
Ірі қалалар
- Тағы қараңыз: Қазақстан қалалары


Орны | Қала | Тұрғыны |
---|---|---|
Миллионер қала | > 1 млн | |
1 | Алматы | 2 175 218 |
2 | Астана | 1 367 156 |
3 | Шымкент | 1 198 570 |
Жүз мыңнан астам тұрғынды қалалар | 100–999 мың тұрғын | |
4 | Қарағанды | 516 946 |
5 | Ақтөбе | 562 355 |
6 | Тараз | 428 337 |
7 | Семей | 329 457 |
8 | Павлодар | 334 057 |
9 | Өскемен | 367 749 |
10 | Атырау | 404 129 |
11 | Қостанай | 265 186 |
12 | Қызылорда | 351 828 |
13 | Орал | 357 704 |
14 | Петропавл | 222 276 |
15 | Ақтау | 274 053 |
16 | Жаңаөзен | 148 921 |
17 | Теміртау | 177 695 |
18 | Түркістан | 221 493 |
19 | Көкшетау | 191 692 |
20 | Талдықорған | 202 147 |
21 | Екібастұз | 145 473 |
22 | Рудный | 123 805 |
Барлық тұрғын саны (ірі қалаларда): | 10 366 347 | |
Қазақстанның жалпы тұрғын саны: | 19 879 003 | |
Ірі қалалардың тұрғын санындағы үлесі % | 52,1% |
Халқы
Мемлекеттік құрылымы
Табиғаты
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
Сыртқы саясат
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы
2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Құжатта мынадай басымдықтар негізге алынған:
- үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;
- адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;
- халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
- ең алдымен, негізгі әріптестер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту.
Қазақстандағы саяси реформалар
2019 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті.
Сонымен бірге, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болады. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі.
Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңда пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппаратты енгізу қарастырылған. Заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Президент Қ.К.Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаны да күшейтті.
Қоғам
Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен.
Мереке және демалыс күндер
Күн | Қазақша аталуы |
---|---|
1–2 қаңтар | Жаңа жыл |
7 қаңтар | Рождество мейрамы (Рождество Христово) |
8 наурыз | Халықаралық әйелдер күні |
21–23 наурыз | Наурыз мейрамы |
1 мамыр | Қазақстан халқының бірлігі күні |
7 мамыр | Отан Қорғаушылар күні |
9 мамыр | Жеңіс күні |
6 шілде | Астана күні |
30 тамыз | Қазақстан Республикасының Конституциясы күні |
Қажылықтың соңғы күні | Құрбан айт |
25 қазан | Республика күні |
16-17 желтоқсан | Тәуелсіздік күні |
2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер |
Экономикасы
Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен 330 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды.
Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды.
Қазақстанның ЖІӨ 179,332 млрд. АҚШ долларын құрайды және жылдық өсім қарқыны 4,5%- ға тең. Қазақстанның ЖІӨ жан басына шаққанда 9 686 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан Қытай мен Қатардан кейін ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығының ең серпінді 25 экономиканың арасында үшінші орынға ие. Қазақстанның әлемдік саудадағы рөлі мен жаңа Жібек жолындағы орталық орында орналасуы елге миллиардтаған адамға өз нарықтарын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы мүше болды.
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші — елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байланысты.
Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.
2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) импорттан екі есе көп болды ($45 млрд).
Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.
Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.
- Дамыған Алматы
- Қазақстан теңгесі
Қазақстанның сыртқы экономикасы
Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъектілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда Қазақстаннан экспортталатын тауарлардың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жасалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншіден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр.
Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сыртқы экономикалық саласын болашақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында.
Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында.
Ғаламдық қаржылық — экономикалық тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді.
Энергетикасы
Мәдениет және қоғам
Білім беру жүйесі
Бұқаралық ақпарат құралдары
Әлеуметтік саласы
Қарулы күштері
Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер мин-нің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
- Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген
- әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды,
- Қазақстан Республикасының мемл. шекарасында немесе аум-ның шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
- әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңірлерін жабу;
- маңызды әскери нысандарды күзету;
- елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу;
- халықаралық міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңт., Батыс, Шығыс, Орт. әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығ. Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Бат. Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округіне қарайды. Орт. штаб – Қарағанды қаласында.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.
Қызықты деректер
- Қазақстанда 19 миллионнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның 48,71 % — ерлер, 51,29 % — әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында.
- Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 миллион шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
- Қазақстанда бір сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін болады.
- Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 30-орынға, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды, ураннан екінші орынға тұрақтаған.
- Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
- Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана деп өзгертілді.
- Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
- Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
- Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының құрметіне берілген.
- Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген (2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).
- Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
- Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
- Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
- Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға әлемнің 120-дан астам мемлекеті 370 млрд доллардан астам инвестиция құйды (2022 жылғы деректер бойынша).
- Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы (7591 шақырым).
- Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы петроглифтері.
Қосымша ақпарат
- Қазақстан Конституциясы бойынша қазақ тілі — елдегі жалғыз мемлекеттік тіл және орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
-
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты. Тексерілді, 12 қараша 2024.
- Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. — Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2-бап, 1 бөлім
- Қазақстан халқының саны белгілі болды (қаз.).
- 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындылары. stat.gov.kz (4 қараша 2021). Тексерілді, 7 қараша 2021.
- Kazakhstan Population (ағыл.). countrymeters.info. Тексерілді, 29 қараша 2022.
- Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund. Тексерілді, 26 қараша 2022.
- Бірыңғай уақыт белдеуі: 1 наурыздан бастап сағат тілін қалай ауыстырамыз? (қаз.) (29 ақпан 2024).
- Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды
- Численность населения Казахстана по отдельным этносам на начало 2021 года (орыс.). Қазақстан Ұлттық статистика бюросы. Тексерілді, 1 мамыр 2021.
- The results of the national population census in 2009. Қазақстан Ұлттық статистика бюросы (12 қараша 2010). Тексерілді, 21 қаңтар 2010.
- "Қазақ" сөзінің мағынасы Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2010 жылы.
- «ҚАЗАҚ» ДЕГЕН ЭТНОНИМНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ. ОНЫ «КАЗАК» ЭТНОНИМІНЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Батырғалиұлы Мағаз. Әдебиет қазақия, 1908 жыл Мұрағатталған 1 маусымның 2013 жылы.
- Үздіктер ішінде Қазақия жоқ Мұрағатталған 31 тамыздың 2014 жылы.
- "Ана тілі" газеті, ҚАЗАҚИЯ ҚАЛАЛАРЫ
- Moshiri Leila English-Persian Glossary // Colloquial Persian — Routledge, 1988. — P. 150. — ISBN 0-415-00886-7.
- Ikawa-Smith Fumiko Early Paleolithic in South and East Asia — Walter de Gruyter. — P. 91. — ISBN 978-3-11-081003-5. Мұрағат көшірмесі 17 сәуірдің 2021 Wayback Machine мұрағатында
- Jeong, Choongwon; Balanovsky, Oleg; Lukianova, Elena; Kahbatkyzy, Nurzhibek; Flegontov, Pavel; Zaporozhchenko, Valery; Immel, Alexander; Wang, Chuan-Chao et al. (June 2019). "The genetic history of admixture across inner Eurasia". Nature Ecology & Evolution 3 (6): 966–976. Bibcode 2019NatEE...3..966J. doi:10.1038/s41559-019-0878-2. ISSN 2397-334X. PMC 6542712. PMID 31036896.
- Ismagulov, O (2010). "Physical Anthropology of Kazakh People and their Genesis". Science of Central Asia. http://www.scientificfund.kz/index.php?option=com_content&view=category&id=4&Itemid=28. Retrieved 2022-11-05. Мұрағат көшірмесі 10 ақпанның 2017 Wayback Machine мұрағатында
- Gibbons, Ann (2015-06-10). "Nomadic herders left a strong genetic mark on Europeans and Asians". Science (AAAS). https://www.science.org/content/article/nomadic-herders-left-strong-genetic-mark-europeans-and-asians. Retrieved 2022-11-05. Мұрағат көшірмесі 2 қыркүйектің 2022 Wayback Machine мұрағатында
- Allentoft et al. (2015); Haak et al. (2015),
- Beckwith Christopher I. Empires of the Silk Road: A History of Central Eurasia from the Bronze Age to the Present — Princeton University Press. — P. 49. — ISBN 978-1-4008-2994-1. "Archaeologists are now generally agreed that the Andronovo culture of the Central Steppe region in the second millennium BC is to be equated with the Indo-Iranians."
- Сақтар туралы деректер (қаз.). stan.kz (5 желтоқсан 2018). Тексерілді, 31 шілде 2025.
- 2011 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны Мұрағатталған 5 сәуірдің 2013 жылы.
- https://stat.gov.kz/
- Байқоңыр қаласын қоспағандағы саны
- https://stat.gov.kz/api/iblock/element/40166/file/kk/
- https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kr-syrtky-sayasatynyn-2020-2030-zhyldarga-arnalgan-tuzhyrymdamasyn-bekitti_a3622803 Мұрағатталған 24 қарашаның 2020 жылы.
- https://egemen.kz/article/202452-ulttyq-qoghamdyq-senim-kenhesininh-dgugi-salmaqty
- https://egemen.kz/article/211354-khalyq-unine-qulaq-asatyn-memleket
- https://abai.kz/post/103296
- https://informburo.kz/kaz/seksualdy-sipattay-ylmystara-zhaa-bap-engzlu-mmkn-za-zhobasyn-taldaymyz-.html
- 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер. egov.kz. Тексерілді, 8 қыркүйек 2022.
- https://www.inform.kz/kz/28-zhylda-kazakstanga-kansha-investiciya-tartyldy_a3595458
- https://stat.gov.kz/official/dynamic Мұрағатталған 17 қазанның 2019 жылы.
- В мировой экономике Казахстан - внизу пищевой цепочки 2013 жылдың 27 ақпан күні қаралды.
- Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жария етті
- https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-3-8-mln-zhenil-kolik-tirkelgen_a3862967
- Қазақстан туралы қызықты деректер
- Қазақстан туралы 25 қызықты дерек
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Қазақстан |
- Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
- Президенттің ресми торабы
- Парламенттің ресми торабы Мұрағатталған 1 маусымның 2019 жылы.
- Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
- Үкiметтiң ресми торабы Мұрағатталған 7 тамыздың 2019 жылы.
- Қазақстан Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
- Қазақстан Республикасының онлайн заңнамасы Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2011 жылы.
- Қазақстанның ресми статистикасы Мұрағатталған 13 қарашаның 2013 жылы.
- Қазақстанның бірінші ақпараттық порталы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақстан Республикасы туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы дегеніміз не? Қазақстан Республикасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!