Қазақстан аудандары
Қазақстанда барлығы 195 аудан бар, оның ішінде:
- 17 облыста 170 аудан;
- 6 қалада 25 аудан.

Қазақстандағы аумағы жағынан ең үлкен аудан — Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданы (122,9 мың км²), ал ең кіші аудан — Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы (0,8 мың км²); халық ең көп қоныстанған аудан — Алматы облысындағы Қарасай ауданы (323 151 ад.), ал ең аз қоныстанған аудан — Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданы (5 351 ад.); ең халқы көп аудан орталығы — Қарасай ауданының Қаскелең қаласы (81 850 ад.), ал ең халқы аз аудан орталығы — Алтынсарин ауданының Обаған ауылы (530 ад.).
2024 жылғы дерек бойынша Қазақстанда Абай, Есіл, Жамбыл аудандары 3 рет, ал Ақтоғай, Алматы, Нұра аудандары 2 рет кездеседі.
Абай облысы
Абай облысында 10 аудан бар:
- Абай ауданы — Қарауыл ауылы
- Ақсуат ауданы — Ақсуат ауылы
- Аягөз ауданы — Аягөз қаласы
- Бесқарағай ауданы — Бесқарағай ауылы
- Бородулиха ауданы — Бородулиха ауылы
- Жаңасемей ауданы — Семей қаласы (аудан құрамына кірмейді)
- Жарма ауданы — Қалбатау ауылы
- Көкпекті ауданы — Көкпекті ауылы
- Мақаншы ауданы — Мақаншы ауылы
- Үржар ауданы — Үржар ауылы
Ақмола облысы
Ақмола облысында 17 аудан бар:
- Ақкөл ауданы – Ақкөл қаласы
- Аршалы ауданы – Аршалы кенті
- Астрахан ауданы – Астраханка ауылы
- Атбасар ауданы – Атбасар қаласы
- Бурабай ауданы – Щучинск қаласы
- Бұланды ауданы – Макинск қаласы
- Біржан сал ауданы – Степняк қаласы
- Егіндікөл ауданы – Егіндікөл ауылы
- Ерейментау ауданы – Ерейментау қаласы
- Есіл ауданы – Есіл қаласы
- Жақсы ауданы – Жақсы ауылы
- Жарқайың ауданы – Державинск қаласы
- Зеренді ауданы – Зеренді ауылы
- Қорғалжын ауданы – Қорғалжын ауылы
- Сандықтау ауданы – Балкашино ауылы
- Целиноград ауданы – Ақмол ауылы
- Шортанды ауданы – Шортанды кенті
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында 12 аудан бар:
- Алға ауданы – Алға қаласы
- Әйтеке би ауданы – Темірбек Жүргенов ауылы
- Байғанин ауданы – Қарауылкелді ауылы
- Қарғалы ауданы – Бадамша ауылы
- Қобда ауданы – Қобда ауылы
- Мәртөк ауданы – Мәртөк ауылы
- Мұғалжар ауданы – Қандыағаш қаласы
- Ойыл ауданы – Ойыл ауылы
- Темір ауданы – Шұбарқұдық кенті
- Хромтау ауданы – Хромтау қаласы
- Шалқар ауданы – Шалқар қаласы
- Ырғыз ауданы – Ырғыз ауылы
Алматы облысы
Алматы облысында 9 аудан бар:
- Балқаш ауданы – Бақанас ауылы
- Еңбекшіқазақ ауданы – Есік қаласы
- Жамбыл ауданы – Ұзынағаш ауылы
- Кеген ауданы – Кеген ауылы
- Қарасай ауданы – Қаскелең қаласы
- Райымбек ауданы – Нарынқол ауылы
- Талғар ауданы – Талғар қаласы
- Ұйғыр ауданы – Шонжы ауылы
- Іле ауданы – Өтеген батыр ауылы
Атырау облысы
Атырау облысында 7 аудан бар:
- Жылыой ауданы – Құлсары қаласы
- Индер ауданы – Индербор кенті
- Исатай ауданы – Аққыстау ауылы
- Құрманғазы ауданы – Құрманғазы ауылы
- Қызылқоға ауданы – Миялы ауылы
- Мақат ауданы – Мақат кенті
- Махамбет ауданы – Махамбет ауылы
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында 12 аудан бар:
- Ақжайық ауданы – Чапаев ауылы
- Бәйтерек ауданы – Перемётное ауылы
- Бөкей ордасы ауданы – Сайқын ауылы
- Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы
- Жаңақала ауданы – Жаңақала ауылы
- Жәнібек ауданы – Жәнібек ауылы
- Казталов ауданы – Казталовка ауылы
- Қаратөбе ауданы – Қаратөбе ауылы
- Сырым ауданы – Жымпиты ауылы
- Тасқала ауданы – Тасқала ауылы
- Теректі ауданы – Теректі ауылы
- Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау ауылы
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында 10 аудан бар:
- Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылы
- Жамбыл ауданы – Аса ауылы
- Жуалы ауданы – Бауыржан Момышұлы ауылы
- Қордай ауданы – Қордай ауылы
- Меркі ауданы – Меркі ауылы
- Мойынқұм ауданы – Мойынқұм ауылы
- Сарысу ауданы – Жаңатас қаласы
- Талас ауданы – Қаратау қаласы
- Тұрар Рысқұлов ауданы – Құлан ауылы
- Шу ауданы – Төле би ауылы
Жетісу облысы
Жетісу облысында 8 аудан бар:
- Ақсу ауданы – Жансүгіров ауылы
- Алакөл ауданы – Үшарал қаласы
- Ескелді ауданы – Қарабұлақ ауылы
- Кербұлақ ауданы – Сарыөзек ауылы
- Көксу ауданы – Балпық би ауылы
- Қаратал ауданы – Үштөбе қаласы
- Панфилов ауданы – Жаркент қаласы
- Сарқан ауданы – Сарқан қаласы
Қарағанды облысы
Қарағанды облысында 7 аудан бар:
- Абай ауданы – Абай қаласы
- Ақтоғай ауданы – Ақтоғай ауылы
- Бұқар жырау ауданы – Ботақара кенті
- Қарқаралы ауданы – Қарқаралы қаласы
- Нұра ауданы – Нұра кенті
- Осакаров ауданы – Осакаровка кенті
- Шет ауданы – Ақсу-Аюлы ауылы
Қостанай облысы
Қостанай облысында 16 аудан бар:
- Алтынсарин ауданы — Обаған ауылы
- Амангелді ауданы — Амангелді ауылы
- Әулиекөл ауданы — Әулиекөл ауылы
- Бейімбет Майлин ауданы — Әйет ауылы
- Денисов ауданы — Денисовка ауылы
- Жангелді ауданы — Торғай ауылы
- Жітіқара ауданы — Жітіқара қаласы
- Қамысты ауданы — Қамысты ауылы
- Қарабалық ауданы — Қарабалық кенті
- Қарасу ауданы — Қарасу ауылы
- Қостанай ауданы — Тобыл қаласы
- Меңдіқара ауданы — Боровской ауылы
- Науырзым ауданы — Қарамеңді ауылы
- Сарыкөл ауданы — Сарыкөл кенті
- Ұзынкөл ауданы — Ұзынкөл ауылы
- Фёдоров ауданы — Фёдоровка ауылы
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында 7 аудан бар:
- Арал ауданы – Арал қаласы
- Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті
- Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті
- Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті
- Қармақшы ауданы – Жосалы кенті
- Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті
- Шиелі ауданы – Шиелі кенті
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында 5 аудан бар:
- Бейнеу ауданы — Бейнеу ауылы
- Қарақия ауданы — Құрық ауылы
- Маңғыстау ауданы — Шетпе ауылы
- Мұнайлы ауданы — Маңғыстау ауылы
- Түпқараған ауданы — Форт-Шевченко қаласы
Павлодар облысы
Павлодар облысында 10 аудан бар:
- Аққулы ауданы — Аққулы ауылы
- Ақтоғай ауданы — Ақтоғай ауылы
- Баянауыл ауданы — Баянауыл ауылы
- Ертіс ауданы — Ертіс ауылы
- Железин ауданы — Железинка ауылы
- Май ауданы — Көктөбе ауылы
- Павлодар ауданы — Павлодар қаласы (аудан құрамына кірмейді)
- Тереңкөл ауданы — Тереңкөл ауылы
- Успен ауданы — Успенка ауылы
- Шарбақты ауданы — Шарбақты ауылы
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар:
- Айыртау ауданы — Саумалкөл ауылы
- Ақжар ауданы — Талшық ауылы
- Аққайың ауданы — Смирново ауылы
- Ғабит Мүсірепов ауданы — Новоишим ауылы
- Есіл ауданы — Явленка ауылы
- Жамбыл ауданы — Пресновка ауылы
- Қызылжар ауданы — Бескөл ауылы
- Мағжан Жұмабаев ауданы — Булаев қаласы
- Мамлют ауданы — Мамлют қаласы
- Тайынша ауданы — Тайынша қаласы
- Тимирязев ауданы — Тимирязево ауылы
- Уәлиханов ауданы — Кішкенекөл ауылы
- Шал ақын ауданы — Сергеев қаласы
Түркістан облысы
Түркістан облысында 14 аудан бар:
- Бәйдібек ауданы — Шаян ауылы
- Жетісай ауданы — Жетісай қаласы
- Келес ауданы — Абай ауылы
- Қазығұрт ауданы — Қазығұрт ауылы
- Мақтаарал ауданы — Мырзакент кенті
- Ордабасы ауданы — Темірлан ауылы
- Отырар ауданы — Шәуілдір ауылы
- Сайрам ауданы — Ақсукент ауылы
- Сарыағаш ауданы — Сарыағаш қаласы
- Сауран ауданы — Шорнақ ауылы
- Созақ ауданы — Шолаққорған ауылы
- Төле би ауданы — Леңгір қаласы
- Түлкібас ауданы — Тұрар Рысқұлов ауылы
- Шардара ауданы — Шардара қаласы
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында 2 аудан бар:
- Жаңаарқа ауданы – Жаңаарқа кенті
- Ұлытау ауданы – Ұлытау ауылы
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында 11 аудан бар:
- Алтай ауданы — Алтай қаласы
- Глубокое ауданы — Глубокое кенті
- Зайсан ауданы — Зайсан қаласы
- Катонқарағай ауданы — Катонқарағай ауылы
- Күршім ауданы — Күршім ауылы
- Марқакөл ауданы — Марқакөл ауылы
- Самар ауданы — Самар ауылы
- Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы
- Ұлан ауданы — Қасым Қайсенов кенті
- Үлкен Нарын ауданы — Үлкен Нарын ауылы
- Шемонаиха ауданы — Шемонаиха қаласы
Астана қаласы

Астана қаласында 6 аудан бар:
- Алматы ауданы
- Байқоңыр ауданы
- Есіл ауданы
- Нұра ауданы
- Сарайшық ауданы
- Сарыарқа ауданы
Алматы қаласы

Алматы қаласында 8 аудан бар:
- Алатау ауданы
- Алмалы ауданы
- Әуезов ауданы
- Бостандық ауданы
- Жетісу ауданы
- Медеу ауданы
- Наурызбай ауданы
- Түрксіб ауданы
Шымкент қаласы

Шымкент қаласында 5 аудан бар:
- Абай ауданы
- Әл-Фараби ауданы
- Еңбекші ауданы
- Қаратау ауданы
- Тұран ауданы
Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласында 2 аудан бар:
- Алматы ауданы
- Астана ауданы
Қарағанды қаласы

Қарағанды қаласында 2 аудан бар:
- Әлихан Бөкейхан ауданы
- Қазыбек би ауданы
Тараз қаласы
Тараз қаласында 2 аудан бар:
- Әулиеата ауданы
- Жібек жолы ауданы
Тағы қараңыз
- Қазақстан әкімшілік бірліктері
- Қазақстанның таратылған аудандары
- Қазақстан кадастрлық нөмірлер тізімі
- Қазақстан кенттері
- Қазақстан ауылдық округтері
Дереккөздер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақстан аудандары туралы ақпарат, Қазақстан аудандары дегеніміз не? Қазақстан аудандары нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!