Шайбани әулеті
Шaйбани әулеті (өз. Shayboniylar) — өзбек билеушілері (1500 – 98). Шaйбани әулеті Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шайбаннан тарайды. Әулеттің негізін салушы Әбілхайыр ханның немересі, шаһ Будақ сұлтанның баласы Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы үшін болған соғыста қазақ және ноғай билеушілерінен жеңілгеннен кейін 1500 жылы Мәуереннаһр мен Хорасанды басып алып, өз билігін орнатты.
| Шайбани әулеті өзб. Shayboniylar | |
| Негізгі әулеті | Шибан әулеті |
|---|---|
| Елі | |
| Құрылды | 1500 жыл |
| Негізін салушысы | |
| Соңғы басшысы | II Пирмұхаммед хан |
| Титулдары | Бұхара хандығының ханы, |
| Ұлты | Өзбектер |
| Биліктен құлауы | 1601 жыл |
| Ізбасар әулеті | Аштархан әулеті |

Бірақ 1510 жылы Иран шаһы Сефеви әулетінен шыққан I Ысмайыл оны Мерв түбінде талқандады. Шайбани ханның мұрагері Күшкүнжі хан (1510 – 30) өліп, оның ұлы Әбу Саидтың (1530 – 33) билігінен кейін мемлекет басына немересі Ұбайдолла хан (1533 — 39) келді.
Шaйбани әулетінің билеушілері өздерін Темір әулетінің мұрагерлері деп есептеді.
Әулеттің ең көрнекті өкілі Абдулла хан болды. Оның қаза табуы және баласы Абд әл Мүминнің өлтірілуімен Шайбани әулеті биліктен кетті. Оның соңғы өкілі Пір Мұхаммед ҚҚ-нің өзі де билік үшін қырқысу соғысында қаза тапты. 1599 жылы билікке Аштархан әулеті келді. Бұл Жошының Орда деген баласынан тарайтын және шешесі жағынан Шайбани әулетімен байланысатын жаңа өзбек әулеті еді.
Сілтемелер
- Моғолстан
- Ақ орда
- Мұхаммед Шайбани
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Әдебиет
- Босфорт КӨЛІЭ. Мусульманские династии, М., 1971.
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шайбани әулеті туралы ақпарат, Шайбани әулеті дегеніміз не? Шайбани әулеті нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!