Қазақстан әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің бірі, Менің Қазақстаным әніне негізделген.
![]() Әнұранның мәтіні және ноталары | |
Қазақстан әнұраны | |
---|---|
Сөзін жазған | Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов |
Композиторы | Шәмші Қалдаяқов |
Бекітілді | 2006 жыл |
Әнұран (сөзі, әні) | |
Менің Қазақстаным (Айдар Торыбаев жетекшілігімен Опера және Балет ҚР Мемлекеттік Театры ән тобы мен ҚР Мемлекеттік Симфониялық Оркестрі) |
Қазақстан әнұраны |
---|
1. ![]() |
2. |
3. |
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Мәтіні
Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (2006) |
---|
|
Тарихы
Қазақ КСР әнұраны
![]() Қазақ КСР байрағы | |
Қазақ КСР әнұраны | |
---|---|
Сөзін жазған | Әбділда Тәжібаев, Қайым Мұқамедханов, Ғабит Мүсірепов |
Композиторы | Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамеди |
Бекітілді | 1943–1945 |
Жойылды | 1992 |
Әнұран (сөзі, әні) | |
Қазақ КСР Мемлекеттік Әнұраны |
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің әуеніне жазылған Әбділда Тәжібаевтің, Қайым Мұқамедханов, Ғабит Мүсіреповтің мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қайым Мұқамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі. Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.
1992–2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны
Қазақстан әнұраны | |
---|---|
Сөзін жазған | М. Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Жадыра Дәрібаева |
Композиторы | Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамеди |
Бекітілді | 1992 |
Жойылды | 2006 |
Әнұран (сөзі, әні) | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны |
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы — азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
Қазақстан Республикасының 1992-2006 жылдардағы Мемлекеттік Әнұраны |
---|
|
Тағы қараңыз
- Қазақстан елтаңбасы
- Қазақстан туы
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- А. Белякина. Человек-легенда. — Алматы :2009. ISBN 978-601-06-0422
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақстан әнұраны туралы ақпарат, Қазақстан әнұраны дегеніміз не? Қазақстан әнұраны нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!