Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты
Қазақстан Үкіметінің аппараты (2023 жылдың 2 қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі) — орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты | |
---|---|
![]() | |
Жалпы мағлұмат | |
Жоғарыда тұрған мекеме | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 6 (Үкімет үйі) |
Басшысы | Ғалымжан Қойшыбаев |
Басшының бірінші орынбасары | Асқар Жәкенов |
Ресми сайты | |
primeminister.kz |
Қызметі
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық талдамалық,ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
- мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, техникалық және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын және сақталуын бақылау;
- мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық дерекқор құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының кесімдері мен Үкіметке берілген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау;
- Премьер-Министр,оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұстанымдық сипаты болатын Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жасау.
Құрылымы
- Басшылық
- Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы: Ғалымжан Қойшыбаев
- Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары: Асқар Жәкенов
- Үкіметтің Парламенттегі өкілі: Ермек Аманшаев
- Үкімет Аппараты басшысының орынбасары: Саян Құттыбаев
- Үкімет Аппараты басшысының орынбасары: Эльдар Толғанбаев
- Үкімет Аппараты басшысының орынбасары: Аян Мағзұмов
- Премьер-Министр Протоколының бастығы: Расул Тынысбаев
- Премьер-Министрдің баспасөз хатшысы: Диляра Аленова
- Құрылымдық бөлімшелер
- Премьер-Министрдің Хатшылығы
- Үкіметтің Баспасөз қызметі
- Талдау бөлімі
- Заң бөлімі
- Өңірлік даму және бақылау бөлімі
- Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі
- Экономикалық бөлім
- Әлеуметтік даму бөлімі
- Кадр жұмысы бөлімі
- Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі
- Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі
- Қаржы бөлімі
- Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
- Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімі
Қарамағындағы ұйымдар
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Тарихы
1990 жылы 20 қарашада Министрлер Кеңесінің аппараты Президент аппаратына қосылды. 1991 жылдан бастап Президент пен Министрлер Кабинетiнiң аппараты деп атала бастады. 1994 жылы 13 сәуірде одан Министрлер Кабинетiнiң Іс басқармасы бөлінді. 1995 жылдың басында ол Министрлер Кабинетiнiң аппараты, конституциялық реформадан кейін күзден бастап Үкімет аппараты деп атала бастады.
1997 жылы 4 наурызда Президент Жарлығымен Үкімет аппараты Премьер-Министр Кеңсесі болып қайта құрылды.
2023 жылы 2 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесі Үкімет аппараты болып өзгертілді.
Басшылары
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Басқарған уақыты | |
---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң іс басқармасы (1994–1995) | ||||
1 | ![]() | Сыздық Әбішев (1936—1998) | маусым 1994 | наурыз 1995 |
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң аппараты (1995) | ||||
1 | ![]() | Бердібек Сапарбаев (1953—2023) | наурыз 1995 | қыркүйек 1995 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты (1995–1997) | ||||
1 | ![]() | Ержан Өтембаев (1955—2018) | қазан 1995 | мамыр 1996 |
2 | ![]() | Степан Шуткин (1937 туған) | мамыр 1996 | қазан 1996 |
3 | ![]() | Тірек Бегахметов (1955 туған) | қаңтар 1997 | қазан 1997 |
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесі (1997–2023) | ||||
1 | ![]() | Әлихан Бәйменов (1959 туған) | қазан 1997 | тамыз 1998 |
2 | ![]() | Алтай Тілеубердин (1949 туған) | 2 қыркүйек 1998 | қазан 1999 |
3 | ![]() | Қанат Саудабаев (1946 туған) | 13 қазан 1999 | 13 желтоқсан 2000 |
4 | ![]() | Алтай Тілеубердин (1949 туған) | 13 желтоқсан 2000 | 10 қаңтар 2007 |
5 | ![]() | Ербол Орынбаев (1971 туған) | 11 қаңтар 2007 | 29 қазан 2007 |
6 | ![]() | Бақытжан Сағынтаев (1963 туған) | 11 желтоқсан 2007 | 30 қыркүйек 2008 |
7 | ![]() | Ғабидолла Әбдірахымов (1975 туған) | 13 қазан 2008 | 2 ақпан 2012 |
8 | ![]() | Ерлан Қошанов (1962 туған) | 2 ақпан 2012 | 14 наурыз 2017 |
9 | ![]() | Нұрлан Алдабергенов (1962 туған) | 27 наурыз 2017 | 1 наурыз 2019 |
10 | ![]() | Дархан Кәлетаев (1972 туған) | 1 наурыз 2019 | 25 наурыз 2019 |
11 | ![]() | Ғалымжан Қойшыбаев (1968 туған) | 26 наурыз 2019 | 4 қаңтар 2023 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты (2023–) | ||||
1 | ![]() | Ғалымжан Қойшыбаев (1968 туған) | 4 қаңтар 2023 | — |
Дереккөздер
- Үкімет аппараты басшылығы
- Үкімет аппаратының құрылымы
- 1 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1997, №10, 69-бап).
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты дегеніміз не? Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!