Түрксіб ауданы
Түрксіб ауданы (1995 жылға дейін — Октябрь ауданы) — Алматы қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. Қазақ АКСР ОАК Президиумы шешімімен 1936 жылы 12 қыркүйекте Алматыда аудан шекарасы бекітіледі. 1938 жылы 8 сәуірде Қазақстан ОК КП (б) бюросының отырысында "жаңа Каганович ауданының құрылуы туралы" шешім қабылданады.1938 жылы 19 сәуірде қала кеңесінің президиумында ауданның шекаралары белгіленіп, орталығы Алматы І стансасында орналасқан Каганович ауданы ұйымдастырылады. 1957 жылдың шілдесінде Каганович ауданы Октябрь ауданы болып қайта аталады. 1995 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесін тойлаумен әрі алдағы Түркістан-Сібір темір жолының салынуының 70 жылдығымен байланысты Түрксіб ауданы болып атауы өзгереді. Аудан қаланың өнеркәсіп орталығы, әуе және теміржол қақпасы болып табылады.
Қала ішіндегі аудан | |||
Түрксіб ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Қаласы | Алматы | ||
Әкімі | Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаров | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Алматы қаласы, Шолохов көшесі, №9 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты | 1938 жыл | ||
Жер аумағы | 75,75 км² | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 252 037 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (47,62%), орыстар (35,61%), ұйғырлар (8,03%), корейлер (1,49%), татарлар (1,27%), әзербайжандар (1,19%), басқалары (4,79%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 727 | ||
Автомобиль коды | 02 | ||
Түрксіб ауданы әкімінің аппараты |
Халқы
Ауданның ұлттық құрамы (2019 жылдың басына қарай) төмендегідей:
- қазақтар — 107 422 ад. (45,64 %)
- орыстар — 89 160 ад. (37,88 %)
- ұйғырлар — 18 392 ад. (7,81 %)
- корейлер — 3 583 ад. (1,52 %)
- татарлар — 3 018 ад. (1,28 %)
- әзербайжандар — 2 454 ад. (1,04 %)
- украиндар — 1 435 ад. (0,61 %)
- немістер — 1 320 ад. (0,56 %)
- түріктер — 1 289 ад. (0,55 %)
- өзбектер — 1 223 ад. (0,52 %)
- басқалары — 6 061 ад. (2,58 %)
- Барлығы — 235 357 ад. (100,00 %)
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Түрксіб ауданы әкімінің аппараты(қолжетпейтін сілтеме)
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Түрксіб ауданы туралы ақпарат, Түрксіб ауданы дегеніміз не? Түрксіб ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!