Қарабалық ауданы
Қарабалық ауданы (1997 жылғы 17 маусымға дейін Комсомол ауданы деп аталды) — Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 6,9 мың км². Орталығы — Қарабалық кенті.
Қазақстан ауданы | |||
Қарабалық ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | Қостанай облысы | ||
Аудан орталығы | Қарабалық | ||
Ауылдық округтер саны | 12 | ||
Кенттік әкімдіктер саны | 1 | ||
Ауыл саны | 35 | ||
Әкімі | Руслан Болатұлы Халықов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, №31 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 53°46′48″ с. е. 62°05′24″ ш. б. / 53.78000° с. е. 62.09000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°46′48″ с. е. 62°05′24″ ш. б. / 53.78000° с. е. 62.09000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 17 қаңтар 1928 жыл | ||
Жер аумағы | 6,9 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 24 521 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | орыстар (43,71%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды | 10 | ||
Қарабалық ауданының әкімдігі | |||
|
Географиясы
Қарабалық ауданы шығысында Фёдоров ауданымен, солтүстігі мен батысында Ресеймен шектеседі.
Ауданның географиялық орны қолайлы, теңіз деңгейінен 200–260 метр биіктікте. Орал сырты үстіртінің орта жазық бөлігін алып жатыр. Жер бедері беті көл қазаншұңқырларымен, Үй, Тоғызақ өзендерінің аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Кен байлықтарынан аздаған мөлшерде темір кентасы, алтын, отқа төзімді саз, т.б. кездеседі.
Су торабы
Аудан жерімен Үй өзені және оның саласы Тоғызақ өзенінен ағып өтеді. Аудан көлге бай. Мұнда 90-нан астам ірілі-ұсақты көлдер бар, олардың 75%-ының суы тұщы. Ірі көлдері: Шұбар, Сасықкөл, Қарасор, Үлкен Бөрілі, Өлеңді, Аршалы, Өрнек, Қулықкеткен, т.б.. Жер асты суы негізінде Смирнов су жүйесі жұмыс істейді. Одан тартылған су құбырлары Қарабалық кентін, Бөрілі, Смирнов, Станционный, Михайлов округтерінің елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Бөгендерінде мөңке, шортан, таутан, алабұға, табан, тұқа, оңғақ және аққайран, т.б. балықтар мекендейді.
Флорасы және фаунасы
Астық тұқымдас түрлі шөптесіндер (селеу, бетеге, т.б.) басым өскен. Ауданның оңтүстік-шығысында қайың, терек, итмұрын, шие бұтасы аралас шоқ ормандар кездеседі. Айтарлықтай жерді қолдан егілген қарағай, қараағаш, үйеңкі, терек, қараған ормандары алып жатыр. Ормандарында жидектер мен саңырауқұлақтар көптеп өседі. Жануарлар дүниесінен бұлан, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сарышұнақ, қоян мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, тырна, құтан, т.б. кездеседі.
Шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 602 мың гектар (2008), оның 33 мың гектары егістік жер, 3,5 мың гектары шабындық, 234,6 мың гектар жайылым. Аудан орталығы Қарабалық кентінен солтүстікке қарай 17 километр жердегі Научное ауылында Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы орналасқан. Аудан бойынша 5 темір жол станциясы және Еманкин темір жол айырмасы бар.
Климаты және ауа-райы
Қарабалық ауданының климаты тым континенттік. Қысы суық, бұрқасынды. Қар жамылғысы әдетте қарашаның 2-онкүндігінде қалыптасады, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –18°С. Жазы қоңыржай жылы, ең ыстық айы — шілде. Шілденің орташа температурасы 18°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300–350 мм. Жер қыртысы кәдімгі құнарлы қара топырақтан тұрады. Тоғызақ пен Үй өзендерінің бойында шалғынды құмдақ топырақ таралған.
Қарабалық ауданы ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Орташа температура, °C | −15,1 | −14,6 | −7,3 | 5,2 | 13,5 | 19,3 | 20,2 | 18,1 | 11,9 | 4,3 | −5,7 | −12,6 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 18 | 15 | 18 | 22 | 35 | 52 | 66 | 42 | 29 | 29 | 23 | 20 | |
Дерекнама: |
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
25608 | ▲46187 | ▲57325 | ▼52239 | ▲52594 | ▼43145 | ▼31399 | ▼26653 |
Тұрғындар саны – 27 534 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 29,47%, орыстар – 43,46%, украиндар – 12,90%, немістер – 5,24%, беларустар – 1,73%, татарлар – 3,38%, башқұрттар – 0,97%, армяндар – 0,50%, басқа ұлт өкілдері – 2,35%.
Әкімшілік бөлінісі
35 елді мекен 4 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Белоглин ауылдық округі | Белоглинка ауылы | 3 | ▼1695 |
Боскөл ауылдық әкімдігі | Боскөл ауылы | 1 | ▼1415 |
Бөрлі ауылдық әкімдігі | Бөрлі ауылы | 1 | ▼772 |
Қарабалық кенттік әкімдігі | Қарабалық кенті | 1 | ▼10966 |
Қособа ауылдық округі | Қособа ауылы | 3 | ▼704 |
Лесной ауылдық әкімдігі | Лесное ауылы | 1 | ▼540 |
Михайлов ауылдық округі | Михайловка ауылы | 3 | ▼915 |
Новотроицкий ауылдық округі | Новотроицкое ауылы | 4 | ▼1177 |
Өрнек ауылдық округі | Приречное ауылы | 2 | ▼608 |
Победа ауылдық әкімдігі | Победа ауылы | 1 | ▼343 |
Смирнов ауылдық округі | Смирновка ауылы | 2 | ▼1027 |
Станционный ауылдық округі | Станционное ауылы | 4 | ▼1617 |
Тоғызақ ауылдық округі | Тоғызақ ауылы | 9 | ▼3060 |
Ірі елді мекендері
Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|
Қарабалық | ▼10966 |
Боскөл | ▼1332 |
Станционное | ▼1184 |
Смирновка | ▼814 |
Тоғызақ | ▼810 |
Новотроицкое | ▼736 |
Бөрлі | ▼733 |
Белоглинка | ▼655 |
Михайловка | ▼622 |
Научное | ▼594 |
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақ Энциклопедиясы
- Агроклиматические ресурсы Костанайской области: научно-прикладной справочник // Под ред. С.С. Байшоланова. — Астана, 2017 год. С. 49, 62 — ISBN 978-601-7150-86-0
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары Мұрағатталған 10 қазанның 2023 жылы.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарабалық ауданы туралы ақпарат, Қарабалық ауданы дегеніміз не? Қарабалық ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!