Қарғалы ауданы
Қарғалы ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Орталығы – Бадамша ауылы. Жер аумағы 5,0 мың км².
Қазақстан ауданы | |
Қарғалы ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | Бадамша |
Ауылдық округтер саны | 8 |
Ауыл саны | 15 |
Әкімі | Нұрлыбек Амандоллаұлы Өнербаев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, №38 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 50°52′48″ с. е. 58°09′00″ ш. б. / 50.88000° с. е. 58.15000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°52′48″ с. е. 58°09′00″ ш. б. / 50.88000° с. е. 58.15000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1934 |
Жер аумағы | 5 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 15 370 адам (2023) |
Тығыздығы | 3,1 адам/км² |
Ұлттық құрамы | қазақтар (62,54%), орыстар (18,84%), украиндар (9,73%), немістер (4,49%), татарлар (1,36%), басқалары (3,04%) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 71342 |
Пошта индексі | 030500-030513 |
Автомобиль коды | 04 |
Қарғалы ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиялық орны мен жер бедері
Аудан батысында Мәртөк ауданымен, оңтүстігінде Ақтөбе қаласы және Хромтау ауданымен, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жерінің басым бөлігі жазық, төбелі-бөктерлі жерлер де кездеседі. Солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік сілемдері бар. Аймақта тұщы жер асты сулары мен минералды сулардың үлкен қоры бар. Аудан экономикасы - ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген.
Климаты
Аймақтың климаты күрт континенталды. Қаңтардың орташа температурасы -20 -25°С, шілде айында +25-27°С. Жауын-шашынның орташа жылдық түсімі 125-250 мм.
Тарихы
1935 жылы 16 ақпанда Степной ауданы болып құрылды. Орталығы Қосестек ауылы болды.
1957 жылы 26 қыркүйекте таратылған Родников ауданының бір бөлігі Степной ауданына қосылды.
1962 жылы 11 қазанда Ақтөбе облыстық атқару комитетінің шешімімен Степной ауданы таратылып, жері Новороссия және Мәртөк аудандарына берілді.
1966 жылы 31 қаңтарда бұрынғы Степной ауданының аумағында Ленин ауданы құрылды. Орталығы Қосестек (кейін Ленинское) ауылы болды.
1967 жылы 18 наурызда Ленин ауданының орталығы Ленинское ауылынан Бадамша кентіне көшірілді.
1997 жылы 17 маусымда Президенттің Жарлығымен Ленин ауданы Қарғалы ауданы болып аталды.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
13392 | ▲32554 | ▼28453 | ▼21811 | ▼20454 | ▼19172 | ▼16781 | ▲16899 |
Тұрғындар саны 17107 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,23%), орыстар (19,02%), украиндар (9,99%), немістер (4,45%), татарлар (1,36%), басқалары (2,95%).
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 15 елді мекен 8 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ащылысай ауылдық округі | Ащылысай ауылы | 4 | ▼1277 |
Әлімбет ауылдық округі | Әлімбет ауылы | 1 | ▼837 |
Бадамша ауылдық округі | Бадамша ауылы | 1 | ▲5868 |
Велихов ауылдық округі | Велиховка ауылы | 2 | ▼319 |
Желтау ауылдық округі | Петропавловка ауылы | 1 | ▲2453 |
Кемпірсай ауылдық округі | Жосалы ауылы | 2 | ▼738 |
Қосестек ауылдық округі | Қосестек ауылы | 1 | ▼1496 |
Степной ауылдық округі | Степное ауылы | 2 | ▼890 |
Шәмші Қалдаяқов ауылдық әкімдігі | Шәмші Қалдаяқов ауылы | 1 | ▼1407 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Халқы (2021) |
---|---|
Бадамша | ▲5824 |
Петропавловка | ▲2453 |
Қосестек | ▼1496 |
Шәмші Қалдаяқов (Александровка) | ▼1404 |
Әлімбет | ▼837 |
Ащылысай (Григорьевка) | ▼784 |
Степное | ▼592 |
Жосалы | ▼574 |
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары Мұрағатталған 10 қазанның 2023 жылы.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарғалы ауданы туралы ақпарат, Қарғалы ауданы дегеніміз не? Қарғалы ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!