Жетісай ауданы
Жетісай ауданы — Түркістан облысы құрамындағы аудан. Халқының саны 187 384 адам. Орталығы — Жетісай қаласы.
Қазақстан ауданы | |
Жетісай ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | Жетісай |
Ауылдық округтер саны | 11 |
Кенттік әкімдіктер саны | 1 |
Қалалық әкімдіктер саны | 1 |
Ауыл саны | 105 |
Қала саны | 1 |
Әкімі | Серік Үсенұлы Мамытов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, №20 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 40°45′00″ с. е. 68°15′00″ ш. б. / 40.75000° с. е. 68.25000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°45′00″ с. е. 68°15′00″ ш. б. / 40.75000° с. е. 68.25000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 5 маусым 2018 жыл |
Жер аумағы | 1 046 км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 187 384 адам (2023 жыл) |
Ұлттық құрамы | қазақтар 89,99 % |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7325 |
Автомобиль коды | 13 |
Жетісай ауданының әкімдігі | |
|
Географиялық орны
Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шығысында Мақтаарал ауданымен, оңтүстігі мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Шардара ауданымен шектеседі. Шардара ауданынан Шардара су қоймасы бөліп жатыр.
Тарихы
Аудан Өзбек КСР Сырдария облысының құрамында 1964 жылы сәуір айында құрылған. 1971 жылы Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына қайтарылды. 1997 жылы сәуір айының 24-інде аудан таратылып, аумағы Мақтаарал ауданына берілді. 2018 жылы 5 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Жетісай ауданы қайтадан жеке әкімшілік бірлік болып Мақтаарал ауданынан бөлініп шықты.
Халқы
1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
77205 | ▼54153 | ▲73144 | ▲76547 | ▲169044 | ▲183185 |
Халқының басым көпшілігі қазақтар. Одан басқа орыс, өзбек, тәжік, қырғыз ұлтының өкілдері қоныстанған.
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 106 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген.
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | 8746 | ▼8405 | 96,1 | 4349 | ▼4259 | 97,9 | 4397 | ▼4146 | 94,3 |
Асықата кенттік әкімдігі | 11102 | ▲14245 | 128,3 | 5443 | ▲7119 | 130,8 | 5659 | ▲7126 | 125,9 |
Атамекен ауылдық округі | 9170 | ▲9175 | 100,1 | 4695 | ▲4790 | 102 | 4475 | ▼4385 | 98 |
Жаңаауыл ауылдық округі | 14380 | ▲16959 | 117,9 | 7211 | ▲8670 | 120,2 | 7169 | ▲8289 | 115,6 |
Жетісай қалалық әкімдігі | 36494 | ▲44105 | 120,9 | 17437 | ▲22148 | 127 | 19057 | ▲21957 | 115,2 |
Жолдасбай Ералиев ауылдық округі | 12455 | ▲13342 | 107,1 | 6301 | ▲6862 | 108,9 | 6154 | ▲6480 | 105,3 |
Жылысу ауылдық округі | 13321 | ▼12083 | 90,7 | 6673 | ▼6171 | 92,5 | 6648 | ▼5912 | 88,9 |
Қазыбек би ауылдық округі | 13138 | ▲14542 | 110,7 | 6575 | ▲7427 | 113 | 6563 | ▲7115 | 108,4 |
Қарақай ауылдық округі | 8191 | ▲9121 | 111,4 | 4168 | ▲4608 | 110,6 | 4023 | ▲4513 | 112,2 |
Қызылқұм ауылдық округі | 10073 | ▼9120 | 90,5 | 5127 | ▼4667 | 91 | 4946 | ▼4453 | 90 |
Мақталы ауылдық округі | 8416 | ▼8311 | 98,8 | 4314 | ▼4276 | 99,1 | 4102 | ▼4035 | 98,4 |
Шаблан Ділдәбеков ауылдық округі | 11050 | ▲11747 | 106,3 | 5602 | ▲6061 | 108,2 | 5448 | ▲5686 | 104,4 |
Ынтымақ ауылдық округі | 12508 | ▼12030 | 96,2 | 6216 | ▼6152 | 99 | 6292 | ▼5878 | 93,4 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 169044 | ▲183185 | 108,4 | 84111 | ▲93210 | 110,8 | 84933 | ▲89975 | 105,9 |
Экономикасы
Тұрғындарының көбі мақта шаруашылығымен айналысады
Әкімдері
- Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев 07.2018-03.2021
- Мұрат Болатұлы Қадырбек 04.2021-01.2023
- Серік Үсенұлы Мамытов 01.2023 бастап
Дереккөздер
- Жетісай ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- http://ongtustik.kz/ru/o-rajone.html Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2019 жылы.
- http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1800000698
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Сілтемелер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жетісай ауданы туралы ақпарат, Жетісай ауданы дегеніміз не? Жетісай ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!