Талғар ауданы
Талғар ауданы – Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1969 жылы құрылған. Орталығы – Талғар қаласы.
Қазақстан ауданы | |
Талғар ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | Алматы облысы |
Аудан орталығы | Талғар |
Ауылдық округтер саны | 10 |
Қалалық әкімдіктер саны | 1 |
Ауыл саны | 45 |
Қала саны | 1 |
Әкімі | Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Талғар қаласы, Қонаев даңғылы, №65 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°18′31″ с. е. 77°13′39″ ш. б. / 43.30861° с. е. 77.22750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°18′31″ с. е. 77°13′39″ ш. б. / 43.30861° с. е. 77.22750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1969 |
Жер аумағы | 3,7 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 240 022 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (66,24%), орыстар (16,43%), ұйғырлар (9,52%), түріктер (2,4%), әзербайжандар (1,5%), күрдтер (0,76%), татарлар (0,54%), басқалары (2,61%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 041600-041627 |
Автомобиль коды | 05 |
Талғар ауданының әкімдігі | |
|
Географиялық орны
Солтүстігінде Қонаев қаласымен, шығысында Еңбекшіқазақ ауданымен, батысында Іле, Қарасай аудандарымен және Алатау, Алматы қалаларымен, оңтүстігінде Кеген ауданымен шектеседі.
Аудан Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аймақтың климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық және қысы суық. Топырақтары негізінен қара каштан, олар оңтүстік бөлігінде қара топырақтармен алмастырылған. Аудан жерінде мұздықтардан бастап жартылай шөлді аймақтарға дейінгі ландшафттар қалыптасқан. Пайдалы қазбалардан тас, гранит, құм, қиыршық тас және саз кен орындары бар.
Облыс аумағында ерекше қорғалатын Алматы ұлттық қорығы, Іле Алатауы ұлттық паркінің бөлігі бар.
Халқы
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
78211 | ▲89543 | ▲91545 | ▲132692 | ▲161724 | ▲228232 |
Аудан халқының саны 196 567 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (63,77%), орыстар (18,25%), ұйғырлар (9,69%), түріктер (2,57%), әзербайжандар (1,60%), күрдтер (0,77%), татарлар (0,56%), корейлер (0,44%), немістер (0,42%), өзбектер (0,36%), гректер (0,30%), украиндар (0,20%), қырғыздар (0,18%), поляктар (0,12%), шешендер (0,13%), дүңгендер (0,02%), беларустар (0,03%), басқалары (0,59%).
Әкімшілік бөлінісі
46 елді мекен 1 қалалық әкімдік және 10 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Алатау ауылдық округі | Қызылқайрат ауылы | 9 | ▲15982 |
Белбұлақ ауылдық округі | Белбұлақ ауылы | 3 | ▲17867 |
Бесағаш ауылдық округі | Бесағаш ауылы | 2 | ▲16824 |
Бесқайнар ауылдық округі | Бесқайнар ауылы | 2 | ▲ 2961 |
Гүлдала ауылдық округі | Гүлдала ауылы | 3 | ▲11876 |
Кеңдала ауылдық округі | Кеңдала ауылы | 4 | ▲22843 |
Қайнар ауылдық округі | Еркін ауылы | 10 | ▲12633 |
Нұра ауылдық округі | Нұра ауылы | 4 | ▲9335 |
Панфилов ауылдық округі | Панфилово ауылы | 7 | ▲31447 |
Талғар қалалық әкімдігі | Талғар қаласы | 1 | ▲63883 |
Тұздыбастау ауылдық округі | Тұздыбастау ауылы | 1 | ▲21693 |
ЖАЛПЫ САНЫ | — | 46 | ▲227344 |
Туризм нысандары
Алматы ұлттық қорығы, Талғар шыңы (5017м), Нұрсұлтан шыңы (4376м), Молодежный шыңы (4147м), Амангелді шыңы (3970м).
Спорттық шыңдалу нысандары
- Табаған спорт және демалыс жүйесі.
- Ақбұлақ кешені - Қазақстан ұлттық бокс, футбол жастар құрамасы, алматылық Алматы хоккей клубы, биатлоншылар жаттығатын, жарысатын кешенді орын.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары Мұрағатталған 10 қазанның 2023 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Талғар ауданы туралы ақпарат, Талғар ауданы дегеніміз не? Талғар ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!