Ділмәр сөз
Ділмәр сөз, қ а н а т т ы сөз, афоризм (грек. aphorismos - қысқа нақыл) - ғибрат түрінде айтылатын бейнелі сөз. Афоризмнің баламасы ретіндегі ділмәр сөз терминін Ахмет Байтұрсынұлы енгізді. Ал, Шәкерім Құдайбердіұлы "мәнді сөздер" деп атаған. Ділмәр сөз ойды жинақтап, тереңдетіп, салмақты, өрнекті, кестелі айтуға, мейлінше қысқа, түйінді тұжырымға, өткір мәнерлілікке, парасатты пайымға негізделеді. Мұндай үлгілі, дарынды сөздердің "тігісі жатық", мақал-мәтелдерден ерекшелігі - оның авторы белгілі. Әлемдік сөз өнерінде Ділмәр сөздің өзіндік тарихы бар. Ділмәр сөз көне заманның ойшылдары Платон, Аристотель, Гераклиттен бастала тұра, туған халқымыздың әдеби-көркем мұраларында, әдебиет классиктерінің туындыларында да кездеседі. Мысалы, "Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық, Сақалын сатан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық" (Абай). Ділмәр сөздер:
а) отан, халық, дәуірге;
ә) оқу-білім, ғылым-өнерге;
б) ақыл-парасат, арман-мақсат, үміт-тілекке;
в) адамгершілікті асыл қасиеттерге;
г) достық, махаббат, ұрпақ, өмір, уақыт, ата-ана тәрбиесіне, мінез-құлық ерекшеліктеріне қатысты жасалады.
Дереккөздер
| ]- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- Қазақстан әдебиеті
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ділмәр сөз туралы ақпарат, Ділмәр сөз дегеніміз не? Ділмәр сөз нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!