Тосын құмы
Тосынқұм – Шалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзенінің орта ағысында жатқан құмды массив.
Тосын | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 66 км |
Ені | 21 км |
Орналасуы | |
49°13′11″ с. е. 62°55′33″ ш. б. / 49.21972° с. е. 62.92583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°13′11″ с. е. 62°55′33″ ш. б. / 49.21972° с. е. 62.92583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Қостанай облысы |
Орналасуы | Шалқарнұра тауының солтүстігі |
Географиялық орны
Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км2. Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биіктігі 2–10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2–5 м тереңдікте (минералдылығы 1,5 – 5 г/л) жатыр.
Өсімдігі
Құм төбелерде еркек шөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тосын құмы туралы ақпарат, Тосын құмы дегеніміз не? Тосын құмы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!