Қарынжарық құмы
| Қарынжарық құмы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ұзындығы | 130, 160 км |
| Ені | 24, 40 км |
| Ауданы | 2000 км² |
| Орналасуы | |
| 42°27′59″ с. е. 53°46′42″ ш. б. / 42.466255° с. е. 53.778418° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°27′59″ с. е. 53°46′42″ ш. б. / 42.466255° с. е. 53.778418° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Маңғыстау облысы |
| Орналасуы | Маңғыстау түбегі мен Үстірт аралығы |
Қарынжарық – Маңғыстау түбегі мен Үстірт аралығындағы құмды алқап.
Географиялық орны
| ]Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы жерінде орналасқан.
Жер бедері
| ]Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай 130 – 160 км-ге созылған, ені 24 – 40 км. Ауданы 2 мың км2. Негізгі жыныстарының мүжіліп, үгілуінен қалыптасқан құмды төбелердің биіктігі кейде 5 – 15 м-ге жетеді. Кей жері тақырға, сортаңға, сорға айналған. Шығысын бойлай теңіз деңгейінен 52 м төмен жатқан Кендірлі соры мен Қарынжарық ойысы орналасқан.
Климаты
| ]Климаты континенттік, қаңтар айының орташа температурасы –5 – 6°С, шілдеде 27°С. Жауын-шашын мөлшері 120 – 150 мм шамасында. 3 – 7 м тереңдікте минералды грунт сулары бар.
Өсімдігі
| ]Шығысы құмды саздақтардан құралған аллювийлік жазық. Мұнда жусан, сораң өседі. Батысының жері дөңестеу, онда баялыш, жусан, жүзгін, күйреуік, ақ сексеуіл өседі. Солтүстігінде ойыс Қарабауыр жонына ұштасады. Мал жайылымы.
Дереккөздер
| ]- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
- Алфавит бойынша шөлдер
- Маңғыстау облысы құмдары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарынжарық құмы туралы ақпарат, Қарынжарық құмы дегеніміз не? Қарынжарық құмы нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!