Арал қарақұмы
Арал қарақұмы – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл.
Арал қарақұмы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 35 км² |
Климаты | |
Қаңтардағы орт. температура | –12 – 14 °C |
Шілдедегі орт. температура | 25 – 26 °C |
Орналасуы | |
46°41′18″ с. е. 63°01′09″ ш. б. / 46.68833° с. е. 63.01917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°41′18″ с. е. 63°01′09″ ш. б. / 46.68833° с. е. 63.01917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақтар | Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Ұлытау облысы |
Орналасуы | Арал теңізінің солтүстік-шығысы |
Географиялық орны
Арал теңізі мен Торғай үстіртінің аралығын, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр. Аумағы 35 мың км² шамасында.
Жер бедері
Құм алқабы бор және палеоген жыныстарының үгілуінің нәтижесінде түзілген. Қазіргі кезде оған жел айдап әкелген Арал теңізінің құм шөгінділері қосылуда. Алқап беті солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, Арал теңізі маңында жағалық құм белдеуіне ұласады. Біртұтас құм алқабы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойысты жеке бөліктерге бөлшектенген. Одан жоғары Көлқұдыққұм, Жіңішкеқұм, Алаайғырқұм, Үлкенқұм орналасқан. Арал қарақұмы жер асты суына бай. Тұщы суы жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте, артезиан суы бор және палеоген жыныстарының қабаттарында, яғни 100 – 200 м тереңдікте жатыр. Олардың минералдану дәрежесі әр түрлі (тұщы, кермек, ащы).
Климаты
Арал қарақұмының климаты тым континенттік, құрғақ. Қаңтардың орташа темпертурасы –12 – 14°С, шілдеде 25 – 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100– 150. Булануы 1400 – 1600 мм. Қыста қар жұқа түседі (қалыңдығы 5 – 6 см-ден аспайды). Сусыма құмды алқаптар мен ойпаңдарда қоңырқай топырақ арасынан сорлар ұшырасады.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Белесті құмды жазықтарда еркек шөп, жусан, жүзгін, құм сұлысы, қияқ, ойпаңдарда ши, айрауық, қамыс, сор жерлерде сарсазан, көкпек, бұйырғын өседі. Ұсақ кемірушілерден сарышұнақ, қосаяқ; бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, жылан, тасбақа: жыртқыштардан қасқыр, қарсақ, сондай-ақ қыста ақ бөкен мекендейді. Арал қарақұмында жыл бойы мал жайылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Арал қарақұмы туралы ақпарат, Арал қарақұмы дегеніміз не? Арал қарақұмы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!