Темір өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Темір өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 213 км
Су алабының
ауданы
8200 км²
Су алабы Жем алабы
Су ағысы
Бастауы Бұрма ауылының жеріндегі бұлақтар
 • Координаттары 49°38′54″ с. е. 56°56′29″ ш. б. / 49.64833° с. е. 56.94139° ш. б. / 49.64833; 56.94139 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Жем өзені
 • Координаттары 48°31′06″ с. е. 57°26′59″ ш. б. / 48.51833° с. е. 57.44972° ш. б. / 48.51833; 57.44972 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°31′06″ с. е. 57°26′59″ ш. б. / 48.51833° с. е. 57.44972° ш. б. / 48.51833; 57.44972 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел image Қазақстан
Аймақ Ақтөбе облысы Мұғалжар және Темір аудандары

Темір өзені – Жем алабындағы өзен.

Географиялық орны

 | ]

Ақтөбе облысының Мұғалжар және Темір аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 213 км, су жиналатын алабы 8200 км2.

Бастауы

 | ]

Ақтөбе облысындағы Бұрма ауылының жеріндегі бұлақтардан басталып, Шеңгелші ауылы тұсында Жем өзеніне құяды.

Гидрологиясы

 | ]

Ірі салалары – Көлденеңтемір, Көбелей, Толғанай. Аңғарының ені 3 – 10 км, жайылмасы 0,2 – 6 км. Арнасы жоғарғы бөлігінде 30 – 50 м, төменгі бөлігінде 150 – 200 м. Жауын-шашын, ішінара ыза суымен толысады. Жылдық орташа су ағымы Қопа ауылы тұсында секундына 6,55 м3. Сағасынан 34 км-ден 209 км-ге дейінгі аралықта 5 тоған салынған. Суы көктемде – тұщы, жазда – кермек татиды. Суы егістік, шабындық, мал суаруға, Темір қаласының, басқа да елді мекендердің мұқтажына пайдаланылады.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Темір өзені туралы ақпарат, Темір өзені дегеніміз не? Темір өзені нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *