Кіші Борсық
Кіші Борсық – Солтүстік Арал маңындағы құмды алқап.
Кіші Борсық құмы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 150,170 м |
Ұзындығы | 80 км |
Ені | 10,25 км |
Климаты | |
Қаңтардағы орт. температура | –15°С °C |
Шілдедегі орт. температура | 26°С °C |
Жылдық жауын-шашын деңгейі | 150 мм |
Орналасуы | |
47°25′10″ с. е. 60°48′09″ ш. б. / 47.41944° с. е. 60.80250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°25′10″ с. е. 60°48′09″ ш. б. / 47.41944° с. е. 60.80250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Орналасуы | Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысы Арал аудандары жерінде. |
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысының Арал аудандары жерінде.
Жер бедері
Кіші Арал теңізінің солтүстігінде 80 км-ге созылған. Ені 10-25 км. Орташа биіктігі 150-170 м, абсолюттік биіктігі 213 м (орта тұсында). Тұран тақтасының синклинальдық иінінде. Әр түрлі бұта және шала бұта басқан құм төбешіктерден, шағыл құмдардан тұрады. Құм шөл белдемінде жатыр.
Геологиялық құрылымы
Құмды алқап бор және палеоген тау жыныстарының жел (эол) әрекетінен үгілу нәтижесінде пайда болған.
Климаты
Климаты тым континенттік, қысы суық (қаңтардың орташа температурасы –12–15°С), жазы ыстық, құрғақ (шілденің орташа температурасы 25–26°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 мм, көктемнің соңы мен жаздың басында жауын көп жауады. Грунт суы 2-40 м тереңдікте кездеседі, көбінесе тұщы.
Өсімдігі
Құмайт қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, бетеге, жүзгін, т.б. өседі. Құмда қыстаулар, тұщы құдықтар көптеп кездеседі.
Дереккөздер
- Қазақстан Энциклопедиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кіші Борсық туралы ақпарат, Кіші Борсық дегеніміз не? Кіші Борсық нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!