Егістік қарақұмық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Егістік қарақұмық
image
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Polygonaceae
Тегі: Fagоpyrum
Түрі: F. esculentum
Екі-есімді атауы
Fagоpyrum esculentum

Егістік қарақұмық (лат. Fagоpyrum esculentum) – тарандар тұқымдасы, қарақұмық туысына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

 | ]
image
  • Биіктігі 70 см-ге дейін жетеді.
  • Тік өсетін қызғылт түсті сабағының жоғарғы жағында көп бунақтары бар.
  • Жапырақтары бүтін, кезектесіп орналасқан, үш бұрышты, жүрек тәрізді. Жоғарғыларының сағақтары ұзын.
  • Жапырақтары қою жасыл түсті, етті, екі жағында да майда сүйелдері бар.
  • Гүлдері шашақ сықылды ақ, қызыл, ашық қызыл түстерге боялып шоғырланып тұрады.
  • Жемісі - үш бұрышты қоңыр жаңғақша.
  • Шілде-тамыз айларында гүлдейді.
  • Көбінесе қолдан егіледі, кейде арамшөп ретінде егіс арасында да көптеп кездесе береді.

Емдік қасиеті

 | ]
  • Құрамында рутин, хлороген, простокатехин, кофе қышқылдары бар.
  • Рутин қан тамырларының қабырғаларын бекітіп, үзіліп не болмаса жарылып кетуден сақтайды. Бұл дәрі дәріханаларда сатылады және миға , жүрекке, көзге, теріге қан құйылудан алдын-ала сақтану үшін ауруларға беріледі.
  • Гипертония ауруы кеінде басқа да дәрілермен қосып қан қысымын төмендету үшін жұмсалады.
  • Ревматизм, қызамық, бөртпе сүзек, қызылша ауруларын емдеу үшін де өте бағалы дәрі болып есептеледі.
  • Қарақұмықтың жас жапырақтарын іріңдеген жараларға таңады.
  • Ұнтақ түрі нәресте денесінің базданған немесе жабысқан жерлеріне себу үшін де қолданылады.
  • Қарақұмықтың гүлі мен жас жапырақтарына ақшайыр шөбін араластырып қоспа жасап, атеросклероз ауруы бар адамдардың қан қысымы қатар көтерілгенде пайдаланады.

Сақтық шарасы

 | ]

Қарақұмықтың жас жапырақтары мен гүлдерінен дәрі жасап ішу кейбір жағдайларда қауіпті де, себебі олар улы болып есептелінеді. Сондықтан бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді тек дәрігердің бақылауымен ғана пайдалану қажет.

Тағы қараңыз

 | ]

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Егістік қарақұмық туралы ақпарат, Егістік қарақұмық дегеніміз не? Егістік қарақұмық нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *