Ислам діні

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image
Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаға бірігіп құлшылық етуде
image
Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті

Ислам (араб.: الاسلام‎) — әлемдік монотеисттік-авраамдық дін. Христиандықтан кейін дүниеде ең көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.

Исламның негіздері

Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар ﷺ Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды

Иман

image
Әһл әс-Сунна
туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі


Иман негіздері
Аллаға иман
Періштелерге иман
Қасиетті кітаптарға иман
Аллаһ елшілеріне иман
Ақырет күніне иман
Тағдыр мен қазаға иман

Иман (араб.: الإيمان‎) — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:

  1. Аллаға иман келтіру
  2. Періштелерге иман келтіру
  3. Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
  4. Пайғамбарларға иман келтіру
  5. Ақырет күніне иман келтіру
  6. Тағдыр мен қазаға иман келтіру

Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (араб.: آمن‎)» етістігінен шығып, ифғал (араб.: إفعال‎) бабында қолданылған масдар (араб.: مصدر‎ — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин (араб.: مؤمن‎)», иман етілген нәрселерге де «муминун би… (араб.: مؤمن بـ‎)» дейді.

Аллаһқа сену

Толық мақаласы: Аллаһ

Алла́ (араб.: الله‎‎‎) — «ләфз әл-джәләлә» (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. «Алла» сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың «иләһ (құдай)» сөзіне «ال» артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Алланың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. «Алла» есімін тек қана Аллаға қолдануға болады. Әдеттегіде «Алла» сөзімен қоса «Тағала» немесе «Субханаһу уә Тағала» деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданылады.

Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады. Алланың Жаратушы, барлығын бақылаушы екенін Құран Кәрімдегі мына аяттар баяндайды:

Ей, Адам баласы, сендерді бір адамнан жаратып, оған оның өзінен жұбайын жаратқан, және олардан көптеген ер адамдар мен әйел адамдарды таратқан Алладан қорқыңдар! Оның атымен бір-біріңнен сұрайтын Алладан қорқыңдар және туыстық қарым-қатынасты бұзудан қорқыңдар. Шын мәнінде Аллаһ сендерді бақылаушы

Ниса сүресі, 1-ші аят

Алланың таухиді (бірқұдайшылық) мынадай бөліктерден құралған:

  1. Алланың бүкіл әлемнің Жаратушысы, Ризықтандырушысы және Басқарушысы екеніне, өлтіретін де, тірілтетін де тек қана Алла екеніне, қиындықта көмектесіп, дұға-тілекті орындайтын тек қана Алла екеніне, Одан басқаның бұл істерге күші мен құдіреті жетпейтініне сену;
  2. Барлық құлшылықты тек қана Аллаға арнау; өз-өзіңді төмен санау, бағыныштылық, махаббат, иілу және сәжде ету, құрбан шалу мен ант ішуді ешбір серігі жоқ Аллаға арнау;
  3. Алла Тағаланың Кітабында және Пайғамбарының Сүннетінде келген есім-сипаттарын мойындап, Оны барлық кемшілік атаулыдан, жаратылыстарға ұқсаудан пәктеу;
"Алла" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі
image
Пәкістандағы тасқа қашалған Алла сөзі

«Алла» сөзі Алла Тағаланың барлық көркем есімдерін жинақтаушы есім. Арабтар бұл сөзбен құлшылық етілетінді, яғни сол құлшылыққа лайықтыны атайды. Құранда айтылған:

Ол аспанда да, жерде де Құдай. Ол Хикмет Иесі, Білуші.

Зухруф сүресі, 84-ші аят

Яғни жерде де, аспанда да оған құлшылық қылынады. «Алла» сөзінің мағынасы: Жаратылыстар махаббатпен, ұлықтаумен және бағыныштылқпен құлшылық қылатын Құдай. Барлық көркем сипаттар жиналған Құдай, Кәміл, Ұлық және Көркем. Барлық жаратылыстарды білімімен қамтыған Білуші, күшінен ештеңе айра алмайтын Құдіретті.

Аллаһқа серік қосу (ширк)
image
«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігі жазылған байрақ
Толық мақаласы: Ширк

Араб тілінде «ширк» (араб.: شِرْكٌ‎) сөзі «екі затты тең қылу» деген мағына береді. Ал шариғатта бұл терминнің жалпы және жалқы мағынасы бар:

  • Ширктің жалпы мағынасы: Алланың жеке өзіне тән болған сипатын немесе айырмашылығын басқаға телу. Бұндай ширктің үш түрі болады:
    1. Біреуді Алланың жаратушылық-раббылық сипатына теңеу, немесе осы сипаттармен Алладан басқаны сипаттау;
    2. Тек Аллаға ғана тиесілі болған есім-сипаттарды басқа біреу де иеленеді деп есептеу;
    3. Алла Тағалаға құлшылықта серік қосу, яғни құлшылықтың кез келген түрін Алладан басқаға арнау;
  • Ширктің жалқы мағынасы деп Алладан басқадан Оған дұға еткендей дұға қылу, Одан қалай шапағат тілесең солай шапағат тілеу, Оған қалай үміт етсең солай үміт ету, Оны қалай жақсы көрсең басқаны солай жақсы көру. Құран мен Сүннетте ширк туралы айтылса негізінен осы түсініледі.

Басқа жағынан алсақ ширк екі түрге бөлінеді: үлкен және кіші ширк.

  • Үлкен ширк (араб.: الشرك الأكبر‎) деп Алладан басқаға құлшылық ету, басқаны Аллаға теңеуді атайды. Үлкен ширк адамды Исламнан шығарып, оның тозақта запталуына себеп болады;
  • Кіші ширк (араб.: الشرك الأصغر‎) деп үлкен ширкке апаратын істерді немесе Құран мен Сүннетте «ширк» деп аталған, бірақ дәрежесі үлкен ширкке жетпейтін нәрселерді атайды.

Ислами сенім (ақида) бойынша Аллаға серік қосудың зардабы өте ауыр, тіпті сол ширкте қайтыс болған адам мәңгі-бақи тозақта қалады деп есептелінеді. Құранда айтады:

«Шын мәнінде Алла Оған серік қосқанды кешірмейді, одан басқасының (немесе: одан кішінің) барлығын кешіреді, егер қаласа»

Ниса сүресі, 48-ші аят

Алланың көркем-есімдері
Толық мақаласы: Алланың есімдері

Мұхаммед пайғамбар ﷺайтқан:

Шын мәнінде Аллада 99 есім бар — бірсіз жүз. Кімде-кім оларды санап шықса жәннәтқа кіреді

—«Сахих әл-Бұхари»: «Таухид кітабы»; «Сахих Муслим»: «Зікір, дұға және тәубе бабы»; «Муснад Ахмад ибн Ханбал»: «Әбу Һурайрадан келген есім-сипат хадистері»; «Сунан әт-Тирмизи»: «Пайғамбардан келген дұғалар бабы»; «Сунан Ибн Маджаһ»: «Дұға бабы»

Алланың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаға жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Алладан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.

Қасиетті кітаптарға сену

Арабтың «китаб» (араб.: كتاب‎) сөзі «жазу» мағынасын беретін «китаба» (араб.: كتابة‎) сөзінен шыққан. «Жазба», «жазуы бар бет» мағынасын береді. Ал «қасиетті кітаптар» деп Аллаһтың елшілеріне түсірілген Аллаһтың сөздері жазылған кітаптар мен парақтарды атайды. Бұл кітаптар жазылған күйде (Тәурат сияқты) немесе түскеннен кейін жазылған аян түрінде түсіріледі.

Ислам дінінде Алладан келген кітаптарға сену иманның шарты болып есептеледі. Кітаптарға сенбеген адамның иманы жоқ деп саналады. Алла кітапта айтады:

«Кімде кім Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілері мен Ақырет күніне иман келтірмесе, ол үлкен адасуда!»

—(Ниса сүресі, 136-шы аят)

Исламда қасиетті кітаптар деп мыналар аталады:

  • Алла тарапынан Ибраһим мен Мұсаға түскен парақтар (араб.: صُحُف‎)
  • Тәурат кітабы (араб.: توراة‎) — Мұса пайғамбарға түсірілген, Исраил ұрпағының ең ұлы кітабы
  • Забур кітабы (араб.: زبور‎) — Дәуд пайғамбарға түсірілген кітап
  • Інжіл кітабы (араб.: إنجيل‎) — Мәриям ұлы Иса пайғамбарға түсірілген кітап. Кейбір ғалымдар Інжіл Тәураттан тек Исраил ұрпақтары таласқа түскен кейбір жерлерінде ғана өзгеше деп санайды.
  • Құран Кәрім кітабы — Мұхаммед пайғамбарға ﷺ түсірілген Аллаһтың ақырғы кітабы

Ислами сенім бойынша Тәурат, Інжіл секілді кітаптар Аллаһ тарапынан түскенімен, адамдар оларға әртүрлі өзгертулер енгізіп, олардың мағынасын өзгерткен. Ал Құран болса өзгертулерден сақталған боп саналады. Аллаһ айтады:

«Шын мәнінде Біз зікірді түсірдік, және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз»

Хижр сүресі, 8-ші аят

Періштелерге сену

Арабтың «періште» (жекеше: мәләк араб.: ملك‎, көпше түрде: мәләикә араб.: ملائكة‎) сөзі «жолдау» (улук араб.: ألوك‎) сөзінен шыққан.

Періштелер Ислам дінінде Аллаһқа толығымен бағынышты, Оның кез келген әмірін орындайтын, елшілерге аян жеткізетін жаратылыстар. Құран Кәрімде періштелер жайлы былай делінген:

«Олар Үстеріндегі Раббыларынан қорқады және бұйырылған нәрсені орындайды»

Нахл сүресі, 50-ші аят)

Мұхаммед пайғамбар ﷺ періштелер туралы:

«Періштелер нұрдан жаратылған, жындар оттан жаратылған, ал Адам — сендерге баяндалған заттан жаратылған»

—«Сахих Муслим» (2996)

Имам әл-Байһақи періштелерге сену деген:

  1. олардың бар екеніне сену,
  2. олардың мәртебесін мойындап, олардың адамдар мен жындар секілді Аллаһтың құлдары екеніне сену
  3. олардың ішінде Алла елші қылып жіберетін, Алланың тағын (арш) көтеретін, жәннәт пен тозақы бақылайтын және т.б. періштелер бар екеніне сену. Осының барлығы Құранда келген.

Періштелерге сиыну, олардан көмек сұрау мүлдем тиым салынған нәрсе. Алла айтады:

«Ол сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдай қылуды әмір етпейді. Сендер мұсылман болғаннан кейін Ол сендерге күпір істеуге бұйыра ма?»

—Әли Имран сүресі, 80-ші аят

Ислам дінінде төмендегідей періштелердің аттары аталады:

  • Жәбірейіл (араб.: جبريل‎): Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі.
  • Микәил (араб.: ميكائيل‎)
  • Исрафил (араб.: إسرافيل‎) — Исрафилдың (а.с.) қызметі Сұрды (сырнай) үрлеу.
  • Малик — жәннәттің қамқоршысы
  • Мәләк ул-мәут (араб.: ملك الموت‎) — тіршілік атаулының жанын алатын періште.
  • Киромән катибин — әрбір адамның бұл дүниеде істеген ісін айна қатесіз жазып отыратын екі періштеге берілген есім.
  • Мункәр мен Накир (араб.: منكر و ناكر‎) — бұл екі періште дүниеде дәм тұзы бітіп, қабірге барған адамнан сұрақ алу қызметін атқарады.
  • Хәмәлә ул-арш — Алланың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім.
  • Ридуан (араб.: رضوان‎) — жұмақ қамқоршысы

Пайғамбарлар мен елшілерге сену

Толық мақаласы: Ислам пайғамбарлары
Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі


image

Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам • Ыдырыс
НұхҺұд • Салық
Ибраһим • Лұт
Ысмайыл • Ысқақ
Жақып • Жүсіп
Әйюб
Шұғайб • Мұса • Һарұн
Зул-Кифл • ДәуітСүлейменІлияс
Әл-Йаса • Жүніс
Зәкәрия • Жақия
Иса •
Мұхаммед

Арабтың «нәбий» (пайғамбар араб.: نبيّ‎) сөзі «нәбә» (хабар араб.: نبأ‎) сөзінен шыққан. Ислам дінінде иман негіздерінің төртіншісі — Алла тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман келтіру. Алла Құранда оларды «расул» (елші) және «нәбий» (пайғамбар) деп атаған. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед ﷺ болып есептеледі. Ислами сенім бойынша одан кейін пайғамбарлар жіберілмейді.

Пайғамбарлар мен елшілердің саны

Алла жіберген елшілердің саны туралы Әбу Умамадан келген хадисте айтылған:

Бірде бір адам Пайғамбардан ﷺ: «Адам пайғамбар болған ба?», — деп сұраған. Пайғамбар: «Йә», — деп жауап берген. «Ол мен Нұхтың арасында қанша уақыт өтті», — деп қайта сұрақ қойды. Пайғамбар айтты: «Он ғасыр», — деп жауап берген. «Йә Аллаһтың елшісі, қанша елші (расул) болды», — деп қайтадан сұрақ қойды. Пайғамбар: «Үш жүз он бес», — деп жауап берді.

—Ибн Хиббан (2085); әт-Табарани («әл-Аусат» 1/24) және («әл-Кабир» 8/139); әл-Хаким (2/262); шейх әл-Албани сахих хадис деген: «Силсилә әс-сахиха» (2668)

Ал пайғамбарлардың саны туралы кейбір хадистерде олардың саны 124 мың болғаны айтылған. Бірақ кей хадис ғалымдары оларды әлсіз санаған

«Расул» мен «нәбийдің» айрмашылығы

Исламда «нәбий» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық бар. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады:

«Әрбір елші — пайғамбар, бірақ әрбір пайғамбар елші емес»

—«Маджмуғ әл-Фатауа», 10/290

Мұсылман ғалымдарының пікірінше пайғамбар мен елшінің айырмашылығы — елшілер қауымға жаңа шариғат әкеліп, оларға кітаптар берілген, ал пайғамбарлар болса өздерінің алдындағы Кітапқа шақырып, алдыңғы елшінің шариғатын бекіткен.

Құранда аты аталған пайғамбарлар

Көптеген пайғамбарлардың есімдері Құранда аталған. Мысалға:

«Шын мәнінде Біз саған Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткендей уахи еттік. Және Біз Ибраһимге, Исмаилге, Исхаққа, Яқубқа, (Израильдің) ұрпақтарына, Исаға, Әйюбқа, Юнусқа, Һарун мен Сүлейменге уахи еттік. Және біз Дәуітке Забурды бердік. Және Біз бұрын саған айтылған және айтылмаған расулдар (елшілер) жібердік. Және Алла Мұсамен сөйлесті»

Ниса сүресі, 163-164 аяттар

«Айтыңдар: „Аллаға иман келтірдік, бізге түсірілгенге және Ибраһимге, Исмаилге, Исхаққа, Яқубқа, (Израиль) ұрпақтарына түсірілгенге, Мұса мен Исаға берілгенге және пайғамбарларға Раббылары бергенге иман келтірдік. Біз олардың арасын бөлмейміз және Оған ғана бағынамыз“»

Бақара сүресі, 136-шы аят

Қасиетті Құранда есімідері келтірілген пайғамбарлар
Есімі Пайғамбар Елші Басшы Кітап Жіберілген адамдары
Адам (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Басшы әрі патриарх
Адам ғ.с. балалары
Идрис (عليه السلام) image
Пайғамбар
Нұх (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
image
Патриарх
Нұх адамдары
Һұд (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
Ад адамдары
Салих (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
Талмуд адамдары
Ибраһим (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
image
Басшы
Жазулар Ибраһим адамдары
Лұт (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
image
Патриарх
Содом және Гоморра адамдары
Исмаил (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
image
Басшы әрі патриарх
Арабтар
Исхақ (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Басшы әрі патриарх
Каннан адамдары
Яқуб (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Басшы әрі патриарх
Израильдің 12 баласы
Юсуф (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Басшы
Коптілер
Әйюб (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Патриарх
Аюб адамдары
Шұғайб (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
Мәдян елі
Мұса (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
image
Басшы
Тәурат (Тора) Израиль ұрпақтары және Коптілер
Һарұн (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Патриарх
Израиль ұрпақтары және Коптілер
Дәуіт (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Басшы (Израиль патшалығы)
Забур (Псалмдер) Израиль
Сүлеймен (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Басшы (Израиль патшалығы)
Израиль
Ілияс (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
Ілияс пайғамбар адамдары
Әл-Йаса (Елисей) (عليه السلام) image
Пайғамбар
Израиль ұрпақтары
Юнус (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
Йона адамдары
Зул-Кифл (عليه السلام) image
Пайғамбар
Зәкәрия (عليه السلام) image
Пайғамбар
Израиль ұрпақтары
Йахйа (عليه السلام) image
Пайғамбар
Израиль ұрпақтары
Иса (عليه السلام) image
Пайғамбар
image
Елші
image
Басшы
Інжіл Израиль ұрпақтары
Мұхаммад ﷺ image
Пайғамбар
image
Елші
image
Басшы
Құран Күллі Адамзат
Мықты рухы бар пайғамбарлар

Құранда айтылған:

«Мықты рухы бар елшілер қалай сабыр етсе солай сабыр қыл!»

Ахқаф сүресі, 35-ші аят

Бұл пайғамбарларға Нұх, Ибраһим, Мұса. Иса және ақырғы және ең жақсы пайғамбар Мұхаммед кіреді ﷺ.

Қиямет күніне сену

Толық мақаласы: Қиямет

Ақырет күніне иман ету иман негіздерінің бірі. Бұған адамдардың қабірде сыналуына, олардың қайта тірілетеніне, адамдардың Аллаһ алдында есеп беретініне және т.б. қияметтің оқиғаларына сену кіреді. Исламда оған сену — парыз деп есептеледі. Құранда Аллаға иман етумен байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (араб.: يوم الآخر‎) иман ету де бірге айтылады.

«Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин.

Ақыреттің белгілері

Ақыреттің белгілеріне болып өткен немесе болашақта болуы тиіс Құран мен Сүннетте айтылған оқиғалар жатады:

  • Мұхаммедтің ﷺ пайғамбарлығы Ақыреттің белгісі болып есептеледі;
  • «Қамар» сүресінде баяндалған айдың қақ айырылуы;
  • Хиджаздан шыққан жалын (бұл жалын шынымен һижри 654-ші жылы шығып, алауы Шам өлкесіне шейін көрінген);
  • Күң әйелдің өз қожайынын тууы;
  • Аяқ киімі жоқ, жалаңаш, кедей қой бағатын адамдардың үй салып жарысуы;
  • 30 шақты өтірік пайғамбарлардың пайда болуы;
  • Евфраттағы су деңгейі түсіп, оның орнында алтын таудың пайда болуы;

Ең ұлы белгілер:

  • Түтіннің шығуы;
  • Дәжжәлдің келуі;
  • Жерден жануардың шығуы;
  • Күннің батыстан шығу;
  • Иса пайғамбардың түсуі;
  • Йәджудж бен Маджудждің шығуы;
  • Шығыста, батыста және Араб түбегіндегі жердің опырылуы;
  • Қағбаның қирауы;
  • Құранның аспанға көтерілуі;
  • Мәһдидің келуі;
  • Йеменнен шығатын от;
Ақырет күнінің сипаты

Пайғамбардан ﷺ келген хадиске сәйкес Исрафил періште Сұрға үрлегеннен кейін Алла қалағандардан басқа аспан мен жердегі барлық жаратылыс жан тапсырады. 40 күн, ай немесе жылдан соң Сұрға қайта үріліп, аспаннан жаңбыр жауады. Адамдар көкөніс сияқты өлгеннен кейін сақталып қалатын құйыршықтағы сүйектен өсіп шығады. Ал ең бірінші боп жерден шығатын адам — Мұхаммед пайғамбар болады.

Тағдырдың жақсылығы мен жамандығына сену

Толық мақаласы: Тағдыр мен қаза

Иман шарттарының алтыншысы — тағдырға иман. Тағдыр — араб тіліндегі «қадар» сөзінен шығып «өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» ұғымдарын білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы ‑ әлем жаратылғаннан бастап, болмыста болатын бүтін құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын, мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен белгіленіп, өлшеніп қоюымен байланысты. Әһлі Сүннет уәл-жамағат ғалымдары адам кез келген істі өз қалауымен жасайды, оны ешкім мәжбүрлемейді, бірақ оның қалауы Аллаһтың қалауына тәуелді және тек Аллаһтың рұқсатымен іске асады дейді

Тағдыр 4 дәрежеден құралған:

  1. Алланың барлық зат туралы білімі;
  2. Алланың барлық жаратылыстың тағдырын «Ләух әл-махфузда» жазып қоюы;
  3. Алланың осы болатын нәрселердің орын алуына рұқсат беруі;
  4. Алланың осы ісерді жаратуы, себебі Алла кез келген нәрсенің Жаратушысы;

Ислам

image
Дамасктегі Умәуи мешітінде намаз оқып жатқан мұсылмандар
Толық мақаласы: Ислам негіздері

Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:

  1. Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
  2. Бес уақыт парыз намазды орындау
  3. Рамазан айында ораза тұту
  4. Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру
  5. Өмірінде бір рет қажылыққа бару

«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігінің шарттары

Толық мақаласы: Шаһада

«Лә иләһә илл-Аллаһ (Алладан басқа құлшылыққа лайықты нәрсе жоқ)» куәлігінің талап ететін бірнеше шарттары бар:

  1. Білімсіздікті жоятын білім;
  2. Күманды жоятын нық сенім;
  3. Жоққа шығарудың терісі болған қабылдау;
  4. Бағынбаудың терісі бағыныштылық;
  5. Ширктің терісі ықылас;
  6. Екіжүзділіктің терісі шыншылдық;
  7. Жек көрудің терісі махаббат;
  8. Аллаһтан басқа құлшылық объектілерін жоққа шығарып, олардан аластау;

Яғни мұсылман осы куәліктің мағынасын біліп, одан күмәнданбай, жоққа шығармай, оған бағынып, ықыласты шын көңілмен, шыншыл болып, осыны жүрегімен жақсы көріп, сонымен қоса Аллаһтан басқа пұттар мен құдайшықтарды жоққа шығарса ғана Исламының шарты дұрыс болып, Алланың мейіріміне жетуге мүмкіндік алады.

«Мухаммад расулу-Ллаһ» куәлігінің шарттары

Мұхаммед пайғамбардың ﷺ елшілігін мойындаудың да бірнеше шарттары бар:

  1. Пайғамбардан айтқан заттарға күмансыз сену;
  2. Пайғамбар әмір еткен нәрселерге бағыну;
  3. Пайғамбар тиым салған нәрселерден сақтану;
  4. Ешбір адамның сөзін оныкінен артық қоймау;
  5. Дінге ол бұйырмаған нәрселерді кіргізбеу, мейлі ол сөз, іс немесе сенім тұрғысынан болсын;
  6. Пайғамбарға қатысты тек қана ол рұқсат берген нәрселерді орындау (мыс.: оның есімі аталғанда салауат айту)
  7. Пайғамбарды Аллаға ғана тиесілі болған нәрселерге ие деп санамау, одан тілек тілемеу, көмек сұрамау және т.б.
  8. Пайғамбардың сөздерін құрметтеп, оның хадистеріне құрметпен қарау;

Намаз

Толық мақаласы: Намаз

Соләт (араб.: صلاة‎) — араб тілінде «дұға» мағынасын береді. Шариғатта: Тәкбирден («Аллаһу әкбар» сөзі) басталып, тәслиммен («әс-сәләму ғалейкум» сөзі) аяқталатын белгілі амалдар мен сөздер жиынтығы. Намаз екі куәліктен кейінгі Исламның ең маңызды тірегі. Алла Тағала намазды Мұхаммед пайғамбарға ﷺ Миғраж түнінде жеті аспанның үстінен парыз еткен.

Ораза

Толық мақаласы: Ораза

Саум (араб.: صوم‎) — тілдік мағынасы: «бір нәрседен ұстану». Шариғатта: оразаға ниет етіп таң намазының уақытынан бастап күн батқанға шейін ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Оразаның екі негізі бар:

  • Таң намазының уақытынан күн батқанға шейін ораза бұзатын нәрселерден сақтану;
  • Бұл оразамен Аллаһқа құлшылықты ниет ету;

Зекет

Толық мақаласы: Зекет

Зәкәт (араб.: زكاة‎) — тілдік мағынасы: «артық зат», «өсу (егіннің)». Шариғатта: белгілі адамдардың тобының белгілі мөлшерге жеткен дүние-мүлкінен алынатын ақысы. Бұл Алланың құлының жаны үшін тазарыну саналды. Және зекет беру мұсылман жамағатының арасын жақындастырудың, махаббат пен бірліктің себебі.

Қажылық

Толық мақаласы: Қажылық

Хажж (араб.: حجّ‎) — тілдік мағынасы: «ниеттену, мақсат, қалау, жөнелу». Шариғатта: Сүннетке сәйкес белгіленген жерде белгілі уақытта діни рәсімдерді орындау. Қажылық Ислам дінінің тірегі саналады, және мұсылман ғалымдары қажылықты өмірінде бір рет орындау парыз екеніне бір ауыздан келіскен.

Ихсан

Толық мақаласы: Ихсан

Ислам дінінің үшінші мәртебесі — ихсан (араб.: الإحسان‎). Ихсанда бір негіз бар:

  • Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу, ал егер олай істей алмасаң, Аллаһ сені көріп тұрғандай құлшылық қылу.

Бұл парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.

Ислам шариғаты және фиқһы

image
Ислами, исламды ресми дін деп мойындаған және зайырлы мұсылман мемлекеттері
Толық мақаласы: Шариғат

Ислам шариғаты — ол адамның Алламен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы.

Шариғаттағы амал түрлері

Шариғат амалдары сегізге бөлінеді:

  1. Парыз
  2. Уәжіп
  3. Сүннет
  4. Мұстахаб
  5. Мубах
  6. Харам
  7. Мәкрүһ
  8. Муфсид

Осы сегіздің алғашқы бесеуін орындауы, соңғы үшеуінен бойын аулақ ұстауы, яғни жасамауы – мұсылманның міндеті.

Парыз

Толық мақаласы: Парыз

Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.

Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді:

  • «Айн парыз». Әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Біреудің парызын басқа біреу өтей алмайды. Намаз бен ораза секілді.
  • «Кифая парыз»: жалпы мұсылманға парыз бола тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы барша мұсылманның мойнынан түсетін парыздар. Алайда, ешкім орындамаса, барлық қоғам жауапты.

Уәжіп

Толық мақаласы: Уәжіп

Уәжіп – орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен амалдар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б.

Сүннет

Толық мақаласы: Сүннет

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.

Сүннет үшке бөлінеді:

  1. Муәккәд сүннет (бекітілген сүннет)
  2. Ғайру муәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)
  3. Зәуәид сүннет (артық сүннет)

Мұстахаб

Толық мақаласы: Мұстахаб

Мұстахаб – таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Мұхаммед пайғамбардың ﷺ кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді кейбір нәпіл намаз бен оразалар осыған жатады. Сонымен қатар таң намазын айналаға жарық түскенде оқу, жаздың шілдесінде бесін намазын салқын түскенге дейін кешіктіріп оқу, ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Мұның үкімін жасағанға – сауап, жасамағанға күнә жоқ. Ибн Абидин мәндуб, мұстахаб, нәпіл терминдерінің бір мағына беретінін айтқан.

Мубах

Мубах — жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.

Харам

Толық мақаласы: Харам

Харам — жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу, құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, жала жабу, т.б. іс-әрекеттер осыған жатады.

Мәкрүһ

Толық мақаласы: Мәкрүһ

Мәкрүһ — сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы мәкрүһке жатады.

Мәкрүһ екіге бөлінеді:

  1. Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ). Мысалға: дәрет алғанда суды ысырап ету, т.б.
  2. Халалға жақын мәкрүһ (Тәнзиһән мәкрүһ). Мысалға: мұрынды оң қолмен шаю, т.б.

Муфсид

Муфсид — басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. Муфсидтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.

Ислам шариғаттының негіздері

Құран

Толық мақалалары: Құран, Құран тарихы, және Құран оқылуы
Құран туралы мақалалар
Құран Кәрім
image
Құран Порталы
image Құран порталы
image
Осман нұсқасының тағы бір суреті

Құран«Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін, оған сенушілер үшін ақырғы пайғамбар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке ﷺ түсірілген Алланың сөзі деп есептеледі. Құранда 114 сүре, 6236 аят бар. Құран әдеби араб тілінде түсіріліп, Ислам шариғатының негізі боп табылады. Алла Тағала Құранды өзгертулер мен қосымшалардан сақтауға уәде берген. Оның ішінде наным-сенім, ғибадат, адамдардың ара-қатынасы және т.б. мәселелердің үкімдері жалпы және жекеше түрде баяндалған.

Ең алғашқы түсірілген уахи болып Құранның Аләқ сүресі саналады, ал елшіліктің ең алғашқы аяты деп Муддәссир сүресінің бастапқы аяттары саналады. Сондықтан кейбір ғалымдар Мұхаммед ﷺ «Алақ» сүресінің түсуімен пайғамбар, «Муддассир» сүресінің түсуімен елші болды деп санайды.

Тағы қараңыз: Аяттардың түсу себептері

Түсу себебіне байланысты Құран аяттары екіге бөлінеді:

  1. Аллаһ тарапынан ешбір себепсіз түсірілген аяттар;
  2. Белгілі бір оқиғаға байланысты немесе басқа да себебтемен түсірілген аяттар;
Тағы қараңыз: Құран тарихы, Меккелік сүре және Мединелік сүре

Құран үзік-үзік болып 23 жыл бойы түсірілген. Бұл уақыттың көп бөлігін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Меккеде өткізген. Сондықтан ғалымдар аяттарды «меккелік» және «мединелік» деп екіге бөледі:

  1. Меккелік аяттар — меккелік Исламға қарсы мұшриктерге арналғандықтан қатал стилді және қысқа да нұсқа болып келеді. Сонымен қатар меккелік аяттар көбінесе таухид, иман, Ақырет күніне сену мәселелерін қозғайды;
  2. Мединелік аяттар — бұл кезде мұсылмандар көбейгесін көбінесе жұмсақ түрде, мұсылмандарға қатысты шариғат үкімдерін баяндайды. Сонымен қатар джиһад заңдастырылғандықтан және мұнафықтардың екіжүзділігі көрінгендіктен джиһад пен екіжүзділер туралы аяттар түсе баятады

Сүннет

Толық мақаласы: Сүннет

Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға ﷺ еруге, оған бағынуға бұйырады, сондықтан Сүннет Ислам шариғатының екінші негізі болып саналады. Сүннет деп пайғамбардың кез келген сөзін, ісін немесе бір нәрсені іштей қолдауын атайды. Бастапқыда Мұхаммед пайғамбар өзінен хадистер жазуды құптамаған. Мысалға мына сөздері:

«Менің атымнан Құраннан басқа ештеңе жазбаңдар. Ал егер біреу менің атымнан Құраннан басқа бірдеңе жазса — өшірсін»

Алайда артынан Абдуллаһ ибн Амр деген сахаба осы туралы сұрағанда ол аузына меңзеп:

«Жаз! Оның Қолында жаным болғанмен ант етемін, бұл жерден ақиқаттан басқа ештеңе шықпайды», — деп айтады

—Ахмад 2/62, Әбу Дәуд 3646, Әд-Дарими 1/125. Сахих хадис: «әс-Сильсиля әс-сахиха» 1532

Және Хафиз әс-Сахауи «Фатх әл-муғис» кітабында айтқандай Ислам ғалымдары Сүннетті жазуға бір ауыздан рұқсат берген.

Тағы қараңыз: Құраншылар

Соңғы кездері Сүннетті өзгеріске ұшыраған деп, тек Құранға еріп, шариғатты тек содан алу керек деген «құраншылар» қозғалысы пайда болды. Оларға жауап ретінде Сүннетті мойындайтын мұсылмандар Құранның өзінде келген пайғамбарға еруге үгіттейтін аяттарды алып келеді. Мысалға:

«Шын мәнінде ол өз қалауымен сөйлемейді · Бұл тек қана түсіріліп жатқан уахи»

Нәжм сүресі, 3-4 аяттар

«Сендерге елші не берсе соны алыңдар да, ол неден қайтарса содан тыйылыңдар!»

Хашр сүресі, 7-ші аят

Сонымен қатар пайғамбардан мынадай хадис жеткен:

«Адамға меннен бір хадис жеткенде ол: „Біз бен сендердің арамызда Алланың Кітабы бар! Оның ішінде рұқсат болған нәрсені халал санаймыз, тиым салынған нәрсені харам санаймыз“, — деп айтуы мүмкін. Алайда шын мәнінде Алланың елшісі харам қылған нәрсе Алланың өзі харам қылған сияқты!»

Имам әт-Тирмизи (2664), Ибн Маджаһ (12). Хадис сахих: «Мишкат әл-масабих», 163

Сүннет кітаптары
Толық мақаласы: Хадис жинақтары

Танымал хадис жинақтары:

  • Имам Мұхаммед әл-Бұхаридің «Сахих» жинағы;
  • Имам Муслим ибн Хаджжадждің «Сахих» жинағы;
  • Имам Әбу Дәудтің «Сунан» жинағы;
  • Имам әт-Тирмизидің «Сунан» жинағы;
  • Имам ән-Нәсәидің «Сунан» жинағы;
  • Имам Ибн Маджаһтың «Сунан» жинағы;
  • Имам Мұхаммед ибн Исмаил әл-Бұхаридің «Адаб әл-муфрад» кітабы;
  • Имам әл-Хакимнің «Мустадрак» кітабы;
  • Имам Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл-Хатыб әт-Тибризидің «Мишкат әл-масабих» жинағы;
  • Шейх Мұхаммед Насыруддин әл-Албанидің «Сахих әл-джамиғ әс-сағир» жинағы;
  • Имам Ахмад ибн Ханбалдың «Муснады»;
  • Имам ән-Нәуәуидің «Рияд әс-салихин» жинағы;
  • Шейх Муқбиль ибн Һадидің «әл-Джәмиғ әс-сахих мимма ләйса фи сахихайн» жинағы;

Ижмағ

Толық мақаласы: Ижмағ

Ижмағ (араб.: إجماع‎) — Пайғамбардан ﷺ кейінгі заманда мұсылман ғалымдарының бір үкімге бір ауыздан келісуі. Ижмағқа сахабалардың пайғамбарлық заманда істеген істері жатпайды, себебі сахабалардың ол кезде істеген амалдары өздігінен шариғи дәлел болып саналады. Егер ғалымдар бір үкімге ижмағ қылса, ешкімге оны бұзуға немесе жоққа шығаруға рұқсат етілмеген, себебі Пайғамбар ﷺ айтқан:

«Менің үмметім адасуда жиналмайды»

Имам әт-Тирмизи (2167), Әбу Дәуд (4235), Ибн Маджаһ (3590)

Ижмағтың екі түрі болады:

  1. «Ижмағ қатғий» — үмметтің анық келісімімен болған ижмағ. Мысалға: намаздың парыз екеніне ижмағ, зинаның харам екеніне ижмағ, т.б.
  2. «Ижмағ занний» — бір нәрсеге ерумен, немесе еш нәрсе айтпай, бақылаумен болған ижмағ. Яғни бір ғалымның айтқан нәрсесіне басқа ғалымдардың ештеңе айтпай еруі, немесе оған қарсы шықпауы. Бұл ижмағ түрін бекітуде, яғни дәлел ретінде қабылдауда мұсылман ғалымдарында келіспеушілік болған.

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады:

«Ижмағ — ол сәләфтардың бір нәрсеге бірігуі, тіпті егер олардан кейін келіспеушіліктер көбейіп, үммет бөлініп кетсе де»

—«Шарх әл-ақида әл-уасития», Мұхаммед әл-Усәймин, 2/328. «Ибн әл-Джәузи» баспа үйі

Қияс

Толық мақаласы: Қияс

Қияс — Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі. Мұсылман ғалымдарының арасында қияс Құран, Сүннет және ижмағтан кейінгі орын алады. Алайда қиястың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері бар. Тыйым салынған түрлеріне біреудің Құран мен Сүннеттен дәлелі болып тұрып қияс арқылы үкім шығаруы жатады. Ибн Масғұд айтқан:

«Дін мәселелерінде қиясқа негізделетін болсаңдар, көптеген харам нәрсені халал қылып, халал нәрселерді харам қылып аласыңдар»

«Аллаһ айтты (Ібіліске): Саған мен әмір еткенде сәжде жасауға не кедергі болды? — деп. Ол жауап берді: Мен одан жақсырақпын! Сен мені оттан, ал оны балшықтан жараттың»

—7:12

Әл-Хасан әл-Басри мен Мұхаммед ибн Сирин осы аятқа сүйеніп ең бірінші боп тыйым салынған қиясты Ібіліс қолданған деп санаған.

Ижтиһад

Толық мақаласы: Иджтиһад

Ижтиһад: шариғи үкім шығарудағы ғалымның ізденіс қылып, еңбек етуі. Ижтиһад жасаудағы муджтаһидтің шарттары:

  • Ижтиһадқа қажетті Құран, Сүннет және т.б. шариғат негіздерінен дәлелдерді білуі;
  • Иснад, хадис тізбегінегі адамдар секілді хадистердің сахих немесе әлсіздігіне байланысты үкімдерді білуі;
  • Үкімі жойылған немесе ижмағқа қайшы нәрселермен үкім шығармау үшін насих пен мансухты (яғни үкімін жоюшы және үкімі жойылған аят пен хадистер) білуі, ижмағты білуі қажет;
  • Дәлелдерден анықтаушы және жеке дәлелдерді айыра білуі;
  • Тілден және фиқһ негіздерінен «жалпы және жеке» деген сияқты сөздік ишараттардың мағынасын білуі;
  • Дәлелдерден үкімдер шығаруға қабілеті болуы керек;

Фиқһ

Толық мақалалары: Фиқһ және Фиқһ негіздері

Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі
Усул әл-фиқһ

(Фиқһ негіздері)

image
Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Фиқһ (араб.: فقه‎) — тілдік мағынасы «түсіну». Бұл мағынада «фиқһ» сөзі Құранда бірнеше жерде қолданылады. Мысалға:

Қазақша: «…бірақ сендер олардың мадақтарын түсінбейсіңдер…»
Араб тілінде: «…و لكن لا تفقهون تسبيحهم…»

Исра сүресі, 44-ші аят

Шариғат терминологиясында «фиқһ»: шариғаттың амалға қатысты үкімдерін дәлелдер арқылы білу. Кейде сол үкімдердің өзін «фиқһ» деп те атайды. Фиқһтың негіздері:

  1. Құран Кәрім
  2. Сүннет
  3. Ижмағ
  4. Қияс

Фиқһта мукәллаф (балиғат жасына жеткен) мұсылмандардың амалдары жалпы және толықтай қарастырылып, адамның Жаратушысымен, өзімен және басқа адамдармен болған қатынасын реттейді. Фиқһ мукәллаф адамның сөздерін, амалдарын, келісімдерін, мүлкін жұмсауын қамтиды. Фиқһ екіге бөлінеді:

  1. Ғибадаттың үкімдері: намаз, ораза, қажылық сияқты ғибадаттардың үкімдері.
  2. Қарым-қатынас үкімдері: келісімдер, мал-мүлікті жұмсау, қылмыс пен жаза, кепіл беру, және тағы да басқа адамдар арасындағы қарым-қатынастың үкімдері.

Фиқһты білудің әсері Аллаһтың құлының салихалылығында, оның амалдарының дұрысталуында, әдебінің түзелуінде білінеді. Ал егер мұсылман дұрысталса — жамағат та дұрысталып, оның нәтижесі осы дүниедегі бақытты өмір мен Аллаһтың Ақыреттегі ризалығы болмақ. Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтқан:

«Аллаһ кімге жақсылық қаласа дінді түсінетін (фақиһ) қылады»

—«Сахих әл-Бұхари» (71); «Сахих Муслим» (1037)

Фиқһ мазһабтары

Толық мақаласы: Мазһабтар

Фиқһ мазһабтарының ішінде бір ғалымның ойлары мен шариғи мәселелерге көзқарастары болып, бірақ оны тарататын, нақтылайтын шәкірттер болмағасын толықтай дамымаған, бізге көп үкімдері жетпеген жеке мазһабтар бар. Сонымен қатар негізін салған муджтаһид-ғалымдардың көзқарастары шәкірттері арқылы дамуын тауып, кең таралған көпшілік-жамағи мазһабтар бар. Бұл мазһабтар негізін қалаған имамдардың атымен аталып осы күнге шейін жеткен. Бұл мазһабтардың қатарына пайда болу реті бойынша: ханафи мазһабы, малики мазһабы, шафиғи мазһабы және ханбали мазһабы жатады. Оған қоса кейде заһири мазһабы да қосылады. Міне осы мазһабтар «Әһлі-Сүннет» мазһабтары деп аталады. Әһлі-Сүннет мазһабтарынан бөлек шиғалардың «джафари» және «зәйди» мазһабтары, харижиттердің «ибади» мазһабы бар.

Ханафи мазһабы

image
Мазһабтар таралған аймақтардың картасы
Толық мақаласы: Ханафи мазһабы

Ханафи мазһабы — Имам Ағзам Әбу Ханифаға телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Қалаушысының есіміне сәйкес «ханафи мазһабы» деп аталады. Шын аты Нуғман ибн Сәбит болған Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (699 ж.) Куфа қаласында дүниеге келіп, һижраның 150 ж. (767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Ханафи мазһабына кіретін ғалымдар Әбу Ханифаны «Имам Ағзам» (ұлы имам) деп атайды. Кейбір тарих ғалымдары Әбу Ханифаны сахабаларды көрген табиғиндерден деп есептейді, себебі ол сахаба Малик ибн Әнәстан хадистер риуаят еткен. Бірақ басқа тарихшылар оны табиғиндердің ізбасарларынан деп санайды.

Имам Әбу Ханифа Исламның көптеген мәселелерін білген ғалым болғанымен, оның негізгі еңбегі фиқһ саласында болған. Абдуллаһ ибн әл-Мубарак ол туралы айтқан:

«Мен оған фиқһте тең келетін ешкімді білмеймін!»

Әш-Шафиғи ол туралы:

«Фиқһте барлық адам Әбу Ханифаның арқасында өмір сүреді»

Малики мазһабы

Толық мақаласы: Малики мазһабы

Малики мазһабы — Имам Малик ибн Әнәсқа телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Оның негізін қалаған Мәлик ибн Әнәс һижри 96-шы жылы (711 ж.) Медине қаласында дүниеге келіп, 179-шы жылы (795 ж.) қайтыс болған. Имам Мәлик Йеменнен көшіп келген Хумайр патшалық аулетінен шыққан. Оның отбасы шариғи біліммен танымал болып, оның өзі де «Имам дар әл-Һижра („дар әл-һижра“ — Медине қаласы)» деген атақты алған. Имам Малик хадистерге үлкен көңіл бөліп, өзінен кейін «Муатта» хадистер жинағын қалдырған.

Шафиғи мазһабы

Толық мақаласы: Шафиғи мазһабы

Шафиғи мазһабының негізін салушы — Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи. Һижра жыл санауы бойынша 150 жылы Палестинадағы Газа қаласында дүниеге келген. Жеті жасында Құранды жаттап бітірген Мұхаммед ибн Идрис, 15 жасында пәтуа беруге рұқсат алады. Имам әш-Шафиғи атақты ғалымдар: Имам Маликтен, Суфйан ибн Уяйнадан, Имам Мұхаммед әш-Шайбаниден білім алған. Өзінің қысқа ғұмырында әш-Шафиғи Меккеде, Йеменде, Иракта, Мысырда білім алып, сол жерлерде сабақ берумен айналысты. Имам әш-Шафиғи ең бірінші болып «усуль әл-фиқһ» ғылымын енгізіп, сол жайлы «Рисалә» кітабын жазады. Имам Ахмад ибн Ханбал оны өз ұстазы санап, оны Аллаһтын дінді жаңартуға жіберген «муджәддиді» санаған. Һижра жыл санауы бойынша 204 жылы дүниеден озды.

Ханбали мазһабы

Толық мақаласы: Ханбали мазһабы

Мазһабтың негізін салушы — Имам Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ханбал әш-Шәйбани. Һижра жыл санауы бойынша 164-ші жылы (778 ж.) Мерв қаласында дүние келіп, һижри жыл санауы бойынша 241-ші жылы (855 ж.) қайтыс болды. Жастайынан әкесінен жетім қалған Имам Ахмад шариғат пәндеріне, оның ішінде хадис іліміне көп көңіл беріп, ұлы мухадди атанады. Ол Әбу Ханифаның атақты шәкірті Имам Әбу Юсуфтан, Имам әш-Шафиғиден, Уәкиғ ибн әл-Джаррахтан білім алған. Тіпті оның ұстаздары болған Әбу Дәуд, Имам Муслим, Имам әл-Бұхарилер одан хадис риуаят ететін болған.

Имам Ахмад билікке келген мутазилиттік сенімді ұстанатын халифтерден көп қысым көреді. Ұзақ уақыт түрмеде қамалып, азапталса да Ислами сенімнен бас тартпаған ол әлі күнге шейін ең атақты діни авторитеттердің бірі саналады.

Имам Ахмад шариғаттағы дәлелдерді Құран мен Сүннеттен алуға шақырып, имамдардың сөздеріне соқыр еруге тыйым салған. Ол айтқан:

«Менің пәтуаларыма, Маликтің, әш-Шафиғидің, әл-Әузағи мен әс-Сәуридің пәтуаларына соқыр ермеңдер. Пәтуаларыңды олар пәтуа алған жерден алыңдар!»

Ибн әл-Джәузи Имам Ахмадтың мынадай сөзін жеткізген:

«Кімде-кім Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын, сахих хадисін қабылдамаса, ол құрудың алдында тұр!»

Басқа мазһабтар

Аталған төрт мазһабтан бөлек ерушілер саны аз және аз елдерде таралған мазһабтар бар.

Джафари мазһабы (шиғалар мазһабы)
Толық мақаласы: Шиғалық мазһабтар

Бұл мазһабтың бастаушысы деп шиғалар Джафар әс-Садиқты санайды. Ол һижри 80-148 (702-765) жылдары Мединеде өмір сүрген. Әһлі-Сүннет ғалымдары арасында ол білімді саналып, Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи оның мәжілістеріне қатысқан. Он екі имамды мойындайтын шиитттерде ол алтыншы имам саналады. Джафари мазһабын ұстанушылар сахабалардың ешбір ижмағын мойындамайды, тек сол сахабалардың қатарында Әли ибн Әбу Талиб болмаса. Сонымен қатар олар Әли ұрпағынан шыққан имамдарды күналар мен қателерден сақталған шариғат көзі санайды. Олар ижтиһад құқығына тек қана «имамдар» ие, басқаларына ижтиһад жасағанда олардың пікірлеріне қайшы келуге болмайды деп есептейді.

Заһири мазһабы
Толық мақаласы: Заһири мазһабы

Имам Дәуд ибн Әли әл-Асфаһани әз-Заһири (815-883) қалаған мазһаб. Бұл мазһабтағы шариғат негіздері Әһлі-Сүннет мазһабтарына ұқсас. Мазһабтың «заһири» аталу себебі олар үкім шығаруда аят-хадистердің сыртқы мағынасын ғана алуды қолданады. Заһири мазһабының атақты ғалымдарының бірі — Имам Ибн Хазм әл-Андалуси. Заһири мазһабы Испанияда кең таралғанмен, ол жақтағы халифаттың құлауымен толығымен жойылып кетіп, тек жазба еңбектері жеткен.

Зәйди мазһабы (шиғалар мазһабы)
Толық мақаласы: Зәйдилік

Зәйди мазһабының үкімдері Әһлі-Сүннет мазһабтарының, оның ішінде ханафи мазһабының үкімдеріне ұқсас болып келеді, себебі бұл мазһабтың негізін салушы саналатын Зәйд ибн Әли «Зәйн әл-абидин» ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Әбу Талиб (һижри 80-122 жж.) Ирактың Әбу Ханифа білім алған ғалымдарынан білім алуы. Бұл мазһабта Құранмен қоса Сүннет те шариғаттың көзі саналады және хадистер тек қана Әһлі-Бәйтпен шектелмейді, басқа сахабалардан да алынады.

Ибади мазһабы (харижилік мазһаб)
Толық мақаласы: Ибади мазһабы

Ибади мазһабының негізін қалаушысы Джәбир ибн Зәйд әл-Азди. Бұл мазһаб Әһлі-Сүннет мазһабтарына көптеген мәселелерде ұқсас болғанымен, кейбір үкімдерінде оларға қайшы келеді Ибади мазһабы Оман сұлтандығында көп тараған.

Әузағи мазһабы
Толық мақаласы: Әузағи мазһабы

Әбу Амр Әбдуррахман ибн Амр әл-Әузағи (707-774) негізін қалаған Әһлі-Сүннет мазһабы. Әл-Әузағи өз кезінің ұлы ғалымы болған адам. Оның мазһабы Шам өлкесінде, содан кейін Андалусияда таралған. Бірақ Шамда шафиғи мазһабы, Андалуста малики мазһабы таралуымен бұл мазһаб әлсіреп, уақыт өте жойылып кеткен.

Ләйс ибн Сағд мазһабы
Толық мақаласы: Ләйс ибн Сағд мазһабы

Мысырлық ғұлама Ләйс ибн Сағдтың да Әһлі-Сүннет мазһабы саналған мектебі болған, бірақ уақыт өте жойылып кеткен.

Жиһад

Толық мақаласы: Жиһад

«Джиһад» сөзі «күрес, күш жұмсау, соғыс» мағыналарын береді. «Қазіргі заманның араб тілінің сөздігіндегі» «джиһад» сөзінің анықтамасы: «Келісімге отырмаған кәпірлермен соғыс немесе Аллаһтың жолындағы соғыс. Дінді немесе отанды қорғау үшін соғысу». Бірақ бұл сөз тек жаулармен соғысу мағынасында ғана емес, нәпсімен, шайтанмен күресу мағынасында да жұмсалады. Имам Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия айтады:

«Джиһад екі түрлі болады: жаумен және өз нәпсіңмен, әрі жауға қарсы джиһадтан гөрі өз нәпсіңе қарсы джиһад әлдеқайда артық. Шын мәнінде, кімде-кім өзіне бұйырылғанды орындап, тыйым салынғаннан аулақ болу үшін өз нәпсісіне қарсы джиһад жасай алмаса, онда ол жауға да қарсы джиһад жасай алмайды. Алайда, дұшпанның тағы бір үшінші түрі бар, әрі онымен шайқаспаған адам, жауға да, өз нәпсісіне де қарсы жиһад жасай алмайды. Ол – шайтан. Оған қарсы джиһад жасау – жаумен де, өз нәпсімен де джиһад жасаудың негізі болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында, шайтан – сендердің жауларың, ендеше оған жау ретінде қараңдар. Ол өз тобын Тозақ тұрғындары болуға шақырады» (Фатыр сүресі, 6-аят). Шайтанға жау ретінде қарау бұйрығы – оған қарсы джиһад жасап, онымен шайқасуда барлық күш-жігеріңді сарп етудің маңыздылығын көрсетеді. Өйткені шайтан – Аллаһ Тағаланың құлдарымен соғысуын тоқтатпайтын, әрі әлсіремейтін жау!»

—«Зәәд әл-мәғад» 3/6; Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия

Сондай-ақ Ибн әл-Қаийм қылышпен жасалатын жиһадтан гөрі дәлел мен түсіндірумен жасалатын джиһадты артық санаған, және бұл джиһадты пайғамбарлар мен олардың артынан ілескен имамдар жасайды деген. Бұған мына аят дәлел болады:

«Егер Біз қаласақ, әрбір мекенге сақтандыратын ескертуші жіберер едік. Сондықтан, кәпірлерге бағынба да, оларға қарсы Құран арқылы ұлы жиһад жаса!»

Фурқан сүресі, 51-52-аятта)

Ислам күнтізбесі

image
Мұсылмандар күнтізбесі Ай фазаларына негізделген
Толық мақаласы: Ислам күнтізбесі

Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің ﷺ Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден өткен уақытанан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб (634 — 644) жасаған. Нақты жылдан 11 күн кем болғандықтан, Ислам күнтізбесіндегі жылдың басы жылжи береді. һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Ол тек Айға негізделген.

Ислами әдеп

Ислами әдеп деп шариғаттан бастау алатын жақсы іс саналатын амалдар мен сөздер жиынтығын атайды. Мысалға: «әс-сәләму ғалейкум» деп амандасу, оған «уә ғалейкум әс-сәләм» деп жауа қайту, ас ішуді «бисми-Лләһпен» бастау, тамақты оң қолмен ішу, тамақтан кейін «әл-хамду ли-Лләһ» деу, ер балаларды сүндетке отырғызу, қажетілікті өтегеннен кейін тазалану, адам қайтыс болғандағы рәсімдер, оған жаназасын оқу; бұған әртүрлі дұғалар да жатады: үйден шыққандағы дұға, мешітке кіргендегі дұға, әжетханаға кіргендегі дұға; сонымен қатар басқалардың әуретіне қарамау да әдепке жатады.

Киім әдебі

Толық мақаласы: Исламдағы киім әдебі
image
Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі

Ислам мәдениеті

Архитектура

Араб ·Әзірбайжандық
Үнді-Ислам ·Айуандар ·Малайлық
Мавритан · Марокколық · Моғол
Османдық ·Парсы ·Рази стилі
Судандық · Татар
Қазақ ·Орта Азиялық

Өнер

Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер
Орта Азиялық миниатюра мектебі
Тебриз миниатюра мектебі
Үндістандағы ерте ислам өнері
Ұлы моғолдар кезеңінің өнері

Киім әдебі

Абайя ·Иқал ·Боубоу
Бурқа ·Чадра · Джаләбия
Ниқаб ·Шалбар қамис ·Сонгкок
Тақия · Куфия ·Сәуб
Джильбаб ·Хиджаб ·Феска

Мейрамдар

Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт
Қадір түні ·Мәулид ·Рамазан

Әдебиет

Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық
Индонезиялық · Явалық ·Кашмирлық
Күрд ·Малай ·Парсы ·Пенджаб ·Синд
Сомалилық ·Түрік ·Қазақ ·Урду

image Ислам порталы
к · т · ө

Мұсылманға тәкәппарлыққа әкелетін киім киюге тыйым салынған. Сол сияқты, қоршаған қауымнан өзгеше киімді киюге тыйым салынған. Адамдардан өзгешелену үшін киім киюге болмайды, мейлі ол киім қымбат болсын, арзан болсын, басқа адамдардыкіне ұқсаса да, ұқсамаса да, себебі бұл тәкәппарлыққа апарады. Оған қоса мұсылманнаң киімі кәпірлердің киіміне ұқсамауы керек, денеге жабысып тұрмауы керек және мөлдір болмауы керек.

Әйел киім үлгісі

Толық мақаласы: Хиджаб
image
Әлемдегі хиджабтың жағдайы:
Қызыл: рұқсат етілмеген (мемлекеттік мекемелер/оқу орындары)
Сары: кейбір әйелдер киеді
Ақшыл жасыл: әйелдердің біразы киеді
Орташа жасыл: әйелдердің көбісі киеді
Қою жасыл: заң бойынша міндеттелген

Хиджаб — әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыратын араб елдерінің ұлттық киімі. Хиджаб араб елдеріндегі климатқа қатысты болып, діни киім ретінде де дінге сенушілерден талап етілген. Құранда хиджаб туралы сөз жоқ, тек Пайғамбардың отбасына және олардың момын әйелдеріне жамылып жүру талабы қойылған..

Хиджаб шарттары
  • Жамылғыш әйел кісінің ішкі киімдері мен дене мүшелері сыртынан көрініп тұратындай жұқа болмауы тиіс;
  • Жамылғышты әйел кісі басынан бастап жамылғаны жөн, осылай жамылу Құранда Алла Тағала бұйырған «жилбабын жамылсын!» яғни «жамылғышты әйелдер басынан бастап жамылсын!» — деген бұйрыққа сай келеді;
  • Жамылғыштың матасы сыртынан қарағанда көз тартатын, яғни адамдарды өзіне қарататындай, немесе қызықтыратындай түсте болмауы керек;
Хиджаб киюге Құран мен Сүннеттен дәлелдер
image
Хиджабтың бетті толықтай жабатын түрін (бурқа) киген Ауғанстандық әйел

«Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!»

Ахзаб сүресі, 59-шы аят

«Әй, Мұхаммед! Мүміндерге айт! Бөгде әйелдерге қараудан көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Осы олар үшін ең таза жол. Расында Аллаһ олардың не істейтіндерінен Хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаһқа тәуба етіңдер!»

Нұр сүресі, 30-31 аяттар

Айша (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:

«Әуелгі муһажир әйелдерді Аллаһ мейіріміне бөлесін! Олар «Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын!» - деген Нұр сүресінің 31-ші аяты түскенде сырт киімдерін жыртып, оны орамал етіп бастарына салып алды»

—«Сахих әл-Бұхари»

Ер адамның киім үлгісі

Ер адамдардың әуреті кіндігінен бастап тізелеріне шейін, яғни бұл жерлерді киіммен жауып, бөгде адамдарға көрсетуге болмайды. Күң әйелдердің де әуретінің шегі осы.

Тамақтану әдебі

Сүннеттен келген тамақ жеудің бірнеше әдебі бар:

  • Ас ішуді «бисми-Лләһ» деп бастау;
  • Асты оң қолмен ішу;
  • Мүмкіндігінше тамақты отырып ішу;
  • Ыстық тамақты суытып ішу;
  • Өз алдыңдағы тамақты ғана ішу;
  • Кедей-кепшіктермен немесе көршімен бөлісу;
  • Ас әкелінген ыдыс пен саусақтарды тазалап, қалдық қалдырмау;
  • Тамақ жеуде шектен шықпау;
  • Осы берілген ризық үшін Аллаһқа шүкіршілік қылу;

Ауыз қуысының гигиенасы

Толық мақаласы: Мисуак
image
Мисуак

Тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын қалдықтардан тазалау үшін және жағымсыз иіс кетіру үшін мұсылмандар Арак ағашының (Salvadora Persica) тамырын қолданады. Бұл амал Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Сүннетінен саналады. Ол айтқан:

«Сиуак – бұл ауыз қуысының таза болуы және Алла Тағаланың (сіздерге) разылығы»

Сахих әл-Бұхари 2/40; Ахмад 6/47; Ән-Нәсәи 1/10

«Егер Үмметіме қиындық қылмағанда, оларға әрбір намаз алдында сиуак қолдануға әмір етер едім»

—«Сахих әл-Бұхари» 887; «Сахих Муслим» 252

Мисуак дәрет алған кезде, ұйқыдан тұрғанда, ауыздың иісі бұзылғанда, Құран оқырда, намаз алдында қолданылады. Айша ананың айтуы бойынша, Пайғамбар ﷺ үйге кіре салысымен мисуак қолданатын болған.

Мұсылман мейрамдары

Толық мақаласы: Мұсылман мейрамдары
image
Құрбан айт мерекесі қажылық кезінде өтеді

Исламда мейрам ретінде екі айт — Ораза айты мен Құрбан айт, Арафат күні және Ташриқтың үш күні бекітілген. Пайғамбар Мединелік адамдар бір мейрамды тойлағанын көргенде былай деген:

«Шын мәнінде Аллаһ оларды екі жақсырақ күндермен ауыстырды: құрбан шалатын күнмен және ауыз ашатын күнмен»

Ол тағы да:

«Ей мұсылмандар! Арафат күні, құрбандық шалу күні мен Ташриқтың үш күні — біздің айтымыз»

Ораза айт

image
Ауызашар (ифтар)
Толық мақаласы: Ораза айт

Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт (араб.: عيد الفطر‎ — 'ид әл-фитр) деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.

Құрбан айт

Толық мақаласы: Құрбан айт

Құрбан айт (араб.: عيد الأضحى‎ — 'ид әл-адха) Зул-Хиджа айының оныншы жұлдызы. Қажылықтың аяқталуына байланысты мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбандық шалатын күн. Бұл күні ораза ұстауға болмайды.

Мәулид

Толық мақаласы: Мәулид

Мәулид (араб.: مولد‎) — араб тілінде «туған күн, туған жер» мағынасын білдіреді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ мен оның сахабалары тойламағанмен, мәулид кейбір мұсылман елдерінде Пайғамбардың өмірбаянын оқумен, оған арнап өлең жазуменен аталып өтіледі. Мәулидті һижри VII ғасырда Сирияның Ирбиль мекенінің әмірі Мұзаффар әд-Диннің бұйрығымен тарихта алғашқы рет атап өткен. Кейбір мұсылмандар бұл амалды Ислам дініне қатысы жоқ бидғат пен Иса пайғамбардың туған күнін тойлайтын христиандарға еліктеу деп санайды, себебі бұл амал Құран мен Сүннетте әмір етілмеген, соған қоса алғашқы мұсылмандар оны істемегені белгілі.

Тағамдағы халал мен харам

Исламдағы тамақатанудағы халал мен харам түсініктері тек қана сыртқы тазалықты емес, сонымен қоса адамның ішкі дүниесінің саулығының кепілі болып саналады. Бұған мына хадис мысал бола алады:

Расында, Аллаһ Тағала — Пәк, және ол пәк болған нәрседен басқаны қабыл етпейді. Расында, Аллаһ пайғамбарларға нені жүктеген болса, иман келтіргендерге де соны жүктеді. Аллаһ Тағала былай деді: „Иә, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер де, таза амалдар жасаңдар“ (23: 51). Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді: „Иә, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер“ (2: 172). Әбу Һурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай деді: «Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шашы жалбырап, үстін шаң басқан адам жайлы ескертті: „Ол адам ұзақ уақыт бойы сапарда жүріп, кейін қолын көкке көтеріп: «Иә Раббым, иә Раббым!» — дейді. Бірақ оның жегені — харам, ішкені — харам және оның кигені — харам, сонда оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?!»

—«Сахих Муслим», 1015

Хафиз Ибн Кәсир былай деген:

«Рұқсат етілген нәрселермен тамақтану дұғалар мен ғибадаттардың қабыл болуының себебі болады, ал тыйым салынған нәрселермен тамақтану дұғалар мен ғибадаттардың қабыл болмауына апарып соқтырады»

—Тәфсир Ибн Кәсир 1/280

Исламда жеуге харам болған нәрселер:

  • Өлексе (бұған тірі жануардан кесіп алған зат та жатады). Теңіз өлексесі халал саналады;
  • Доңыз-шошқа еті;
  • Қан;
  • кез келген мас қылатын ішімдіктер;
  • Сойдақ тістері бар жыртқыш жануарлар (жолбарыс, қасқыр, аю, арыстан), тек қорқау (гиена) ғана халал;
  • Тырнақты құстар (мыс.: бүркіт, қаршыға, сұңқар)
  • Үй есегі, жабайысы халал;
  • Қашыр (орыс. мул)
  • Шегірткеден басқа барлық құрт-құмырсқа мен жәндіктер;
  • Ғалымдар маймыл етін бір ауыздан харам санаған;
  • Кейбір ғалымдар пілді де харам санаған;
  • Өлтіруге бұйырылған нәрселер харам: шаян, жылан, кішкентай кесіртке (үлкен кесіртке – варан халал), кезқұйрық, тышқан, қабаған ит, және т.б.
  • Өлтіруге тыйым салынған нәрселер харам: бал ара, құмырсқа, бәбісек, сауысқан құрбақа;
  • Нәжіспен қоректенген жануар тазармайынша харам;
  • Сатуға тыйым салынған жануарлар харам: ит, мысық;
  • Денсаулыққа зиян нәрселер харам;
  • Нәжіс нәрселер харам саналады;

Бұл нәрселер анық харам болғанымен, егер адам аштықтан өлетін жағдайға жетсе өмірін сақтау үшін жеуге ғалымдар рұқсат берген, себебі мұсылман өз өмірін сақтауға тырысу керек. Харам деген аят немесе хадис келмеген жанкарлар мен құстардың еті халал саналады.

Еті халал болған жануардың етін тек бірнеше шарттан кейін жеуге болады:

  • Оны сойған адам мұсылман, христиан немесе яһуди болуы шарт, басқа діндердің сойған етті жануар әу баста халал болса да жеуге тыйым салынған;
  • Бауыздаушы адамның ақыл-есі дұрыс болуы шарт;
  • Жануар тек Аллаһ үшін бауыздалуы шарт. Егер мұсылман малды бір пұт немесе «әулие» үшін сойса — ол харам саналады;
  • Бауыздар алдында «Бисми-Лләһ» деп айту;

Исламның алкогольді ішімдікке көзқарасы

Алкогольді мас қылатын ішімдіктер кез келген мөлшерде харам боп саналады. Мұхаммед пайғамбар айтқан:

«Мас қылатынның бәрі - шарап, ал шараптың бәрі - харам!»

—«Сахих Муслим» (2002)

Бірақ егер бір нәрсенің құрамына алкоголь қосылып (мыс.: дәрілер, шоколад өнімдері) оның мөлшері мардымсыз және бұл өнімді көп мөлшерде қолданғанда мас қылмайтын болса — бұл тағамды не дәрілік препараттарды қолдануға рұқсат етілген.

Исламның темекі өнімдеріне көзқарасы

Мұхаммед пайғамбардың кезінде темекі болмағасын Құран мен Сүннетте темекіні анық харам дейтін аят-хадистер жоқ. Бірақ мұсылман ғалымдары оны бірнеше себеппен харам санайды:

  • Денсаулыққа зияндығы;
  • Ақша ысырабы;
  • Темекінің ішіндегі заттар наркотик секілді әсер еткесін одан тәуелділік пайда болады;

Ислам және қоршаған орта

Ислам шариғаты құлшылық, наным-сенім мәселелерін ғана реттемей соған қоса мұсылмандардың өз жанұясымен, көршілерімен, туысқандарымен, ата-анасымен, билік басындағы адамдармен, қызметшілермен, басқа дін өкілдерімен болатын қарым-қатынасты реттейді. Тіпті жан-жануарларға деген қарым-қатынас, сауда-саттық принциптері шариғат назарынан тыс қалмаған.

Ислам және отбасы

Толық мақаласы: Ислам және отбасы

Исламда неке қиюдағы мақсат тек қана табиғи қажеттіліктерді өтеумен шектелмей, сонымен қоса жақсы отбасы мен салауатты қауым құруды мақсат етеді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ мұсылмандарды үйленіп, отбасы құруға шақырып, бұл істің зинадан сақтап, тақуалыққа апаратынын айтқан. Ал үйленуге халі жетпейтін жастарға ораза ұстауды насихат еткен, себебі бұл тыйым салынған заттардан тыяды.

Шариғат бойынша мұсылман ерге мұсылман немесе кітап иелерінен (яһуди мен христиан) әйелдерге үйленуге рұқсат етілген. Ал мұсылман әйелдерге кез келген кәпірге үйлену, мейлі ол христиан, атеист, индуист болса да қатаң тыйым салынған, себебі Ислам бойынша күйеуі әйеліне қамқоршы саналады, әйелі оған бағынуы тиіс, ал иман келтірген әйелдерге басқа діндік адамның қамқоршы болуы мүмкін емес. Бұндай неке харам саналады

Неке қию парыз болмағанымен, егер адамның жыныстық қатынасқа деген құлшынысы себебінен харамға түсу қаупі болса, ол міндетті түрде үйленуі қажет. Шариғат бойынша ер адамға төрт әйелге шейін алуға рұқсат етілген, бірақ оларға әділдік ете алмаса бір әйелмен шектелген жөн. Үйленер алдында болашақ жұбайлар бір-бірін оңаша емес (Шайтанның азғыруынан сақтану үшін үйленбеген ер мен әйелге оңаша қалу — харам), әйел адамның қамқоршысың қарамағында көріп, тақуалығын, Исламды ұстану деңгейін білу керек. Оның үстіне болашақ жұбай туралы сенуге лайықты адамдардан сұрауға болады, және бұл өсек саналмайды.

Көпшіліктің арасында таралған нанымға қарамастан, Исламда әйел адамды, не ер адамды мәжбүрлеп неке қидыртуға болмайды. Некенің шарты болып екі жақтың келісімі саналады. Неке заңды болу үшін әйел адамның қамқоршысы (уәли — әкесі, атасы, ағасы, көкесі немесе жақын тумалары) келісім беру керек. Уәлидің келісімінсіз қиылған неке заңсыз саналады.

Баланың дүниеге келуіне байланысты шаралар (ақиқа)

Толық мақаласы: Ақиқа

Ақиқа (араб.: عقيقة‎) — араб тілінде «кесу, қию» мағынасын беретін «иқ» (араб.: عقّ‎) сөзінен шыққан және негізінде жаңа туған нәрестенің шашына қолданылады. Шариғатта: нәресте туғаннан кейін оның шашы қиылғанда мал сойып, құрбан шалу. Және бұл баланың ата-анасындағы ақысы саналады. Бірнеше хадистерге сәйкес ақиқа бекітілген сүннет саналады. Мысалы:

«Әрбір бала ақиқасымен кепілге алынған, оған жетісінде мал сойылады, есімі қойылып, шашы қиылады»

— Ахмад 5/7,8,12; Әбу Дәуд 2837; Имам әт-Тирмизи 1522; Ән-Нәсәи 7/166; Әл-Хаким, хафиз әз-Зәһәби және шейх әл-Албани сахих деген

Ақиқаны бала туған соң жеті күннен бастап балиғат жасына жеткенге шейін орындауға болады. Сүннет бойынша ер балаға екі қой, қыз балаға бір қой сойылу керек. Және осы күні балаға ат қойылу керек. Есім таңдағанда жақсы мағыналысын таңдап, жаман мағына беретіндерімен атауға болмайды. Ибн Омардан келген хадиске сәйкес ең жақсы аттар: Абдуллаһ (араб.: عبد الله‎) пен Абдуррахман (араб.: عبد الرحمان‎). Сүннет бойынша баланың ата-анасы ақиқа күні қиылған шашты өлшеп, сол мөлшердегі күміспен садақа ету керек. Пайғамбар ﷺ немересі Хасанға ақиқа жасағанда айтқан:

«Йә, Фатима, оның шашын қи да сол мөлшердегі күміспен садақа бер»

— Ахмад 6/390,392; Имам Малик «Муаттада» (309-шы бет); Имам әт-Тирмизи 1519; және басқалар

Имам әт-Тирмизи келтірген хасан хадсте Пайғамбардың ﷺ Хасан ибн Әли туғанда оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтқан.

Ислам және мұсылман еместер

Толық мақаласы: Ислам және басқа діндер

Ислами сенім бойынша Исламнан басқа діндер тура жолға жетелеп, адамның жұмаққа кіруіне себеп бола алмайды. Яһудилер мен христиандардың шариғаттары әу баста Аллаһтан тұскен тура жол болғанымен, Мұса пайғамбардан кейінгі яһудилер және Иса пайғамбардан кейінгі христиандар діндеріне көп жаңалық пен адасу кіргізіп, таза шариғаттарынан түк қалмаған деп саналады. Сондықтан Ислам туралы естіген әрбір яһуди мен христианға мұсылман болу парыз, Исламға қарсы болғандары Аллаһтан келген аянды өтірікке шығарғаны үшін мәңгі азапқа ұшырайды. Аллаһ Құранда айтады:

«Кімде-кім Исламнан басқа дін қаласа, одан қабылданбайды да ол Ақыретте қасірет шеккендерден болады»

—Әли Имран сүресі 85-ші аят

Мұсылмандар басқа діндегілермен қарым-қатынаста екі аятқа негізделеді:

«Аллаһ сендермен дін үшін соғыспаған, үйлеріңнен қумағандармен жақсы болуға, оларға әділдік қылуға тыйым салмайды. Шан мәнінде Аллаһ әділдерді жақсы көреді»

—Мумтахана сүресі, 8-ші аят

«Сендерге өздеріңнің діндерің, маған өзімнің дінім»

—Кәфирун сүресі

Ислам және христиандар

Толық мақаласы: Ислам және христиандық

Христиандар мұсылмандарға басқа діндерден гөрі жақынырақ саналады, себебі Құранда айтылған:

«Ақиқатта сен иман келтіргендердің ең қатал жауы яһудилер мен мушриктер (Аллаһқа серік қосушылар) екенін табасың. Және сен оларға махаббатымен ең жақындар „Біз — христианбыз“ дегендер екенін табасың, себебі олардың арасында дін қызметкерлері мен монахтар бар және олар тәкаппарлық етпейді»

—Мәида сүресі, 82-ші аят

Бірақ Құранда олардың ішінде Исламға жау болып келетіндері туралы айтылған:

«Яһудилер мен христиандар олардың дініне ермейінше саған разы болмайды. Айт: „Шын мәнінде Аллаһтың тура жолы — тура жол“»

—Бақара сүресі, 120-шы аят

Мұсылмандарға олармен қатынас ұстау рұқсат етілген, бірақ оларды бауырлар сияқты жақсы көру, соғыста оларға көмектесу харам. Ислам дініне қарсы христиандармен немесе басқа кәпірлермен бірігіп соғысу, оларға көмектесу діннен шығаратын күпір саналады.

Христиандар Құдайдың ұлы санайтын Иса пайғамбарды мұсылмандар яһудилерге жіберілген Аллаһтың елшісі санайды. Құранда Иса пайғамбардың кейбір кереметтері, оның аспанға көтерілуі баяндалған. Шариғат басқа пайғамбарларға құрмет етуді әмір еткен секілді Иса пайғамбарға да құрмет көрсетуді бұйырады, оны сөгуге, өтірікке шығаруға болмайды. Исламда Иса мен оның анасы Мәриям Аллаһтың керемет белгілері саналады, бірақ оларды құдай немесе жаратушы санатына көтергендер кәпір саналады.

Ислам және яһудилер

Толық мақаласы: Ислам және яһудилік

Ислам яһудилермен жақсы қатынасты ұстауға тыйым салмағанмен, олардың әртүрлі қулықтары мен сатқындықтары үшін Араб түбегіндегі яһудилермен соғысқан. Мұхаммед пайғамбардың ажалының бір себебі болған уды яһуди әйел асына араластырған. Аллаһ Құранда айтады:

«Ақиқатта сен иман келтіргендердің ең қатал жауы яһудилер мен мушриктер (Аллаһқа серік қосушылар) екенін табасың. Және сен оларға махаббатымен ең жақындар „Біз — христианбыз“ дегендер екенін табасың, себебі олардың арасында дін қызметкерлері мен монахтар бар және олар тәкаппарлық етпейді»

—Мәида сүресі, 82-ші аят

Ислам және басқа діндер

Индуизм, буддизм, конфуцийшілдік және басқа да діндер Исламға «зұлымдық жасамау, тағдырға сену, әке-шешеге құрмет көрсету» мәселелерінде ұқсағанымен, олардың өкілдері шариғат бойынша көпқұдайшы-мушриктер ретінде саналады, себебі индуизм сенімі бойынша олардың пұттары «бір құдайдың әртүрлі көріністері» саналғанмен, шариғат бойынша бұл ширк — Аллаһтан басқаға құлшылық саналады. Сонымен қатар олар Ақырет күнін, Аллаһтың алдындағы есепті жоққа шығарып, кейбіреулері реинкарнацияға сеніп, жанның мәңгі-бақи бір денеден бір денеге көшуіне сенеді. Ал буддизм діні әу баста атеисттік сипаттағы құдайды мойындамайтын дін болғанымен, уақыт өте Будданың өзі құдайға айналды. Конфуций ілімі мен синтоизм де тау-тастарды пұт қылып, ата-баба әруақтарына сиынуды дұрыс санайды.

Шариғат бойынша бұл діндегілердің сойған еті харам және бұларға ұқсап-бағуға, мейрамдарын тойлауға, бұлардың жолын дұрыс санап, оларды сүюге тыйым салынған.

Құлшылық орындары

image
Ақтөбе қаласындағы Нұр-Ғасыр мешіті
Толық мақаласы: Мешіт

Мешіт (араб.: مسجد‎ — араб тілінен «сәжде қылатын жер», «құлшылық қылатын жер» деген мағына береді. Ең бірінші салынған мешіт ғимараты болып Медине қаласына жақын жерде Мұхаммед пайғамбар ﷺ қалаған Құба (араб.: قباء‎) мешіті саналады. «Мешіт» деп тек қана арнайы салынған ғимараттарды атамайды, сондай-ақ кез келген намаз оқып, Аллаһқа құлшылық қылатын жер «мешіт» аталады.

Мұсылман елдері және демографиясы

image
Ислам дінінің таралу картасы

Әлемде 1.62 миллиард өздерін мұсылман санайтын адамдар бар. Олар әлем халқының 20% құрайды. Мұсылман елдері негізінен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия Аумағында орналасқан. Сонымен қатар негізгі халқы мұсылман болмағанмен, халықтың біршама бөлігін мұсылмандар құрайтын Еуропа мен Азиядағы бірнеше мемлекет бар. Мысалға Қытайдағы мұсылмандардың саны Сирия мұсылмандарынан көп, ал Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны Ливандағы мұсылмандардан көп. Осыны дәлелдейтін зерттеуді 2010-шы жылы Pew Research Center өткізіп, 2011ж. қаңтар айында жариялады.

Мемлекет/аймақ Мұсылмандар саны
2010 Pew Report
Мұсылман халқының пайызы (%)
2010 Pew Report
Әлем мұсылмандарының пайызы (%)
2010 Pew Report
Мұсылман дар саны
Басқа қайнарлар
Мұсылман халқының пайызы (%)
Басқа қайнарлар
Ауғанстан 29,047,000 99.8 1.8
Албания 2,601,000 82.1 0.2 38.8%-85%
Алжир 34,780,000 98.2 2.1
Әзірбайжан 8,795,000 98.4 0.5
Бахрейн 655,000 81.2 < 0.1 866,888 70.2%
Бангладеш 148,607,000 90.4 9.2
Бруней 211,000 51.9 < 0.1 67%
Комор аралдары 679,000 98.3 < 0.1
Кипр 200,000 22.7 < 0.1
Джибути 853,000 97.0 0.1
Египет 80,024,000 94.7 4.9 91%
Эритрея 1,909,000 36.5 0.1 50%
Эфиопия 28,721,000 33.8 1.8
Үндістан 177,286,000 14.6 10.9 14.6
Индонезия 204,847,000 88.1 12.7
Иран 74,819,000 99.6 4.6
Ирак 31,108,000 98.9 1.9
Израиль 1,287,000 17.7 0.1
Иордания 6,397,000 98.8 0.4
Қытай 23,308,000 1.8 1.4 50,000,000 - 100,000,000
Қазақстан 8,887,000 56.4 0.5 70.2%
Косово 2,104,000 91.7 0.1 1,584,000
Кувейт 2,636,000 86.4 0.2
Қырғызстан 4,927,000 88.8 0.3
Ливан 2,542,000 59.7 0.2
Ливия 6,325,000 96.6 0.4
Малайзия 17,139,000 61.4 1.1
Мали 12,316,000 92.4 0.8
Мавритания 3,338,000 99.2 0.2
Марокко 32,381,000 99.9 2.0 99%
Нигер 15,627,000 98.3 1.0
Нигерия 75,728,000 47.9 4.7
Оман 2,547,000 87.7 0.2
Пәкістан 178,097,000 96.4 11.0
Палестина 4,298,000 97.5 0.3 99.3% (Gaza Strip), 75% (West Bank)
Филиппиндер 4,737,000 5.1 0.3
Қатар 1,168,000 77.5 0.1
Ресей 16,379,000 11.7 1.0 15%
Сауд Арабиясы 25,493,000 97.1 1.6
Сербия 280,000 3.7 < 0.1
Сингапур 721,000 14.9 < 0.1
Сомали 9,231,000 98.6 0.6 99.9%
Шри-Ланка 1,725,000 8.5 0.1
Судан 30,855,000 71.4* 1.9 97.0%
Сирия 20,895,000 92.8 1.3
Тәжікстан 7,006,000 99.0 0.4
Тунис 10,349,000 99.8 0.6
Түркия 74,660,000 98.6 4.6
Түркіменстан 4,830,000 93.3 0.3
Украина 393,000 0.9 < 0.1 2,000,000
БАӘ 3,577,000 76.0 0.2
Өзбекстан 26,833,000 96.5 1.7
Батыс Сахара 528,000 99.6 < 0.1
Йемен 24,023,000 99.0 1.5
Оңтүстік-Шығыс Азия 1,005,507,000 24.8 62.1
Таяу Шығыс-Солтүстік Африка 321,869,000 91.2 19.9
Африка 242,544,000 29.6 15.0
Еуропа 44,138,000 6.0 2.7
Америка 5,256,000 0.6 0.3
Әлем 1,619,314,000 23.4 100.0

* Оңтүстік Судан да кіреді.

Ислам ағымдары

Толық мақаласы: Ислам ағымдары

Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:

«Шын мәнінде меннен кейін өмір сүргендерің көптеген қайшылықтар (ихтиләф) көреді, сондықтан менің және тұра жолмен жү

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ислам діні туралы ақпарат, Ислам діні дегеніміз не? Ислам діні нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *