Хижр сүресі
Сүренің арабша мәтіні | |
| Атауының мағынасы | Хижр |
|---|---|
| Жіктелуі | Меккелік |
| Жерге түсірілу реті | 54 |
| Статистика | |
| Сүре нөмірі | 15 |
| Аяттар саны | 99 |
| Джуз | 14 |
| Хизб | 27 |
| Рукуғ саны | 6 |
| Сөз саны | 654 |
| Әріп саны | 2760 |
| Муқаттаға әріптері | Әлиф, Ләм, Ра. |
| Алдыңғы сүре | |
| Келесі сүре | |
| Аударма | QuranAcademy.org |
| Аудио | Фалак.ru |
| | |
Әл-Хижр сүресі (араб. الحجر — Хижр) — 15-ш Құран сүресі. 99 аяттан тұрады. Бұл Меккелік сүре Мұхаммед пайғамбарға 12-ші сүре Жүсіп-тен кейін Мұхаммед пайғамбардың Меккеде болған соңғы жылы уахи етілген.
Салиһ елі
| ]"Әлбетте (Салих елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді. (15:80)
Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда олар, одан бет бұрған еді. (15:81)"
Лұт пайғамбар
| ]"Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт. (15:51)
Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді. (15:52)
(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен сүйінілейміз” деді. (15:53)
(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен сүйіншілейсіңдер?”, – деді. (15:54)
(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді. (15:55)
(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, – деді. (15:56)
(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, – деді. (15:57)
(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді. (15:58)
“Лұт (Ғ.С.) тың сыбайластарын түгел құтқарамыз”. (15:59)
“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”. (15:60)
Елшілер, Лұт семьясына келгенде: (15:61)
“Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (15:62)
(Елшілер): “Жоқ біз олардың күмәнданған азабын алып келдік” деді. (15:63)
“Біз саған нақты шындықты келтірдік. Әрине шын айтамыз”. (15:64)
“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”. (15:65)
(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік. (15:66)
Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті. (15:67)
(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді. (15:68)
“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…” (15:69)
(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, – деді. (15:70)
(Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді. (15:71)
(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді. (15:72)
Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды. (15:73)
Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық. (15:74)
Күдіксіз осыда қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар. (15:75)
Өйткені, ол жер, жол үстінде еді. (15:76)
Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғибрат бар. (15:77)"
Сілтемелер
| ]- Құран
- Аят
- Тирмизи
Дереккөздер
| ]| Алдыңғы сүре: Ибраһим сүресі | Құран - 15 сүре | Келесі сүре: ан-Нахл сүресі |
| Арабша мәтіні — Қазақ тілі | ||
| 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 | ||
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
- Құран сүрелері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Хижр сүресі туралы ақпарат, Хижр сүресі дегеніміз не? Хижр сүресі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!