Ислам әдебиеті
Ислам әдебиеті — Ислам дінінің шариғатына, оның заңдарына немесе сенім-нанымына арналған кітаптар немесе Исламның тікелей әсерінен, мұсылмандық ортасында дүниеге келген әдеби көркем шығармалар (мыс.: «Мың бір түн»). Ислам әдебиетінің басты кітабы ретінде Аллаһтың сөзі Құран Кәрімді, одан кейін маңыздылығы жағынан Мұхаммед пайғамбардың ﷺ хадистері жиналған кітаптар аталады. Мысалға «алты кітап» атанатын атақты имамдардың хадис жинақтары:
- Сахих әл-Бұхари
- Сахих Муслим
- Сунан Әбу Дәуд
- Жамиғ әт-Тирмизи
- Әс-Сунан әс-Суғра
- Сунан Ибн Маджаһ
![]() Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі |
---|
Архитектура |
Араб ·Әзірбайжандық |
Өнер |
Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер |
Киім әдебі |
Абайя ·Иқал ·Боубоу |
Мейрамдар |
Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт |
Әдебиет |
Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық |
|
Көркем әдебиеттің мысалы ретінде әлемге әйгілі фантастикалық әңгәмелер жиналған «Мың бір түн» жинағын айтуға болады. Шаһерезаданың атынан айтылатын бұл әңгімелер 10 ғ. шамасында жинала бастап, 14 ғ. толығымен құралып болады. Бұл жинақтың құрамындағы хикаялар уақыт өте өзгере беріп, ерте заманда орын алған оқиғалармен бірге салыстырмалы түрде жаңа әңгімелер де араласқан.

Фирдоусидың Парсы елінің ежелгі тарихын баяндайтын ұлттық эпосы да Ислам әдебиетіне жатқызылады. Оның бас кейіпкері әмір Арсалан қазіргі күнге шейін көптеген шығармалардың кейіпкері.
Ислам әдебиетіне көбінесе осы халықтардың әдеби шығармаларын жатқызады:
- Араб әдебиеті
- Иран әдебиеті:
- Парсы әдебиеті
- Курд әдебиеті
- Оңтүстік Азия әдебиеті:
- Урду әдебиеті
- Кашмир әдебиеті
- Синдхи әдебиеті
- Бенгал әдебиеті
- Пәкістан әдебиеті
- Түркі әдебиеті:
- Әзербайжан әдебиеті
- Түрік әдебиеті
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
![]() | Бұл — әдебиет туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ислам әдебиеті туралы ақпарат, Ислам әдебиеті дегеніміз не? Ислам әдебиеті нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!