Ислам мәдениеті
Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.
![]() Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі |
---|
Архитектура |
Араб ·Әзірбайжандық |
Өнер |
Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер |
Киім әдебі |
Абайя ·Иқал ·Боубоу |
Мейрамдар |
Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт |
Әдебиет |
Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық |
|
Терминологияда қолдану
«Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді.
Дереккөздер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Muslim culture |
- «Ислам мәдениеті бойынша сабақтар», доктор Раджаб Саид Шаһуан (ар.)
- «Ислам мәдениетін тану» — Alukah.net (ар.)
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ислам мәдениеті туралы ақпарат, Ислам мәдениеті дегеніміз не? Ислам мәдениеті нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!