Яқуб пайғамбар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Жақып
араб.: يَعْقُوب
image
Туған күні

б. з. д. XVIII ғ.

Туған жері

Сирия немесе Мадьян

Қайтыс болған күні

б. з. д. XVII ғ.

Қайтыс болған жері

Ежелгі Мысыр (Әл-Халил үңгірінде әкесінің қасында Палестинада жерленген)

Қызметі

Пайғамбар

Әкесі

Ысқақ

Анасы

Ребекка

Жұбайы

Рахиль, Лея

Балалары

Ұлдары:
Рабіл, Шамғун, Лави, Яһуда, Исаһар, Заблун, Дан, Нафтали, Ашир, Жад, Жүсіп, Биньямин
Және бір қызы: Динар


Жақып немесе Яқуб (ивр. יַעֲקֹב‎, Яаков; Исламда – араб.: يعقوب ‎, Якуб) — Інжіл және Қасиетті Құран кейіпкері. Кейбір тарихшылар Палестинада туды деседі. Әкесі Исхақтың тәрбиесінде өскен. Исхақ қасиетті Кұддыста Пайғамбар болып, 80 жыл ғұмырын сонда өткізген. Еңкейген шағында Аллаһтың рахымымен егіз ұл көрген. Бірінің есімі – Иесу, екіншісі – Жақып. Исхақ Жақыпқа алғыс батасын береді. Иесу бұған қызғаныш етеді, ниеті бұзылады. Мұны шешесі сезіп, Жақыпты нағашысына жібереді. Нағашысына барар жолда түсіне аспанға өрлеп бара жатқан періштелер кіреді. Аллаһ Тағала Жақыпқа:

«Мен саған береке берейін, ұрпағыңды көбейтемін, осы жерді – Баитл Мұхаддасты сол ұрпақтарына мекен етемін» – дейді.

Жақып қуанып оянады. Сол түсі бойынша Аллаһқа арнал бір ғибадатхана салуды мақсат тұтады. Кейін, ғибадатхана салатын орынды белгілейді. Сол жерде Баитл Мұхаддас бой көтереді. Жақып(ғ.с.)-да 12 ұл болады.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі


image

Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам • Ыдырыс
НұхҺұд • Салық
Ибраһим • Лұт
Ысмайыл • Ысқақ
Жақып • Жүсіп
Әйюб
Шұғайб • Мұса • Һарұн
Зул-Кифл • ДәуітСүлейменІлияс
Әл-Йаса • Жүніс
Зәкәрия • Жақия
Иса •
Мұхаммед

Исраилдың он екі тайпасы солардан өрбиді. Әр тайпа әр ұлының есімімен аталады. Ал, Жүсіптен айрылған соң Жақып (ғ.с.) жылап-сықтап, көзден айрылады. Жүсіппен табысқанда қарашығы қайта ашылады. Кейін Жүсіптің қолына келіп, 147 жасыңда қайтыс болады. Мәйіті кейінірек әкесі Исхақтың Палестинадағы зиратына әкеліп қойылады. Құранда Жақып есімі 17 жерде аталады.

Ысқақ пайғамбардың Ребеккадан жиырма жыл уақыттан кейін тұған ұлы, пайғамбар.

Дереккөздер

 | ]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Яқуб пайғамбар туралы ақпарат, Яқуб пайғамбар дегеніміз не? Яқуб пайғамбар нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *