Уәлиханов Шыңғыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов
image
Лауазымы
image
Ту
Көкшетау Аға сұлтаны
image
Ту
1863 — 1866
Ізашары Құсбек Тәукеұлы
Ізбасары Мұса Жылғарин
1860 — 1862
Ізашары Мұса Жылғарин
Ізбасары Құсбек Тәукеұлы
image
Ту
Құсмұрын Аға сұлтаны
1834 — 1853
Ізашары лауазым пайда болды
Ізбасары Есеней Естемесұлы
image
Ту
Аманқарағай Аға сұлтаны
image
Ту
1834 — 1844
Ізашары Жалбыр Абдоллаұлы
Ізбасары белгісіз
Өмірбаяны
Білімі Омбыдағы әскери училище
Дүниеге келуі 1811 (1811)
Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы
Қайтыс болуы 1895 (1895)
Сырымбет қонысы
Династия Төре
Әкесі Уәли хан
Анасы Айғаным Сарғалдаққызы
Балалары ұлы
Шоқан

Шыңғыс Уәлиұлы Уәлихан (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлиханның әкесі. Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

 | ]

Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834–1844), Құсмұрын (1844–1853), Көкшетау (1857–1868) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853–1857 жылдары Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. Уәлиханов оқу-ағарту және ғылымның рөлін жоғары бағалады, ғалымдармен, саяхатшылармен, декабристермен жақын қарым-қатынас орнатып, Орыс географиялық қоғамының ғалымдарына қазақ халқы мен даласы жөніндегі ғылыми, этногр. материалдар жинауға көмектесті. Уәлихановтың жинаған жәдігерлері мен мәліметтері Мәскеудегі көрмеге қойылып, Санкт-Петерургте өткен шығыстанушылардың 3-Конгресінде көрсетілді. 1868 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. Этнографиялық топтама үшін жинаған жеке заттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы және Гамбург мұражайларында сақтаулы. Қалтқысыз қызметі үшін Ресейдің бірнеше орден, медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

 | ]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Уәлиханов Шыңғыс туралы ақпарат, Уәлиханов Шыңғыс дегеніміз не? Уәлиханов Шыңғыс нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *