Уәлиханов қонысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уәлиханов қонысы
image
Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Мекен жайы

Айыртау ауданы, Сырымбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км

Құрылысы басталды

1824 жыл

Жөнделген уақыты

1985 жыл

Уәлиханов қонысы – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ансамбльдер және кешендер қатарындағы ескерткіш.

Орналасқан жері

 | ]

Айыртау ауданының Сырымбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде.

Кезеңі

 | ]

XIX ғасыр. Құрылысшы Ермолаев.

Тарихи деректер

 | ]

Уәлихановтардың мекені XIX ғасырдың ағаш сәулет ескерткіші болып табылады. 1824 жылы император Александр және Батыс Сібір генерал- губернаторы Петр Капцевичтің жарлығымен Кіші жүз ханы Уәлидің жесірі, қазақтың көрнекті ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымға арналып салынды.
Үй-жай кешеніне ағаш дуалмен қоршалған тұрғын үй, мешіт, медресе, шаруашылық құрылыстар, монша кіреді. Үй-жайдың жалпы ауданы шамамен 4030 ш. м.

Шоқан Уәлихановтың балалық және жастық шағы осы қоныста өтті. Омбы кадет корпусында оқып жүрген жылдары дем алуға келіп, ал 1862–64 жылдары осында тұрған. Сол жылдары қыстауда ақындар айтысы өтіп, әнші-күйшілер өнер көрсеткен, орыс шенеуніктері, саяхатшылар мен ғалымдар, олардың қатарында Г.Н. Потанин де қонақ болған. Бір кездері үй-жай өңірдің дала халқы үшін мәдениет және ағарту орталықтарының бірі болды.
1993 жылдан бастап кешен Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының құрамына енгізілді. Қазір кешенде 8400-ден астам экспонаттар бар, олардың ішінде шежіре тармақ, піл сүйегінен жасалған түпнұсқа сандық, қолжазбалар, кітаптар мен құжаттар бар.
Сырымбет мекенінде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған әдеби оқулар, дәрістер жүйелі түрде өтіп тұрады. Мекен өңірдің танымал туристік бағыттарының бірі болып табылады.Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары әбден тозып, талан-таражға түскен қоныс Уәлихановтың туғанына 150 жыл (1985 ж.) толумен байланысты қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қыстау орнында Сырымбет ауылы орналасқан.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Уәлиханов қонысы туралы ақпарат, Уәлиханов қонысы дегеніміз не? Уәлиханов қонысы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *