Орта Ақтөбе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
табылған құмыра

Орта Ақтөбе – орта ғасырлардағы бекіністі қала орны.

Географиялық орны

 | ]

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6,5 км жерде, Шу өзенінің құрғап қалған ескі арнасының оң жағалауында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

 | ]

1948 жылы Қазақстан ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә. Марғұлан) ашқан, 1986 жылы қазіргі Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясының отряды (жетекшісі М. Елеуов), 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Археология институты экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.

Сипаты

 | ]

Қалашық бұрыштары сүйір, түзу қабырғалы төбе. Қабырғалары дүниенің төрт нүктесімен бағыттас орналасқан және бес мұнарасы бар. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 75 м, батыстан шығысқа қарай 60 м, биіктігі 5 м. Қақпасы шығыс қабырғасының бойында, оңтүстік-шығыс бұрышына жақын жерде.
Археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған заттар (негізінен, қыштан жасалған ыдыстар), қаланың б.з. 8 – 12 ғасырларына жататындығын көрсетеді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Орта Ақтөбе туралы ақпарат, Орта Ақтөбе дегеніміз не? Орта Ақтөбе нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *