Гидрологиялық режім
Анықтама
| ]Гидрологиялық режім — су объектілері жағдайының белгілі бір заңдылықпен өзгеруі; бұл зандылық алаптың физикалық-географиялық қасиеттерімен, оның сандық және сапалық сипаттамалары негізінен алаптың климаттық ерекшеліктерімен айқындалады. Гидрологиялық режім су деңгейінің, су шығынының, мұздық құбылыстардың, су температурасының, су ағынымен тасымалданатын қатты материалдардың мөлшері мен құрамының, суда еріген заттардың шоғырлануының, өзен арнасының өзгеруінің көпжылдық, маусымдық, тәуліктік құбылмалылығымен ерекшеленеді. Гидрологиялық режім шаруашылық әрекеттердің ықпалымен айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Сондықтан табиғи (немесе тұрмыстық) және реттелген (немесе антропогендік әсер арқылы өзгерген) гидрологиялық режім деп бөледі.
Қосымша
| ]Гидрологиялық режім - негізінен, алап климатының ерекшеліктерінің осерінен белгілі бір уақыт ішінде су нысандары жағдайының өзгеру жиынтығы. Гидрологиялық режім судың деңгейі мен шығынының көп жылдық, маусымдық және тәуліктік тербелістері, мұз құбылыстары, су температурасы, ағыспен келетін қатқьш материалдардың мөлшері мен құрамы, еріген минералды заттардың құрамы мен шоғырлануы және тағы да басқалары түрінде байқалады. Табиғи гидрологиялық режім адамның шаруашылық қарекетінің әсерінен едәуір өзгереді.
Гидрологиялық режімнің зоналылығы
| ]жалпы географиялық зоналылықтың салдары ретінде Жердегі жеке географиялық зоналар бойынша болатын жер үсті және жер асты сулары режімінің занды (табиғи) түрде өзгеруі. Горизонтальдық және вертикальдық деп бөледі.
Дереккөздер
| ]- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Ғылым
- Су шаруашылығы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Гидрологиялық режім туралы ақпарат, Гидрологиялық режім дегеніміз не? Гидрологиялық режім нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!