Тасман теңізі

Тасман теңізі (ағылш. Tasman Sea) — Тынық мұхиттың шеткі теңізі. Австралияның шығыс жағалауы мен Тасман, Жаңа Зеландия, Норфолк және Жаңа Каледония аралдарының аралығында. Ауданы 3336 мың км², суының көл. 10960 мың км3. Орташа тереңд. 3285 м, ең терең жері 6015 м. Теңіз табанының басым бөлігін 3000 м тереңдікте орналасқан Тасман қазаншұңқыры алып жатыр.
Шығысқа қарай Лорд-Хау және Норфолк су асты жоталары аралығында жіңішке Жаңа Каледония қазаншұңқыры орналасқан. Батысы тік құрлықтық беткей арқылы Австралия жағалауына ұласады. Беткі су температурасы ақпан айында солт-нде 27 oС, оңт-нде 14 oС, тамызда солт-нде 23 oС, оңт-нде 9 oС. Тұзд. 35 – 35,5‰. Шығыс Австралия жылы ағысы сағат тіліне қарсы бағытта 1 – 2 км/сағ. жылдамдықпен қозғалады. Толысу толқыны 5,3 м-ге дейін жетеді. Балықтардан ұшқыш балық, скумбрия тұқымдас балықтар, қылыш балық, ханос, галакси, құстардан альбартос, сүтқоректілерден кашалот, австралия киті, жаңа зеландия итбалығы, теңіз қабыланы, Уэдделл итбалығы кездеседі.
Порттары: Сидней, Ньюкасл, Брисбен (Австралия) және Окленд, Нью-Плимут (Жаңа Зеландия).
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Тасман теңізі
- Теңіздер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тасман теңізі туралы ақпарат, Тасман теңізі дегеніміз не? Тасман теңізі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!