Адрия теңізі
Адрия теңізі (Adrіa — біздің заманымыздан бұрын 6 ғ-дағы грек қонысының аты) — Жерорта теңізінің солтүстік бөлігінде, Апеннин мен Балкан түбектері аралығында, Ион теіңізін жиектей орналасқан. Тереңдігі солтүстігінде 20-60 м, орта тұсында 100-170 м, оңтүстік-шығысында 1500 м-ден асады. Ауданы 132 мың шаршы км. Теңіз айдынында циклондық айналым жасайтын ағыс кездеседі. Беткі қабатының температурасы солт-нде 70С, оңт. бөлігінде 130С, тамызда 24-26 С; суының тұздылығы солтүстік бөлігінде 30-35‰, оңтүстік-шығысында 38‰-ге жетеді. Оңтүстік-батыс, солтүстік және солтүстік-батыс жағалаулары биік таулармен қоршалған. Батыс, солтүстік-батыс жағалаулары ойпатты, кей тұстарында қолтықтар кездеседі. Балкан түбегіне жақын жағалауларында Ирк, Паг, Корчула, Хвар, Брач т.б. аралдары бар. Негізгі шығанақтары: Венеция, Мафредония, Отранто, ең ірі түбектері: Истрия, Гаргано жағалауында Италия, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Югославия, Албания мемлекеттері орналасқан. Ірі порттары: Венеция, Триест, Риека, Сплит, Дуррес. Адрия теңізі арқылы жүк тасымалданады, жағалауында туризм және демалыс орындары бар.
Адрия теңізі | |
![]() | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 144 000 км² |
Орналасуы | |
42°46′33″ с. е. 15°25′34″ ш. б. / 42.77583° с. е. 15.42611° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°46′33″ с. е. 15°25′34″ ш. б. / 42.77583° с. е. 15.42611° ш. б. (G) (O) (Я) | |
![]() |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Адрия теңізі туралы ақпарат, Адрия теңізі дегеніміз не? Адрия теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!