Бофорт теңізі
Бофорт теңізі — Солтүстік мұзды мұхиттың Солтүстік Америка жағасындағы шеткі теңізі. Аляска түбегі (АҚШ) мен Канаданың Арктикалық топаралының батыс аралдары аралығында. Ауд. 481 мың км², ең терең жері 3749 м, орташа тереңдігі 1004 м. Теңіздің көп бөлігі құрлықтық қайраңда жатыр. Мұнда циклондық су айналымы байқалады. Жыл бойы мұз айдыны жауып жатады, тек тамызда оңт. жағасы 4оС-қа дейін жылынып, мұзқұрсаудың жиегі 50 — 100 км солтүстікке шегінеді. Теңізге Канада жерінен Маккензи өзені құяды. Бофорт теңізі ағылшын адмиралы Ф.Бофорттың есімімен аталған.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бофорт теңізі туралы ақпарат, Бофорт теңізі дегеніміз не? Бофорт теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!