Құмай жүгері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құмай жүгері
image
Sorghum bicolor
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Panicoideae
Тайпасы: Andropogoneae
Тегі: Sorghum
L.
түрлері

30 түрі белгілі

Қонақ жүгері немесе Сорго (лат. Sorghum) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық Өсімдіктер тегі. Текті тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда өсетін 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда егіс алқаптары мен суармалы жерлерде өсетін 5 түрі бар. Жиі кездесетіні – Алеп құмайы (sorghum halepense).

Ботаникалық сипаттамасы

 | ]

Өсімдіктердің биіктігі шамасы 1 – 1,5 метрдей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас, тамыры жақсы жетілген.

Жапырақтары ұзын, диаметрі 1 – 3 сантиметр.

Көп гүлді сыпыртқы гүлшоғырының биіктігі 60 сантиметрдей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы – үш, аналығы – біреу. Маусым – шілде айларында гүлдейді.

Жемісі – дән. Құмай – улы өсімдік, оның құрамында дуррин атты улы глюкозид, синиль қышқылы, сабағында крахмал мен қант бар. Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күзде жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң, ревматизм және жүйке ауруларын емдейді. Ертеректе құмай өсімдігімен мерезді емдеген. Көк шалғынын мал жайылымы ретінде де пайдалануға болады. Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ, қызыл бояу және балауыз алынады. Сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады.

Түрлері

 | ]
  • Sorghum bicolor – кәдімгі құмай
  • Sorghum saccharatum – қант құмайы
  • Sorghum technicum – сыпыртқылық құмай
  • Sorghum chinense – Қытай тарысы
  • Sorghum cernuum – балқұмай
  • Sorghum sudanenseСудан құмайы
  • Sorghum halepense – Алеп құмайы

Пайдаланған әдебиетттер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құмай жүгері туралы ақпарат, Құмай жүгері дегеніміз не? Құмай жүгері нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *