Дара жарнақтылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Monocotyledons
Қазбалық ауқымы: Early Cretaceous - Recent
image
Hemerocallis flower, with three flower parts in each whorl
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
(unranked) Monocots
Orders

10

Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Дара жарнақтылар туралы ақпарат, Дара жарнақтылар дегеніміз не? Дара жарнақтылар нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *