Өтеміс қажы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өтеміс қажы (толық аты-жөні: Өтеміс қажы Маулана Мұхаммед Дусти,туған-өлген жылдары белгісіз) — 16 ғасырдағы Хиуа тарихшысы, «Шыңғыснама» атты тарихи хрониканың авторы. Ол өзбектің Хорезмді билеушісі (1515-1525) Ілбарсханның (Ильбарс) қол астында қызмет атқарды, қыпшақ даласында билік құрған Шыңғысханның ұрпақтары тарихи шығармалардан кейбір хандардың есімін кездестіргенмен, олардың билік құрған кездегі жағдайларын анықтай алмады. Дегенмен үздіксіз іздену нәтижесінде ол «Шыңғыснаманы» жазып шықты. Бұл шығарманың екі нұсқасы бар. Толық нұсқасы Стамбулда, толық емес данасы Ташкентте сақтаулы. Екінші нұсқасындағы хрониканың, жылнаманың Тоқтамыс жайын баяндайтын тарауы бізге жетпеген. Ол Хорезмнен Еділ бойына, онан әрі Каспий теңізі жағалауынан оңтүстікке қарай саяхат жасаған.

Дереккөздер

 | ]

Қазақ энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Өтеміс қажы туралы ақпарат, Өтеміс қажы дегеніміз не? Өтеміс қажы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *